Модулятордың
жарықтандыру
тәсіліне
байланысты
мультимедиялық
проекторларды
жарықтандырылған
жəне
шағылдырғыштық деп бөледі.
Жарықтандырылған типті проекторларға жататын TFT-проекторларда
модулятор ретінде шағын түрлі-түсті белсенді СК-матрица
146
4.13
-сурет. Жарықтандырылған типті мультимедиялық TFT-проектордың əрекет ету
принципі проекциялаушы шам, конденсор
қолданылады, ол технологиясы TFT бойынша жасалған.
Жарықтандырылған типті мультимедиялық TFT-проектордың
əрекет ету принципін 4.13-сурет көрсетеді.
Қондырудың негізгі элементі жазықпанельді түрлі-түсті
монитордың СК-экраны секілді TFT технологиясы бойынша
жасалған шағын СК-матрица болып табылады. СК-матрицаның
бетінің біркелкі жарықтануы конденсор деп аталатын линзалар
жүйесін қолдану арқылы қол жеткізіледі.
Полисиликонды
мультимедиялық
проекторлар
да
жарықтандырылған типті проекторларға жатады жəне өте жарық
кескінді қамтамасыз етеді. Оларда бір түрлі-түсті TFT-матрица
емес, өлшемі шамамен 1,3" үш монохромды шағын СК-матрицалар
қолданылады. Матрицалардың əрқайсысы қызыл, жасыл немесе көк
түсті монохромды кескінді қалыптастырады. Проектордың
оптикалық жүйесі 4.14-суретте көрсетілгендей, үш монохромды
кескіннің қиысуын қамтамасыз етеді, нəтижесінде түрлі-түсті кескін
қалыптасады. Мұндай технология полисиликонды атауын алды (p-
Si). Полисиликонды матрицаның əр элементінде тек қана бір
жұқапленкалы транзистор болады, сондықтан оның өлшемі TFT-
матрицасының элементінің өлшемінен аз, ол кескіннің айқындығын
арттыруға мүмкіндік береді.
Екі дихроилы (D
1
, D
2
) жəне бір кəдімгі (N
1
) айнадан тұратын
полисиликонды проектордың түсбөліну жүйесі проекциялаушы
шамның ақ жарығын үш құрауыш негізгі түстерге ажырату үшін
қолданылады (қызыл, жасыл, көк). Үш монохромды матрицаның
əрқайсысына сəйкес түсті жарық ағынын беру үшін түсбөлінуді
орындау қажет. Дихроялық (түсбөліну) айна тек қана толқынның
бір ұзындықты жарығын (бір түс) өткізеді жəне диэлектрлі
материалдан жұқа пленка түрінде түсірілген жақсы тегістелген
шыны төсенішті береді.
147
4.14
-сурет. Жарықтандырылған типті полисиликонды мульмедиялық проектордың
əрекет ету принципі
Полисиликонды проектордың түс ығысу жүйесі екі дихройлы (D
3
, D
4
)
жəне бір шағылдырғыш (N
2
) айнадан тұрады жəне сəйкес СК-
матрицалармен жасалатын басқа үш монохромды кескінге біреуін
қабаттастыру жолымен түрлі түсті кескін алу үшін қызмет етеді.
Полисиликонды
проекторлар
TFT-матрицалар
негізіндегі
проекторлармен салыстырғанда кескіннің жоғары сапасын, түстердің
жарықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді. Олар жұмыста өте сенімді
жəне көп бұзылмайды, себебі үш СК-матрица біреуіне қарағанда аз
шиеленіскен жылу режимінде жұмыс жасайды. Осының арқасында
полисиликонды проекторларды конференц-залдар, кинотеатрлар секілді
ғимараттарда үлкен экранға кескінді проекциялау кезінде қолдануға
болады.
Шағылдырғыштық типті СК-проекторлар үлкен аудиторияларда
жұмыс жасау үшін арналған жəне əрекет ету принципі бойынша
ерекшеленеді: модуляцияға өтетін емес, шағылған жарық ағыны душар
болады.
Шағылдырғыштық
типті
СК-проекторларда
жиі
қолданылатындар Texas Instruments фирмасымен жасап
шығарылған DMD/DLP технологиясы болып табылады.
Шағылдырғыштық типті DMD/DLP-проекторларында жарық көзінің
сəулеленуі MEMS технологиясы (micro electromechanical system — микро-
электрмеханикалық жүйелер) бойынша орындалған жəне электрлі
басқарылатын микроайналардан тұратын матрицадан бейнелеу кезінде
кескінмен модуляцияланады. DMD/DLP-проекторларында шағылдырушы
бет ретінде көптеген электронды-басқарылатын микроайналардан тұратын
матрица қолданылады.
148
FullHD DMD- матрица құрамында 1 920 х 1 080 = 2 073 600 микроайна
болады. Әр микроайна оған түсетін жарықты не объективке, не
сорғышқа көрсетуге мүмкіндігі бар, бұл оған берілген электр сигнал
деңгейімен анықталады. Жарық объективке түскен кезде экранныі
жарық пикселі түзіледі, ал сорғышта – қарақоңыр. Мұндай матрицалар
DMD қысқармасымен (Digital Micromirror Device — цифрлық
микроайналы аспап) белгіленеді, ал олардың əрекет ету принципі
негізделген технология, — DLP (Digital Light Processing — жарықтың
цифрлық өңдеуі). DMD-матрицаларының қызмет ету мерзімі
айтарлықтай көп —30 жылдан кем емес.
Түрлі-түсті кескін алу үшін екі нұсқалы проекторлар қолданылады:
үш немесе бір DMD-матрицасымен. Схемасы 4.15-суретте көрсетілген
үшматрицалы проектор түрлі-түсту кескін қалыптасу тəсілі бойынша
полисиликондыға ұқсайды (4.14-суретті қараңыз).
Бірматрицалы DMD/DLP-проекторларында толық түрлі-түсті кадр
үш тез өзгеретін монохромды кадрларды тізбекті қабаттастыру
нəтижесінде түзіледі: қара-қызыл, қара-жасыл жəне қара-көк.
Экрандағы
монохромды
кадрлардың
ауысуы
адам
көзінің
инерциялығы арқасында білінбейді. Монохромды кадрлар
4.15
-сурет. Үшматрицалы шағылдырғыштық мультимедиялық проектордың
схемасы
149
DMD- матрицаны қызыл, жасыл жəне көк түстердің сəулесімен ретті
жарықтандыруы кезінде түзіледі. Әр түстің сəулесі проекциялаушы
шамнан қызыл, жасыл жəне көк жарық сүзгілері бар айналатын диск
арқылы жарық ағынын өткізу есебімен түзіледі, ол бірматрицалы
проектордың схемасында көрсетілген (4.16-сурет). Микроайналармен
басқару жарық сүзгісінің бұрылуымен синхрондалған.
СК-технологияларымен салыстырғанда DLP технологиясының келесі
артықшылықтары бар: кескіннің түйіршіктілігінің толығымен жоқтығы,
жоғары жарықтық жəне оның таралу біркелкілігі. Бірматрицалы DMD-
проекторлардың кемшіліктеріне кадрлардың елеулі жылтылдауы жатады.
D-ILA-технологиясын жүзеге асыратын проекторларда (Direct Drive-
Image Light Amplifier), негізгі элемент D-ILA-матрицасы болып табылады,
ол монокристалды кремнийден жасалған төсемінде орнатылған
көпқабатты құрылымды береді (4.17, а-сурет). Басқару схемасының
барлық
құрауыштары
CMOS
технологиясы
бойынша
орындалған (Complementary Metal Oxide Semiconductor) жəне сұйық
кристалдардың жарық модуляциялаушы қабат сыртында орналасады.
Бұл өлшемдері бары бірнеше микрон құрайтын пиксельдердің
орналасу тығыздығын барынша көбейтуге мүмкіндік береді, жəне кристал
аумағын пайдаланудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Технология
артықшылығы
жарық
модуляциялаушы
қабат
жəне
біртұтас
технологиялық үдеріс кезінде басқару схемасын қалыптастыру мүмкіндігі
болып табылады.
4.16
-сурет. Бірматрицалы шағылдырғыштық мультимедиялық проектордың схемасы
150
4.17
-сурет. D-ILA-проекторлары:
а
—D-ILA-матрицасының құрылымы;
б
— проектордың оптикалық схемасы бөлетін
призмалар, кіру арнасы, жарық ағыны, проекциялаушы линза
Матрицаның шағылдырушы қасиеттері ауыспалы электр кернеуінің
əсерімен өзгеретін сұйық кристалдар қабатының жағдайымен анықталады,
ол шағылдырушы пиксельді электродтар мен барлық пиксельдерге ортақ
мөлдір электрод арасында қалыптасады.
D-ILA-матрицалар
температураның барынша көтерілуіне төзеді, бұл оны жарықтың қуатты
көздері негізінде жасалған проекторларда қолдануға мүмкіндік береді.
151
D-ILA проекторлары үшматрицалық схема бойынша құрылады (əр
матрица
RGB-кеңістігінің
негізгі
түсінің
бірінің
кескінін
қалыптастырады) жəне пиксельді құрылым іс жүзінде байқалмайтын
кескінді көрсетеді. D-ILA-проекторының оптикалық схемасы 4.17, б-
суретте көрсетілген . Бұл проекторлар бірдей жетістікпен компьютерлік
жəне бейнесигналдарды шығару үшін қолданылу мүмкін, алайда
технологияның жаңалығының себебінен бүгінгі күні шығарылатын
құрылғылар қатары салыстырмалы көп емес.
Достарыңызбен бөлісу: |