io-(-tio,-sio,-xio) суффиксiмен берiлген зат есiмдер
Етiстiк түбiрiне қосылатын –io суффиксiнiң көмегiмен қимыл, iс әрекеттi көрсететiн зат есiмдер құрылады. Мысалы: supinatio – алақанды жоғарыға қарату, flexio – бүгу, extensio – жазу. Көптеген хирургиялық операциялар мен тексеру әлiстерiнiң аттары –io -ға аяқталады. Мысалы: sectio – секция: 1.ашу; 2.кесiп ашу, кесу; amputatio – ампутация – мүшенiң немесе аяқ-қолдың перифериялық бөлiгiн операция жолымен кесiп алу; transplantatio – трансплантация – дененiң басқа бөлiгiнен немесе басқа организмнен алынған ұлпа немесе мүшенi алмастырып салу; palpatio – пальпация, сипап сезу – мүшелердi тексеру, пульстi анықтау; auscultatio – аускультация, тындау; petrubatio – петрубация – жатыр түтiкшелерiн үрiп ашу; percussio – перкуссия; versio – версия - ұрықтың жатырда айналуы.
Жаттығулар
Достарыңызбен бөлісу: |