Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет17/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Инкубациялық кезең. Ауру жұққаннан соң алғашында даму үрдісі 
сырт кӛзге байқалмайды. Алғашқы ауру симптомалары (белгілері) әдетте 
бірнеше күннен соң ғана пайда болады. Кейде бұл үрдіс бірнеше апта 
немесе ай бойына созылуы мүмкін. 
Аурудың жұққан кезінен кӛзбен кӛрінетін белгілерінің пайда 
болуына дейінгі кезеңі инкубациялық деп аталады. Инкубациялық кезеңнің 


19 
ұзақтығы ең алдымен патоген түріне, сол сияқты орта температурасының 
ең тӛменгі шегіне байланысты. Мысалы, картоптың фитофтора ауруы 
қоздырғышының инкубациялық кезеңінің қолайлы жағдайдағы ұзақтығы 
4-5 күн. Сонымен қатар инкубациялық кезеңнің ұзақтығына ӛсімдіктің 
ауруға сезімталдық дәрежесінің де маңызы зор. 
Инкубациялық кезеңнің ұзақтығын білу аурудың таралуын қысқа 
мерзімді болжау және оны есептеп шығару үшін ӛте маңызды. Бұл 
қорғаныш шараларын уақытымен ӛткізіп, аурудың таралуының алдын 
алуға мүмкіндік береді. 
Аурудың айқындалуы. Ауру белгілері патоген, ие-ӛсімдік және 
сыртқы орта жағдайларының ӛзара әрекеттесу нәтижесінде белгілі бір 
ауруға тән патологиялық ӛзгерістердің туындайтынын кӛрсетеді. Ауру 
белгілері сырт кӛзге әр қилы болуы мүмкін және ол ең алдымен ауру 
қоздырғыш түріне байланысты. Мысалы, нағыз ұнтақ ауруына шалдыққан 
ӛсімдік жапырақтарының бетінде ақ ұнтақ тәрізді ӛңез түзіледі, сол сияқты 
тат 
ауруларын 
да 
бӛртпелерден 
бірден 
ажыратуға 
болады. 
Саңырауқұлақтар қоздыратын жұқпалы аурулардың инкубациялық 
кезеңінің соңында саңырауқұлақтың спора шашуы жиі байқалады. 
Түзілген бұл споралардың кӛмегімен аурудың жаңадан жұғуы, яғни 
патогеннің жаңа ұрпағына бастау болады. 
Ӛсімдіктердің адамдар мен жануарларға қарағанда аурудан жазылып 
кетуі ӛте сирек кездеседі. Алайда кейбір аурулардан кейін ӛсімдік емдеуге 
келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет