Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет89/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Собық пен дәндерінің зеңденуі. Жүгеріні жинау және қоймада 
сақтау кезеңдеріндегі жоғары ылғалдылық аурудың дамуына қолайлы 
жағдай туғызады. Зең ауруын әртүрлі саңырауқұлақтар қоздыруы мүмкін. 
Ауру қоздырғышы – Penicillium sp. саңырауқұлақтары. Ұшы 
шашақталған конидиятасушыларда шар немесе эллипс тәрізді тегіс, түссіз 
немесе боялған конидиялар тізбектеліп дән бетінде тығыз, түci ақ, жасыл, 
сары, қызғылт үлпек түзеді. 
Ауру 
қоздырғышы 
– 
Aspergillis 
sp
саңырауқұлақтары. 
Конидийтасушылары шоқпар, цилиндр, алмұрт тәрізді, ұшындағы туынды 
тармақтар шар құрып орналасқан. Конидиялары шар, эллипс тәрізді, 
қоңырқай түсті немесе түссіз, тізбектеліп орналасады. 
Ауру қоздырғышы – Cladosporium herbarum Link, саңырауқұлағы. 
Собықта түрлі-түсті ӛңез түзіледі. Дән бетіндегі үлпек жасылдау немесе 
зәйтүн-қара түсті болады. Конидиятасушылары қарапайым, сәл 
тармақталған қоңыр немесе зәйтүн түсті. Конидиялары бip клеткалы, 


122 
сопақтау немесе цилиндр тәрізді, қоңырқай немесе зәйтүн түсті, 1-4 
перделі. 
Жоғарыда аталған саңырауқұлақтар жүгеріні қоймада залалдап, 
тұқымның сақталуы мен ӛнггіштігін тӛмендетеді. Сондықтан қысқа 
мерзімде орауыш жапырақтарынан тазартып, дұрыс сақгауды 
ұйымдастыру қажет. Паразиттер негізінен дәндерде кездесіп, олардың 
токсиндері ұрық пен ӛскіндерді уландырып, тұқымның кӛктеу қуатын 
кемітеді. 
43-сурет. Нигроспороз ауруына шалдыққан жүгері собығы мен орам 
жапырақтары 
Нигроспороз (43-сурет). Нигроспороз ауруы Алматы облысының 
жүгері егістіктерінде кездеседі. 
Бұл ауру дәннің балауызданып пice бастаған кезінде білініп, жүгері 
собығын, бүршіктерін, кейде жапырақ қынабы мен сабақтарын залалдайды 
(41-сурет). Дертке шалынған жүгері собығының ӛзегі етегінен бастап, 
талшықтанып, ыдырап, қарайып, дәндері күңгірттенеді. Кесел меңдегенде 
собық ӛзегі ыдырап, талшықтанады да, дәндері сұрланып, жетілмей 
ұяшығында бос орналасады. Ӛзекке тіркелген жерінде дәндер 
саңырауқұлақ спораларынан тұратын қара-кӛк түсті тозаңды ұнтақпен 
кӛмкеріледі. Залалданған сабақтардың түсі кӛгілдірленіп немесе сұрланып, 
талшықтанып, эпидермисі жарылып, астынан спора жиынтығынан 
құралған күйелі ӛңез кӛрінеді.


123 
Ауру қоздырғышы – Ascomycetes класының Trichosphaeriales 
қатарына жататын Nigrospora oryzae Petch. саңырауқұлағы. Сұрғылт түсті 
жіңішке саңырауқұлақ жіпшумақтары дән қатарымен таралады. Бұрыс 
тармақталған, қарапайым конидиятасушылардың жоғарғы бӛлігінің сәл 
iciнген ұшында дара-дара түзілген конидиялардың түci алғашында түссіз 
болып, кейін қараяды. Конидия пішіні шар немесе эллипс тәрізді, қабығы 
қалың, диаметрі 12-15 мкм. Тыныштық кезеңінен ӛткен конидиялар ӛне 
бастайды. Бұл саңырауқұлақ негізінен ӛте әлсіреген немесе жансызданған 
ӛсімдіктерді залалдайды. 
Бірқалыпты температура (20-25°С), жеткілікті ылғалдылық, 
тӛменгі деңгейдегі агротехника, ӛсімдіктің механикалық зақымдалуы, 
егінді кеш сеуiп, кеш жинау және т.б. технология талаптарының бұзылуы 
кеселдің дамуына қолайлы жағдай туғызады. 
Сақтау кезінде қоймада бұл ауру әрі дамымайды. Инфекция қоры – 
ауру собықтар мен оның орауыштар, ӛзегі, жапырақ қынабы және т.б.
Ауруға шалдыққан жүгері собығының дәндері зеңденіп, одан ӛскен 
ӛсімдіктердің ӛнімі тӛмендеп, кейде ӛнімі 20%-ға дейін кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет