Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет49/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

3.5. 
ОПТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ 
ТАСЫМАЛДАҒЫШТАРДЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
 
 
 
3.5.1. Голографикалық дисктер 
 
Голографикалық көп мақсатты (Holographic Versatile Disc) 
дискілер — Blu-Ray жəне HD DVD салыстырғанда дискте 
сақталатын деректердің көлемін арттыруы мүмкін болатын 
оптикалық дисктерді өндірудің перспективті технологиясы. 
Голографикалық 
тасымалдағыштарда 
ақпаратты 
сақтау 
технологиясын «көлемдік консервілеу» əдісі ретінде Питер ван 
Хеерден 1963 ж ұсынды. 
Голографикалық дискке ақпаратты жазу кезінде (сур. 3.12, а) 
лазер сəулесі екі сəулеге бөлінеді: біреуі деректерді жазады, екіншісі 
— тірек. Голограмма осы екі сəуле тасымалдағышта қиылысқан 
кезде қалыптасады. Деректерді сигналдық сəулеге түрлендіру 
процесі арнайы SLM (Spatial Light Modulator) модуляторымен 
жүргізіледі, ол сандық ағынның бірлік жəне нольдерін өзіндік 
«шахмат тақтасына» ақ жəне қара нүктелер жиынтығына 
түрлендіреді. Деректер миллион биттен тұратын екі өлшемді 
массивті, матрицаны құрайды. Модулятордың сигналдық сəулесімен 
өткен соң қалыптасқан тірек сəулесі мен интерференциялық 
құрылымның əсер ету нүктесінде тасымалдағышқа жазу жүргізіледі. 
Тірек шоғында «шахмат тақтасының» ақ нүктесімен өзара 
əрекеттесу жүрген кезде ол із қалдыратын хмиялық реакцияға 
ұласады. Сəйкесінше қара дақ болған жерде із қалмайды. Тірек 
сəулесінің көлбеу бұрышын, оның толқынының ұзындығын немесе 
тасымалдағыш күйін өзгерте отырып тасымалдағыштың сол 
ауданына біруақытта көптеген голограммаларды жазып алуға 
болады. 
Ақпаратты оқыған кезде (сур. 3.12, б) тек тірек сəулесі 
қолданылады. Ол қара жəне ақ дақтардың жиынтығын құра отырып, 
артынша арнайы сезімтал элементке проекцияланатын голограммаға 
жарық түсіріп тұрады. Бұл элемент параллель миллиондаған 
биттерді шифрын шешеді, оның есебінен деректерді оқудың жоғары 
жылдамдығына қол жеткізуге болады. 
99 


3.12 
-сурет
. Голографикалық дисктер:
а 
— голографикалық дискке жазу схемасы; 
б 
— голографикалық дисктен 
ақпаратты оқу схемасы 
100 


Голографикалық дисктің тасымалдағышының диаметрі 130 мм, 
стандартты компакт-дисктен немесе DVD-ден сəл үлкендеу. 
Жарық осы материалға түскен кезде фотондар түзетін, деректерді 
жазатын химиялық реакция жүреді. Осы процесс қайтарымсыз, 
сондықтан процесс кезінде де сақтау кезінде де жазбаның 
тұтастығына кепіл болатын қосымша қорғаныш құралдарын жасау 
қажет болды. 
Деректерді рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғау үшін 
физикалық, логикалық бірнеше əдістер қолданылады. 
Әрбір дисктің деректер картасын сақтауға арналған, FAT – 
қатқыл диск жүйесіне ұқсас кіріктірілген чипі болады. Осы 
кітапханада деректердің партиялары, форматы мен қалыптары 
туралы деректер сақталады. Дискті құрылғыға орнатқан кезде ең 
алдымен осы чиптен ақпаратты оқу жүргізіледі. Егер осы деректер 
жоғалған болса, ақпаратты оқу қиынға түседі, мүмкін болмайды. 
Осы деректер картасы криптеу əдісімен шифрленуі мүмкін, 
сондықтан оларға қол жеткізуге тек ақпарат иесі ғана құқылы. 
Тиімді қорғаныш құралы — лазер толқынының ұзындығын 
өзгерту. Лазер толқынының ұзындығын шамалы өзгерту лазер 
толқынынң басқа ұзындығына бағдарланған басқа жетектермен 
деректерді оқудан қорғауға мүмкіндік береді. Лазер толқыны 
ұзындығы 403 ...407 нм аралықта болуы мүмкін. 
Ең тиімді қорғаныш құралы — фазалық маска. Әдістің мəні 
мынада, жетек деректерді алып жүретін лазер сəулесі жолында 
белгілі бір масканы сала алуында. Осы маска жазба кезінде де, 
деректерді оқыған кезде де қажет болады. Фазалық масканы 
пайдаланып болған соң стандарт жетектерде деректерді оқу мүмкін 
болмайды, өйткені əрбір маска бірегей: ол кездейсоқ сандар 
генераторын пайдаланумен қалыптасады. Осы функция арнайы 
тапсырыс бойынша кейбір жетектерде орнатылады. Сонымен 
голографикалық дисктерде деректерді сақтау рұқсатсыз қол 
жеткізуден қорғауға кепіл береді. 
InPhase американдық компаниясы Tapestry HDS- 300R — 300- 
гигабайттық голографикалық дисктер негізіндегі винчестерді 
анонстады. Қалындығы 1,5 мм голографикалық дисктердің оқу 
жылдамдығы 20 Мбайт/с. Голографикалық дисктің сыйымдылығы 
2010 ж. 500 Гбайт болуы керек еді. InPhase Technologies 
компаниясы жазба тығыздығының жаңа деңгейіне – шаршы 
дюймге 515 Гбит қол жеткізілгендігі туралы мəлімдеді. 
Стандартты 120-мм дискке қатысты ол көлемі 500 Гбайт екенін 
білдіреді. 
101 


Сонымен голографикалық дискке 106 бірқабатты DVD-ге 
эквивалентті болатын ақпарат жазыла алатыны белгілі болды. 
Бірақ голографикалық тасымалдағыш сериялық өндіріске 
түсірілмеді. 
3.5.2. Үшөлшемді флуоресцентті технология 
 
Ақпаратты жазу технологиясындағы C3D фирмасымен үшөлшемді 
флуоресцентті диск тасымалдағышын жасап шығару нағыз ілгерілеу 
болып табылады. C3D фирмасының үшөлшемді дискі флуоресцентті 
материалдарды сəулелендіру қасиеттеріне негізделген ақпаратты жазудың 
принципиалды басқа түрін қолданады жəне көп мөлшердегі қабаттар 
санының болуын мүмкін етеді. 
FM-диск абсолютті түрде түссіз болады жəне шағылыстырушы 
қабаты болмайды. Флуоресцентті дисктердің жұмысы негізінде 
фотохроматизм құбылысы жатыр, ол лазер əсерінен кейбір химиялық 
заттардың флуоресцентті жарқырауының пайда болуы көрінетін, 
физикалық 
қасиеттерінің 
өзгеруімен 
тұжырымдалады. 
FM-диск 
көпқабатты құрылым, оның əрбір қабаты түссіз жəне флуоресцентті 
материалмен толтырылған спираль жырашықтары болады. FM-диск 
қимасы 3.13 суретте көрсетілген. 
3.13 суретінен көрініп тұрғандай диск бір-біріне біріктірілген бірнеше 
пластик (поликарбонатты) қабаттардан тұрады. Әрбір қабатта беттік 
құрылымдар – флуоресцентті материалмен толтырылатын питтер болады. 
Оқу кезінде лазер белгілі қабатқа фокустеледі жəне оған түсетін жарық 
спектрін белгілі өлшемдегі (30 ... 50 нм аясында) қызыл түс жаққа 
ығыстыра отырып оның жарық шығаратын флуоресцентті элементтерін 
қоздырады, ол лазер сəулеленуі мен диск материалымен түсетін жарықты 
оңай ажыратуға мүмкіндік береді. 
3.13 
-сурет
. Қимадағы FM-диск 
102 


Нəтижесінде сигнал сипатталарының нашарлауын болдырмауға 
болады жəне оның қабаттар саны артқан кезде сапасы шамалы 
төмендейді. Теориялық түрде жүздеген қабаттар саны кезінде 
сигналдың қатты бұрмалануы болмайды. Оқу кезінде лазер белгілі 
бір қабатқа фокустеледі жəне оның флуоресценттік элементтерін 
қоздырады, 
содан 
соң 
ол 
жарқырау 
фотодетекторымен 
қабылданады. Көк лазерді қолданған кезде (толқын ұзындығы 480 
нм) ақпарат жазбасының тығыздығының бір FM-дисктегі 
ақпаратың бірнеше гигабайттарға артуы байқалады. FMD 
форматының маңызды ерекшелігі ол оның көпқабатты дисктен 
бірнеше қабаттарынан бірдей параллель оқу мүмкіндігінде 
тұжырымдалады. Сонымен қатар биттердің тізбектелуін жолдың 
бойлай емес, тереңдігінде жазу кезінде қабаттар бойынша біршама 
деректерді таңдау жылдамдығы артады. Осы FM дисктердің 
үшөлшемділігін анықтайды. 
FM дисктердің шебер-көшірмелерін дайындау процесі CD/DVD 
үшін ұқсас болып табылады. Алайда FMD технологиясында питтің 
нақты формасын алу өте маңызды, себебі артынша оның 
флуоресцентті материалмен толтырылуы жүргізіледі. 
Жазатын FM дисктердің белсенді жасалуы жүруде. C3D 
фирмасының мамандары өз дисктерінің жазудың екі нұсқасын 
ұсынады: термиялық жəне химиялық. 
Термиялық принцип бастапқыда флуоресцентті қасиетке ие 
болатын материалды қолдануға негізделген. Жазба процесінде 
лазердің термиялық əсер етуіне түсетін учаскелер осы қасиетін 
жоғалтады. 
Химиялық принцип флуоресцентті қасиетке ие болмайтын 
материалды қолдануға негізделген. Жазатын лазердің əсері 
фотохимиялық реакцияға əкеліп соқтырады, нəтижесінде белгілі 
учаскелер флуоресцентті қасиетке ие болады. Мұндай реакцияны 
қоздыру үшін аз қуатты лазер немесе қарапайым жарықдиод 
жеткілікті. Жарықдиодты матрицаны қолдану тұтас массивті 
ақпаратты біруақытта жазуға мүмкіндік береді, ол процесті 
жылдамдатады. 
Constellation 3D компаниясының диск өнімдерінің алғашқы 
буыны болып 120-миллиметрлік көп қабатты FM-дисктер 
туыстығы табылады, сыйымдылығы 140 Гбайт дейін жəне оқу 
жылдамдығы секундына 1 Гбит дейін. Жаңа дисктер мысалы 
HDTV форматтағы 20 сағатқа дейін сығымдалған фильмдерді 
сыйғыза алады. 
103 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет