Ерiктi және ерiксiз термино элементтер
Көптеген күрделi терминдер грек-латын тiлдерiнде өз алдына сөз бола алады. Тек мына сөздер ғана қазiргi терминологияда өз алдына сөз болу қабiлетiнен айырылған: iatria емдеу, paideia - тәрбиелеу, оқыту; kardia - жүрек; penia - кедейлiк; philia - сүю, ынтығу; lalia - сөйлеу. Бұл сөздер қазiргi терминдердi басқа морфемалармен бiрiгiп қана қолданылады. Мысалы: психиатрия, ортопедия, тромбопения, спазмофилия.
Медицина терминдерiнiң көп бөлiгi жұрнақтар арқылы берiлген негiздерден құралады. Бұл кезде көп қолданылатын грек жұрнағы –ia; Мысалы: haemorrhagia бұл сөз екi негiзден құралған; haemo қан + hagia- қанау, ia- жұрнағымен берiлген көптеген ТЭ-тер - өз алдында сөз бола алмайды. Олар әр уақытта басқа сөздермен бiрiгiп қана қолданылады. Тек кейбiр сөздер ғана бұл ережеге бағынбайды. Мысалы: phobia және ectomia.
Достарыңызбен бөлісу: |