15
осы циклдегi аңыздардан алынған. Бiрақ екi дастанда да үлкен
аңыздың
барлығы емес, екi кiшiгiрiм оқиғасы ғана хикаяланады.
Сондықтан, «Илиадада» Троя соғысының оныншы жылында
болған елеулi бiр оқиға бейнеленген. Шығарма Трояның ер жүрек
батыры Гектордың өлiмiн және оның жерлену дәстүрін баяндаумен
аяқталады. Алдын болған және кейiн болуы тиiс оқиғалар жайлы
ақын жол-жөнекей айтып өтедi. Осындай жағдайды «Одиссея»
дастанында да көремiз. Бұл шығармада Троя шайқасының
қаһарманы Одиссеяның соғыстан оралуы, теңiзде,
шет елдерде
оның басынан кешкен оқиғалары, отаны Итака аралына келiп,
дұшпандарынан кек алу жайы хикаяланады.
Троя соғысы туралы аңыздар тарихта болған жағдайларды
баяндағанымен, бұл оқиғалар шынайы өмірден алынған көрiнiстер
емес, керісінше мифологиялық көркемдiкпен көмкерiлген шығарма
екендiгi анық. Өйткенi, Троя соғысында және осы соғысқа қатысты
оқиғалардың барлығында адамдармен
бiрге Олимп тауының
құдайлары, перiлер, диюлер мен басқа да табиғи тылсым күштер
қатысып отырады.
Троя соғысы туралы аңыздар мен хикаялар ғасырлар бойы
ұрпақтан ұрпаққа өту барысында көп өзгерiстерге ұшырады, түрлi
нұсқаларда таралды, соңында Гомер дастандарында жеке әдеби
формаға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: