Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет93/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

1.6 Дәнді дақылдардың вирус аурулары 
 
Дәнді 
дақылдардың 
қуыршақтануы 
(47-сурет)
Кесел 
республиканың солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында таралған. 
Аурудың белгісі алғаш ӛсімдік жапырақтарында, олардың 
қынаптарында ашық-жасыл түсті сызықтар мен дақтар түрінде білінеді. 
Ауруға шалдыққан ӛсімдік (әcipece сұлы) шамадан тыс түптенеді, әр 
ӛсімдік 40-60 сабақ түзіп, биіктеп ӛспей ергежейленіп қалады. Олардың 
жапырақтары әуелі қызғылттанып, кейін қоңырланып, қатаяды. Дертке 
шалынған ӛсімдіктер кӛбіне шашақтарын түзбейді, түзілген жағдайда да 
олар жапырақ қынабынан толығымен шықпайды 
Масақша қауызы кейде ӛзгеріп, пішінi жапырақ тәрізденіп
масақшадағы гүл саны артып, жасыл түсті ұзын түйіндер масақша 
қауызынан шығып тұрады. Кесел жеңіл түрде ӛтсе, ӛсімдіктердің ӛcyi 
саябырлап, жапырақтарының түci теңбілденіп, масақтың кейбір бӛлігінде 
дән түзілмейді. 
Ауру қоздырғышы – Avena virus I Such, et Vovk вирусы. Бұл ауруды 
вирус және микоплазма инфекциялары қоздырады. Инфекцияны қоңыр 
цикадалар 
тасымалдайды. 
Цикада 
денесіндегі 
қоздырғыштың 
инкубациялық кезеңінің ұзақтығы – 6-16 күн. Инфекция қоры – цикада 
денесінде және арам шӛп тамырында сақталған вирустар. Кесел тұқыммен 
және ӛсімдік шырыны арқылы таралмайды. Бұл қоздырғышпен сұлы, арпа, 
тары, жүгері, күріш, бидай, арпабас және т.б. дақылдар залалданады.
Ӛсімдіктері сирек егістікте ауру тез таралып қарқынды дамиды. 
Сондықтан егінді мерзімінде сеуіп, сиректенуден сақтау, қоздырғышты 
тасымалдаушы цикадаларды және арам шӛптерді жою қуыршақтану 
ауруының әсерін тӛмендетуге мүмкіндік береді. 


128 
 
47-сурет. Сҧлының қуыршақтануы (вирус ауруы) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет