Оқулық жоғары оқу орындарының медицина факультеттерінің студенттері мен магистрлеріне арналған


Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары



бет29/105
Дата02.01.2022
өлшемі1.97 Mb.
#452601
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105
латын тілі(@kaz medical students)

Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары

Салыстырмалы шырай жәй шырай негiзiне m және f тектерiнде – ior жұрнағы, ал n – тегiнде ius жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы:

Жәй шырай Салыстырмалы шырай

Longus, a, um longior (m,f) longius (n)

Ruber, bra, brum rubrior, rubrius

Brevis, e brevior, brevius

Simplex, icis simplicior, simplicius
Салыстырмалы шырайдың сөздiк формасы

Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдердiң сөздiк формасы екi жалғаулы сын есiмдер сияқты жазылады. Себебi m, f тектерiнiң жалғаулары ior , ал n- тегi - ius болып аяқталады.

Мысалы: longior (m, f), ius (n) - ұзынырақ

Rubrior, ius - қызылрақ

Brevior, ius - қысқарақ

“Үлкен”, “кiшi”, “төмен”, “алдыңғы”, “артқы”, “жоғары” сын есiмдерiнiң салыстырмалы шырайда ќолданылып, ќазаќшаѓа жєй шырай болып аударылады.

Бұл сөздер медицина терминологиясында өте жиi қолданылады. Сондықтан сөздердi құру және пайдалануда ерекшелiктерi бар.

“Үлкен” және “кiшi” сөздерiнiң әр шырайда негiзi әр түрлi болады: жәй шырайы: magnus, a, um - үлкен, parvus, a, um - кiшкентай; салыстырмалы шырайда: major, jus -үлкен, minor, us - кiшi

2 major, jus ; minor, us салыстырмалы шырай, медицина терминологиясында жұпты анатомиялық құрылымдарды атаған кезде пайдаланады.

Мысалы: a/a major - үлкен қанат ; a/a minor – кiшi қанат.

Ал тақ анатомиялық құрылымдарды айтқан кезде, жәй шырайда қолданылады: foramen magnum - үлкен тесiк.

3)“Жоғары”, “төменгi”, “артқы” және “алдынғы” сын есiмдерiнiң латын тiлiнде жәй шырайдағы формасы жоқ. Сондықтан олар салыстырмалы шырайда берiледi, ал қазақ тiлiне жәй шырай ретiнде аударылады.

4) “Үлкен”, “кiшi”, “жоғарғы”, “төменгi”, “артқы”, “алдынғы” сын есiмдерi, көп сөзден тұратын терминдерде, тек қана зат есiмдi емес барлық сөз тiркесiн анықтайды. Сондықтан сөйлемде ең соңына жазылады. Мысалы: tuberculum thyroideum superius – жоғарғы қалқан тәрiздi төмпешiк.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет