Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет74/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Бірэкрандық құрылғылар үшөлшемді кескіннің бөліктерін бір 
экранға көрсетуін қамтамасыз етеді. Алайда бұл кезде стереожұпты 
құрайтын кескіннің бөлінуі үшін (селекция) арнайы жабдықтау 
қолданылады. Селекцияның бірнеше əдістері бар, оның ішінде: 
156 


■ 
Біруақыттық (полярлы селекция әдісі). Бір экранға стереожұпты 
түзетін екі кескін бір уақытта проекцияланады, сонымен бірге əр 
кескіннің жарық толқынының түрлі поляризациясы болады. 
Поляризациялық 
көзілдірікте 
бақылаушы 
стереоскоптық 
бейнені көре алады. Мұндай əдіс стереокинода, сонымен қатар 
мультимедиялық 3D-проекторларда қолданылады. Соңғы 
жағдайда біруақытта екі проекциялық аппарат қолданылады
олардың кескіндері мұқият экранға сыйыстырылуы керек;
■ 
бірізді (бекітпелі әдіс). Стереожұптың элементтері монитордың 
экранында ретімен бейнеленеді, бұл кезде əр көз бен экран 
арасында «пердеше» немесе «бекітпе» (Shutter) түрінде арнайы 
құрылғы орналасады, ол бір көздің көру шегін жауып
стереожұптың элементінің синхронды түрде ауысуымен 
қарауытқан болады. Мұндай «пердешелер» түрінде жиі арнайы 
электронды-басқарылатын 
көзілдіріктер 
қолданылады (Shutterglasses — бекітпелі түрлі көзілдіректер). 
Сонымен қатар белсенді поляризациялық көзілдіріктер деп 
аталатын мұндай көзілдіріктер үшін басқару сигналы ретінде ДК 
видеоадаптерының шығу сигналы қолданылады;
■ 
аралас. Бекітпелі əдістен айырмашылығы өте қымбат белсенді 
көзілдіріктің орнына қарапайым (пассивті) поляризациялық 
көзілдіріктерді қолдануға рұқсат ететіндігінде болады.
4.3.1. Виртуалды ақиқат шлемдері (VR-шлемдері) 
 
Виртуалды ақиқат шлемдері (VR-шлемдері), сонымен қатар 
кибершлемдер 
деп 
аталады, 
үш 
өлшемді 
кескіндерді 
қалыптастырудың ең жетілдірілген құрылғылары болып табылады. 
Әр көзге арналған екі жеке экранның болуынан басқа VR-шлемдері 
өзінің құрылымының арқасында адамның периферийлік көру шегін 
кесіп тастауын қамтамасыз етеді, ол виртуалды компьютер əлеміне 
ену əсерін күшейтеді. 
VR-шлемдерде белсенді СК-матрицалар негізінде орындалған 
шағын экрандар қолданылады. СК-матрицаның əрқайсысы түрлі 
түсті кескін түзеді, ол шлемнің ерекше құрылымы арқасында тек 
қана бір көз көреді. Экрандардан басқа VR-шлем стереофониялық 
бас телефонмен жəне микрофонмен жабдықталған. Өзінде осы 
матрицалар мен реттеу органдарын біріктіретін шлем түйіні визор 
деп аталады. 
157 


Визор матрицалар арасындағы қашықтықты көлденеңінен реттеуге 
мүмкіндік береді, ол IPD (InterPupil Distance) деп аталатын 
пайдаланушының қарашықтары арасындағы қашықтыққа сəйкес 
келуі керек. Шлемдердің кейбір үлгілерінің визорлары IPD 
автоматты 
анықтаудың 
арнайы 
оптикалық 
жүйесімен 
жабдықталған, ол шлемнің жеке күйге келтіруіндегі қажеттілікті 
шығарады. 
VR-шлемдердің маңызды ерекшелігі виртуалды бағдарлау 
жүйесінің болуы (ВБЖ) (Virtual Orientation System — VOS), ол 
бастың 
қозғалысын 
қадағалайды 
да, 
соған 
байланысты 
экрандардағы кескіндерді дəлдейді. Бас бір жаққа бұрылған кезде 
панарамалық кескін СК-матрицалары арқылы қарама-қарсы бағытта 
«бұралады». Нəтижесінде пайдаланушыда бақыланатын суреттің 
тұрақтылық елесі, кескіннің шынайылық сезімі пайда болады. 
Пайдаланылатын өрістің түрі мен əрекет ету принципіна 
байланысты магнитті, ультрадыбысты жəне инерциялық ВБЖ 
ажыратады. 
Магнитті ВБЖ шағын магнитті датчиктерді қолданады 
(индуктивтілік орауышы). Магнитті ВБЖ-ға радиомаяк рөлін 
атқаратын сыртқы қозғалмайтын таратқыштар блогы кіреді; 
таратқыштарға келіп түсетін электр сигналдарын қалыптастыратын 
жүйелі электронды блок, жəне таратқышпен қабылданған 
сигналдарды өңдейді. Қабылданған сигналдардың фазасы мен 
қарқындылығы 
жіберетін 
жəне 
қабылдайтын 
орауыштар 
арасындағы қашықтыққа, жəне олардың өзара бағдарына 
байланысты болады. Жіберілетін жəне қабылданатын сигналдарды 
өңдеп, жүйелі электронды блок қабылдағыштың таратқышқа 
қатысты 
кеңістіктік 
координаталарын 
есептеп 
шығарады. 
Есептеудің нəтижелері ДК жіберіледі. 
Ультрадыбысты 
ВБЖ 
магниттілердің 
орнына 
шағын 
пьезокерамикалық түрлендіргіштер қолданылады, олар қабылдағыш 
пен таратқыштардың қызметін атқарады. Әдетте шлемде 
орналасқан үш таратқыш пен қабылдағыш қолданылады. Жүйелі 
блок таратқыштарға электр сигналын жібереді жəне ультрадыбысты 
сигналды тіркейді. 
Жіберілген жəне қабылданған сигнал арасындағы уақытша 
кідіруді өлшеп, сонымен қатар дыбыс толқынының таралу 
жылдамдығын біліп (шамамен 330 м/с), қабылдағыш пен таратқыш 
арасындағы қашықтықты нақты анықтауға болады. Датчиктердің 
үш жұбы арасындағы қашықтықтардың өлшеу нəтижелерін өңдеу 
жолымен шлемнің (пайдаланушы басы) кеңістіктегі жағдайы мен 
бағдарлауын есептейді. 
158 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет