Клиникалық терминология
Клиникалық терминология дегенiмiз - ауру ағзаларына қатысты барлық мәселелердi қамтитын бөлiм.
Бұл бөлiмдi кейде "патология" деп атайды (грек pathos-ауру+lagos-iлiм). Онда аурудың клиникасы оқытылады. Яғни аурудың белгiлерi, пайда болуы, физиологиялық қызметтерiнiң бұзылуы, ағзалар мен ұлпалардың құрылымының өзгеруi және емдеу тәсiлдерi қаралады.
Клиникалық терминдердiң құрылымдық түрлерi әртүрлi.
Жєй сөздер
а) латын және грек жай түбiрлi сөздерi. Мысалы: stupor – ступор
(қатып қалу); tremor – тремор (дiрiлдеу)
б) жұрнақ-жалғау арқылы жасалған жай сөздер
Мысалы: insultus (лат. Insulto – шабуылдау) – инсульт.
Бұл берiлген жєй түбiрлi сөзде, жәй құралған сөздер және осы сияқты басқа да сөздер қазiргi терминологияда бөлiнбейдi және аударылмайды. Бұндай сөздер халықаралық терминдер болып есептеледi.
Клиникалық терминологияда маңызды орынды - сөз тiркестерi алады.
Олардың құрылу тәртiбi естерiңiзде болар (оларды бiз өткенбiз). Мысалы: pnemonia adenoviralis - аденовирусты пневмония, p. apicalis – ұштық пневмония.
Достарыңызбен бөлісу: |