Оқулық құрал Бірінші тарау Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын материалдар туралы түсінік


Жалтыратуға арналған түрпілік материалдар



бет19/25
Дата31.01.2024
өлшемі0.77 Mb.
#490422
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Материаловедение каз

4.25.Жалтыратуға арналған түрпілік материалдар.
Жалтырату процессі әрлеу сияқты түрпілік заттардық түйіршіктерімен өңделетін заттың беткі қабатын алу арқылы жүзеге асырылады. Жалтыратудың негізгі мақсаты бүйымның беткі қабатына айнадай тегістік беру. Бұл үшін түрпілік заттардың түйіршіктері өте үсақ болуы • қажет. Жалтырату бүйымның бетіндсгі кедір бүдырларды тегістемейді, сондықтан жалтыратудан бүрын жақсылап әрлеу керек.
Жалтыратудың алдында бүйымның беткі қабатын жуып түрпілік заттардың қалдықтарынан тазартады. Жалтыратуға арналған түрпілік материалдардын, әрлеуге арналған материал-дардан өзгешілігі олардың өңделетін бүйымдарға қарағанда жұмсақ болуында. Жалтырату кезінде матсриалдың өте жүқа қабаты алынады. Жалтырату дөңгелектердін, немесе жалтыратқыш сықпалар жағылған дөңгелек щеткалардың көмегімен жүзеге асырылады.
Tic протездерін жалтырату үшін жалтыратқыш қасиеттері бар хром тотығы, темір тотығы, үсак, дисперсті бор және гипс қолданылады.
Хром тотығы Сг^Оз- К,ұрылысы кристалды жасыл түсті үнтақ. Кристалдар көп қабырғалы, мықтылығы және қаттылығы өте жоғары. Жалтыратқыш сықпалардық қүрамына кіріп, қатты
құймаларды (тот баспайтын болат, хромкобальт қүймалары) жалтыратуға қолданылады.
Темір пготығы ҒетРг- Қою қызыл түсті ұнтақ. Темір тотығының мықтылығы хром тотығына қарағанда төмендеу. "Крокус" атты темір тотығы алтынның, күмістің және палладийдін, негізіндегі қү.ймаларды жалтырату үшін қолданылады. Темір тотығын тот баспайтын құймаларға жалтыратқыш ретінде қолдануға болмайды, өйткені қүймада коррозияға деген бейімділік пайда болады.
Бор СаССҢ металдарды және пластиндарды жалтырату үшін қолданады. Ол өте жұмсақ және тістерді тазалауға арналған ұнтақ ретінде шығарылады. Жоғарыда көрсетілген түрпілік материалдардын, негізінде дөңгелектерге жағатын жалтыратқаш сықпалар жасалынады. Жалтыратқыш сықпалар , үсақ жалтыратқыш түрпілерден, беттік активті жэне байланыстырғыш материалдар композицияларынан түрады. Беттік активті және суландырып суытатын заттар ретінде стеарин, парафин, балауыз, шошқа майы, вазелин және т.б. қолданылады. Негізгі компонентінің атына байланысты хромдық, әктік, крокустік сықпалар деп аталынады. Қазіргі кезде Мемлекеттік оптикалық институтта (МОИ) ойлап шығарылған сықпа кеңінен қолданылады (таблица 11). Дөңгелектер мен конустар теріден, киізден, маталардан, ал деңгелек щеткалар - қылдардан немесе жіптерден жасалынады. Кейбір крокус сықпасының құрамы: крокус 35-40г, стеарин -15 г, парафин-6 г, олеин - 20г.
Жалтыратқыш дөңгелектерге сықпа жұқпаған жағдайда 2%-тік қарағай шайыры мен 8%-тік стеарин қосу қажет. Тот баспайтын болатты, никельді және алюминийді жалтырату үшін қүрамында 13% петролатум, 73% хром тотығы және 14% стеарин бар сықпаны қолданған дүрыс.
1980 жылдан бастап Харьковтің медициналық иластмассалар заводында тіс протездерін жалтыратуға "Дентаполь" атты материал шыгарыла бастады. Оның негізін беттік активті затпенен өңделген диатомит құрайды. Ортопедиялық стоматологи яда бүл материал алмалы-салмалы және көпір тектес протездерді түзегеннен кейін жалтырату үшін қолданылады.
Өңдеу уақытының ұзақтығы (минутпен)
7-10 4-7 1-3
Пломбалық материалдардын, қасиеттерін сақтап пломбалаудын, тиімділігін арттыру үшін Санкт-Петербургтің медициналық полимерлер заводында "Полипласт" атты, жоғарғы дисперсті фарфордан және май негізінде, жалтыратқыш материал шығарылады. Бұл материалдарды да протездерді түзеуден кейін жалтырату үшін қолданылады.
Таблица И
МОИ сықпанық құрамы


Сықпаның қурамдық беліктері




Сыцпа %







қатты

орташа

жұмсак.

Хром тотыгы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет