Поляризациялық сүзгіші бар мониторлар арнайы сыртқы
электронды-басқарғыш поляризациялы сүзгішпен жабдықталған
монитордың көмегімен үшөлшемді кескіннің қалыптасуын
қамтамасыз
етеді.
Бұл
сүзгі
пассивті
поляризациялы
көзілдіріктермен бірге қолданылады. Сүзгімен арнайы бақылаушы
сигналдары басқарады, олар 3D-көзілдіріктердің бақылаушысы
секілді видеоадаптердың шығуына жалғанады. Алайда белсенді
көзілдіріктерден айырмашылығы, сүзгіде анықтылық емес, ол
арқылы өтетін жарық толқынының поляризациясының бағыты
өзгереді.
Бақылаушы сүзгімен тақ кадрлар бір бағытта, ал жұп кадрлар –
басқа бағытта поляризацияланған болатындай басқарылады. Өз
ретінде, пассивті көзілдіріктердің бір əйнегі поляризацияның бір
бағытымен жарық өткізеді, ал басқасы – басқамен. Нəтижесінде бір
көз стерео жұптың бір бөлігін ғана көреді, ал екіншісі – екінші
бөлігін.
Осылайша, сүзгіде белсенді 3D-көзілдіріктеріндегідей стерео
жұптың элементтерінің бөлінуінің бекітпелі əдісі жүзеге асырылған.
Белсенді 3D-көзілдіріктермен салыстырғанда берілген құрылғының
артықшылығы жеңіл жəне ыңғайлы пассивті көзілдіріктерді
қолдану мүмкіндігі болып табылады.
Құрамында
LCD-панельдері
бар
3D-мониторларды
стереовизуалдау əдісі бойынша бірнеше түрге бөлуге болады:
стераоскопиялық, голографикалық жəне волюметрлік (көлемді
тасымалдаушыларда). Соңғы екі түрі көп таралмаған жəне негізінен
зертханалық немесе көрсету үлгілерін береді.
Стереоскопиялық мониторлар өз
кезегінде, автостереоскопиялық (стереожұптың сол жəне оң кескіндерінің
бөлінуі үшін қосымша көзілдіріктерді пайдалануды қажет етпейді)
161