Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет91/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Қара бактериозКесел Алматы облысының шӛлді дала және таулы 
аймақтарында кездеседі. 
Ауру белгісі масақша қауызы мен қылтанағының жоғарғы бӛлігінде 
қарайып білінеді. Ауру қатты дамығанда масақ түci ӛзгеріп қараяды, 
сондықтан оны "қара қауыздылық" деп атайды (46-сурет). 
Ауру ӛсімдіктердің ӛcyi саябырлап, дәндері семіп, қыртыстанады. 
Кейде жапырақ бетінде бактерия экссудатының (шырыш) қатқан, сары 


125 
түсті қабыршағы байқалады. Залалданған сабақ буынының тӛменгі 
бӛлігінде қоңыр немесе қара жолақтар пайда болып, сабақтың масаққа 
дейінгі аралығы қоңырланады. 
46-сурет. 
Қара бактериоз ауруына 
шалдыққан
бидай дәндері 
Қара бактериоз кеселі дәнді 
дақылдардың 
жапырақтарын, 
сабақтарын 
және 
масақтарын 
залалдайды. 
Алғашында 
ауруға 
шалдыққан жапырақтарының бетінде 
пішіні сопақша келген сулы, мӛлдір 
ашық-жасыл түсті кішкене дақтар пайда 
болады. Кейін бұл дақтар ұлғайып түсі 
сарғыштанып 
барып 
қараяды. 
Дақтардың бетінде жабысқақ шырын (экссудат) түзіледі. Экссудат кепкен 
кезде дақтардың бетінде сарғыш ӛңез түзіледі. Ауру меңдегенде ӛсімдік 
жапырағы ӛліп қалады.
Дертке шалдыққан сабақтарының бетінде қара немесе қоңыр түсті 
жолақтар пайда болады, ал дән бетінде (әсіресе ұрық бӛлігінде) майда 
қоңыр немесе қара дақтар пайда болады. 
Ауру қоздырғышы – Xanthomonas translucens Dow. бактериясы. 
Қоздырғыштың дамуына қолайлы жағдай – 20-30°С температура мен 30-
60% ауа ылғалдылығы. Бактериялар егістікте жаңбыр тамшысы, 
насекомдар және жел арқылы таралады. Қоздырғыш дән ішіне жарақат 
аркылы еніп, 3 жылға дейін тipшілікке қабілетін сақтайды. Ауру қоры – 
ӛсімдік қалдықтары. 
Залалданған арпа, бидай ӛнімінің сапасы мен шығымы 
тӛмендейді. Аталған дақылдарда ауру қарқынды дамығанда, ӛнім 50-60%-
ға кемиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет