Видеоадаптердың графикалық чибі мен жады жұмсының
жиілігі бірдей немесе əртүрлі болуы мүмкін. 2016 жылғы кеңінен
таралған видеокарталардың жады жиілігі 6 000 МГц асатын болды.
Ресейдің компьютерлік нарығында
видеокарталардың келесі
өндірушілері ең танымал Asus, Gigabyte,
Inno Vision, MSI, Palit,
Power Color, Sapphire, Zotoc жəне кейбір басқалары.
Мамандандырылған видеоадаптерлар басқа құрылғылармен
интегралды жасалуда дайындалады. Оның ішінде,
видеокарта мен
MPEG-декодер бір тақшада орналасады. Мұндай MPEG-плеерлер
видеофильмдерді жаңғыртуға мүмкіндік береді.
TV-тюнер — бұл компьютер мониторында көрсетумен түрлі
хабар беру пішімінде теледидарлық сигналды қабылдауға арналған
теледидарлық
қабылдағыш.
Көптеген
TV-тюнерлер
FM-
радиостансаларын қабылдайды жəне видеоны қармау үшін
қолданылу мүмкін.
4.25
-суретте теледидарлық сигналды қабылдау мен өңдеуді
орындайтын TV-тюнердің жалпыланған
құрылымдық схемасы
көрсетілген. Радиоарна модулі антеннамен қабылданатын жоғары
жиілікті радиосигналды іздеуді, оның күшеюін,
жиілік бойынша
түрледіру жəне детектрлеу (демодуляцияны) жүзеге асырады.
Радиоарна шығуында құрамында жарықтық сигналы, түрлі-түстілік
сигналы мен синхрондау сигналы бар теледидарлық сигнал
қалыптасады,
сонымен
қатар
дыбыспен
сүйемелдеудің
модульденген
сигналының
жиілігі
түзіледі.
Селектор
видеосигналдан кадрлік жəне жолдық синхрондау импульстерін
шығарады, декодер жарықтық сигналы мен түстері əр түрлі екі
сигналды шығарады. Декодер шығуында компоненттік видеосигнал
қалыптасады, алайда оның пішімі RGB-пішімді видеоадаптерларда
қабылданғаннан өзгеше болады.
Ұсыну пішімін, сонымен қатар жайма түрін (жоларалықтан
жолма-жолға) түрлендіру үшін арнайы конвертер қолданылады.
Оның құрамындағы арнайы сүзгіштер жылпылдау əсерін
жоюға
жəне радиоарнаның модулінің өзінің шуы мен сыртқы бөгеттердің
əсерін төмендетуге мүмкіндік береді. Қалыптасқан жəне сүзілген
сигналдар
R, G, B қосындалу құрылғысына жіберіледі,
мұнда
видеоадаптердің шығу сигналымен біріктіріледі жəне содан кейін
мониторға келіп түседі.
Бірігу тəсілі теледидарлық кескіннің монитор экранында ұсыну
пішімін анықтайды: толықэкранды немесе терезеде.
Кіріктірілген TV-тюнерлері
өзінің құрылымы арқасында
барынша функционалды болады. Бөлек үлгілері толық экранды
режимде жұмыс жасай алады, ал көбінің
видеосигналды жаңғырту
үшін терезелерінің бірнеше стандартты өлшемі болады.
174
4.25
.Сур. Телевизиондық сигналды қабылдап, өңдейтін TV-тюнердің жалпылама құрылымдық сұлбасы.
Достарыңызбен бөлісу: