Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



Pdf көрінісі
бет9/179
Дата03.11.2023
өлшемі7.08 Mb.
#482272
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   179
aparattandyrudy-tekhnikaly-raldary

Компьютердің дыбыстық жəне акустикалық жүйелері аудио 
ақпаратты өңдеуді жəне жаңғыртуды қамтамасыз етеді. 
Ақпаратты енгізу құралдары деректерді енгізу жəне басқару 
құрылғыларының жиынтығы. Бұл функцияларды пернетақта, тінтуір, 
джойстик орындайды. ДК-ге ақпаратты енгізу үшін сəулелі қалам, 
сканер, 
сандық 
камера, 
дигитайзер, 
электрондық 
планшет 
қолданылады. 
13 


1.1 
-сурет. Ақпараттандырудың техникалық құралдарын жіктеу 


Баспа құрылғылары (принтерлер) ақпаратты, қатты, мəтіндік 
формадағы жəне көлемді түрде қағаз тасымалдағыштарға шығару үшін 
қызмет етеді. Әрекет ету принципі бойынша принтерлер біршама алуан 
түрлі: екпінді, бүріккіш, лазерлік, жарықдиодты, термиялық жəне басқа 
да көп өлшемді баспа технологияларын іске асыратын қатарлары. 
Сызбалар түрінде графиктік ақпаратты шығару үшін плоттерлер 
қолданылады. Плоттерлердің жазатын блоктарының қызмет істеуі 
принтерлердің қызметіне негізделген, ал конструкциясы бойынша олар 
планшеттік жəне орама деп жіктеледі. 
Телекоммуникация құралдары 
ақпаратты 
қашықтықтан 
тасымалдауға арналған. Оларға пейджерлер, радиотелефондар, 
дыбыстық жəне мəтіндік ақпаратты беруді қамтамасыз ететін 
спутниктік байланысқа арналған дербес терминалдар жатады. Бейне 
мен мəтінді қашықтықтан беру процесін жүзеге асыратын факсимильді 
аппараттар термографикалық, электрографикалық, бүріккіш, лазерлік, 
фотографиялық, электрохимиялық жəне электромеханикалық деп 
жіктеледі. Модемдер негізінен телефон желісі арқылы компьютерлер 
арасында ақпарат алмасу үшін қолданылады жəне автономиялы əрекет 
ететін сыртқы, сонымен қатар ішкі кірістірілетін аппаратуралармен 
орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   179




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет