Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет42/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

3.3.2. Негізгі сипаттамалар 
Қатқыл дисктегі жинақтауыштар құрылғысын таңдаған кезде назарға 
алу тиіс негізгі сипаттамалары болып сыйымдылық, тез əрекеттілігі мен 
тоқтаусыз жұмыс істеу уақыты табылады. 
Винчестер сыйымдылығы тасымалдағышқа жазып алуға болатын 
деректердің 
ең 
үлкен 
көлемімен 
анықталады. 
Винчестердің 
сыйымдылығының нақты өлшемі бірнеше ондаған терабайттарға жетеді. 
Қатқыл дисктерде жинақтауыштар құру жəне өндірісі саласындағы 
прогресс жыл сайын жазу тығыздығы (сəйкесінше сыйымдылық) шамамен 
60 % артып отыратынына əкеледі. 
Орта іздеу уақыты (average seek time) — дисктің кездейсоқ берілген 
жолына қалпақшаларды орнату үшін қажет орталандырылған уақыту. Орта 
іздеу уақыты жинақтауыш сыйымдылығы артқан сайын азая беру 
тенденциясына ие, себебі жазба тығыздығы артады жəне беттер саны 
ұлғаяды. 2015 ж. ортасында винчестерлердің орта іздеу уақыты 3 ... 12 мс 
құрайтын. 
Деректерді тасымалдау жылдамдығы (Maximum Data Transfer Rate — 
MDTR) винчестердің сектордағы байттар саны, жолдағы секторлар саны, 
дисктердің айналу жылдамдығы сияқты сипаттамаларына тəуелді болады 
жəне мына формула бойынша есептеледі 
MDTR = SRT • 512RPM/60 (байт/с), 
мұнда SRT — жолдағы секторлар саны; RPM — дисктердің айналу 
жылдамдығы, айн/мин; 512 — сектордағы байттар саны. 
Тоқтаусыз жұмыс уақыты жинақтауыштар үшін құрылғының 
сенімділігін сипаттайтын бас тартулар арасында есептік орта 
статистикалық уақытпен (Mean Time Between Failures — MTBF) 
анықталып, құжаттамада көрсетіледі жəне 1,4 млн а. жетеді. 
Дискеттер сияқты қатқыл диск те 3.5 суретте көрсетілгендей жолдар 
мен секторларға бөлінеді. Әрбір жол қалпақша номерімен жəне дисктегі 
сыртқы жағына қатысты саналатын реттік номермен анықталады. 
82 


3.5 
-сурет. Қатқыл дисктің жолдар мен секторларға бөлінуі
Жинақтауышта бір-бірінің үстінде орналасатын бірнеше дисктер болады; 
олардың бөлінуі бірдей. Сондықтан қатқыл дисктер пакетін цилиндрлер 
түрінде қарастыру қабылданған, ол цилиндрлердің əр қайсысы əрбір диск 
бетінде ұқсас жолдардан тұрады. Секторлар жолдың басталуына қатысты 
өзінің реттік номерлерімен сəйкестендіріледі. Жолдағы секторлардың 
номерленуі бірден, ал қалпақшалар мен цилиндрлердікі — нольден 
басталады. 
Секторлар саны жинақтауыш типіне байланысты 17 ... 150 болуы 
мүмкін. Әрбір секторда деректер мен қызметтік ақпарат болады. Әрбір 
сектордың басында тақырыпша жазылады (Prefix Portion), ол бойынша 
сектор басы мен оның номері анықталады, ал сектор соңында (Suffix 
Portion — сектордың қорытындысы) деректердің тұтастығын тексеруге 
арналған бақылау сомасы болады. Сектордың атауы мен қорытындысы 
арасында көлемі 512 байт деректер аймағы орналасады (DOS үшін). 
Сонымен жолдарға ақпарат жазу 512 байттар бойынша блоктармен жүзеге 
асырылады. 
Винчестердің дисктер, қалпақшалар жəне жолдар санын өзгерту 
мүмкін емес, өйткені олар дисктің белгіленген қасиеттері мен сапасына 
тиісті дайындаушымен анықталады. Дисктегі секторлар саны жазба əдісіне 
тəуелді, ал тығыздығы – тасымалдағышқа тəуелді: диск материалының 
сапасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оған жазылатын деректер 
тығызырақ болады. Винчестерлерде бір жолда 150 дейін секторлар 
болады. 
HDD жадысының жалпы көлемі мына формула бойынша есептеледі 
V = CHS 
∙ 
512 (байт), 
мұнда С — цилиндрлер саны; Н — қалпақшалар саны; S — секторлар 
саны. 
83 


Винчестерді форматтау дискетаны форматтауға ұқсайды. 
Сонымен қатар форматтау процесінде винчестердегі барлық 
деректер жоғалатынын ескеру қажет, сондықтан винчестерді қайта 
форматтау кезінде керек деректерді басқа тасымалдағышта сақтап 
қойған жөн. 
Қатқыл магнит дисктердің сипаттамаларын бұдан əрі жетілдіру 
ін өндірушілер жаңа технологияны пайдаланудан, сонымен қатар 
нано технологияны пайдаланудан көреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет