Сөз құраудың кейбiр ерекшелiктерi
Медицина терминологиясында 2 немесе одан да көп негiздердi бiр сөзге бiрiктiру үшiн, байланыстырушы дауысты дыбыс немесе интерфикс қолданылады. Ең көп қолданылатын дауысты дыбыс – o, ал i – сирек қолданылады.
Грек тiлiндегi сөздерде – о, ал латын тiлiнде i - қолданылады. Мысалы: aur i – scalpium (auris - құлақ + scalpo - тазалау, кесу) - құлақ тазалағыш; viv-i ficatio (vivis – тірі, facio - жасау) – тiрiлту. Бiрақ жасанды түрде жасалған сөздерде бұл заңдылықтар сақталмайды. Латын сөздерiнде – о байланыстырушы дауысты дыбысы, ал грек тiлiнде –i - дауысты қолданыла бередi.
Құралған сөздердiң бiрiншi бөлiгi сөздiкте немесе анықтамада байланыстырушы дауысты дыбыспен берiледi: thoraco - spondylo. Ал байланыстырушы дауысты дыбыс, егер 1-шi бөлiк дауысты дыбыспен аяқталса немесе 2-шi бөлiктегi дауысты дыбыспен басталса қолданылмайды. Мысалы: brady (грек. bradys – жәй); bradicardia: rhin (грек. rhis,rhinos – мұрын), rhin – encephalon.
Достарыңызбен бөлісу: |