Оқулық құралы Павлодар (075. 8) Ббк 34. 33 я73 м 27 С. Торайғыров атындағы пму ғылыми кеңесі ұсынған



бет9/9
Дата11.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#128019
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

6.3.1 Отын құрамының есебі.

Жұмыстық массасы: Cжұ + Hжұ +Oжұ +Sжұ+ Nжұ +Aжұ+ Wжұ = 100%;

Құрғақ массасы : Cқ + Hқ +Oқ +Sқ + Nқ +Aқ = 100%;

Жанатын массасы: Cжан + Hжан +Oжан +Sжан + Nжан = 100%.

Отынның осы құрамдық есебін пайдаланып, нақты құрамдардың қайта есептеу формуласын құрастыруға болады, мысалы:


Cжұ = Cқ · (100 - Wжұ)/100, % (6.19)
Cжұ = Cжан· (100 - Wжұ - Aжұ )/100, % (6.20)
Cжан = 100·Cжұ / (100 - Aжұ - Wжұ), % (6.21)
6.3.2 Технологияға қолданылатын таскөмірдің жіктелуі. Ертеректе таскөмірдің қасиеттеріне сүйене отырып, оларды жанған кездегі жалындарының түріне қарай жіктерге бөлетін. Ал қазіргі кезде технологияға қолданылатын таскөмірлерді көбінесі ұшпасына қарай анықтайды. Ұшпа таскөмірдің қасиеттері мен оларды қолданудың әдістерін анықтап береді.

Алдымен ұшпа қалай анықталатынын білейік:

Құрғатылған таскөмірдің өлшенді сынамасын отбақыраштың ішіне салып,қақпағын жауып, содан кейін алдын ала 850оС температураға дейін қыздырылған пешке салып, 7 минут аралығында ұстап тұрады.

Содан кейін сынаманың салмағын өлшеп, азайған мөлшерін оның ұшпасы деп санайды.


Кесте 26

Таскөмірдің маркасы

Белгіленетін әрібі

Ұшпасы, %

Ұзынжалынды

Ұ

> 42

Газдық

Г

> 37

Шалакүйежентектелгіш

ШК

25 - 37

Кокстік

К

< 25

Жасық көмір

ЖК

< 17

Антрацит

А

3


6.4 Жану есептері

Отындардың жану есептері мынадай сатылардан тұрады:

– отын құрамының есебі;

– жануға қажетті ауаның есебі;

– құбыр газдарының құрамдары мен мөлшерінің есебі;

– жану температурасын анықтау;

жанарғы қондырғысының есебі;

– оттық кеңістіктің есебі.

Тотықсыздау реакциясы
C +1/2 O2 = CO (6.22)
2Fe2O3 + 2CO = 4FeO + 2CO2 (6.23)
Күйежентектің құрамында 17% темір оксиді Fe2O3, яғни 170кг Fe2O3 темір оксидіне балама болғанда, бір тонна күйежентекке қаншалықты мөлшерде СО қажет

2Fe2O3 + 2CO = 4FeO + 2CO2

2·160-2·28

170 - Х


Х = (170·56)/(2·160) = 29,75кг (СО);

немесе


C +1/2 O2 = CO

12 - 28


Х - 29,75

Х= 12· 29,75/28= 12,75 (С);

C +1/2 O2 = CO

16 - 28


Х - 29,75

Х= 16·29,75/28= 17кг оттегі.



Оқулықтағы қысқартылынған сөздер
НГАС – натрий гидроалюмосиликаты.

ГМЦ – гидрометаллургиялық цехы.

КЖЦ – күйежентектелу цехы.

ЖЭО – жылу электр орталығы.

ЖТАС – жайма тік автоматтандырылған сүзгі.

БӨА – бақылау өлшеуіш аспаптары.

С:Қ – сұйық фаза мен қатты фаза қатынастары.

Қ.к.ж. – кальциндеу процесіндегі «Қыздырып – шынықтыру кезіндегі жоғалымдар».

Қг / л – қатты граммды фазаның литерге қатынасы.

Атм – атмосфера.



Сөздік

Алюминий тотығы

глинозем

Ағызынды

слив

Ағын

поток

Ақсаз

каолин

Айырғыш

сепаратор

Аймақ

зона

Әуіт

бассейн

Әк

известь

Әктас

известняк

Бөлшектілік

дисперсность

Диірмен

мельница

Еңіс

уклон

Ерітінділеу

выщелачивание

Жетегі

привод

Жоғалымдар

потери

Жіктеу

классификация

Күйежентек

спек

Күлділік

зольность

Қор

затравка

Қоқым

кек

Қорлық қойыртпақ

затравочная пульпа

Қышқақ

шамот

Оқтам

заряд

Оттөзімділер

огнеупоры

Пішін

форма

Сорғы

насос

Сыйымдылық

емкость

Төл ерітінді

маточный раствор

Тұтқырлық

вязкость

Тығыздық

плотность

Табиғи қиябет бұрыш

угол естественного откоса

Ұсату

дробление

Ұнтақтау

измельчения

Үлесті

удельное

Шынытас

кварц

Шегендеу

футеровка

Шикіқұрам

шихта

Ұшпасы

выход летучи

Жасық көмір

тощий угль

Отбақыраш

тигель

Негізгі қорытындылар
1 Мемлекетіміз тәуелсіздік алғанан бері көптеген жоғарғы оқу орындарында дәрістер өз тілімізде жүргізіле бастағанымен, қазіргі кезде техникалық оқулықтар өте сирек кездеседі, қазақ инженер - металлургтарының, ғылым ізденушілерінің және студенттердің қазақ тіліндегі оқулық басылымдарына деген сұраныстары күнен – күнге артып келеді. Ал соның ішінде алюминий тотығы өндірісі жайлы қазақ тіліндегі оқулық мүлде жоқ.

Сондықтан бұл оқулықтың басты ерекшеліктерінің бірі Қазақстандағы алюминий тотығының өндірісі тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көргелі отыр.

2 Автор оқулық құралына өзінің Павлодар алюминий заводында көптеген жылдар бойы істеген қызыметінің тәжірибесі мен білімін енгізіп отыр.

3 Оқулық құралында Қазақстан республикасының жер қойнауындағы бокситтің қорлары қай жерлерде орналасқандығын және оның сапасы мен мөлшері қандай деңгейде екендігі көрсетілген.

Сонымен бірге оқулықта алюминий тотығын бокситтен басқа қандай шикізаттардан алуға болатындығы және ол шикізаттар еліміздің қандай аймақтарында орналасқандықтары келтірілген.

4 Автор оқулық құралында қазіргі кездегі Павлодар алюминий заводының Байер – күйежентектелу сұлбасының технологиясына енгізілген жаңа озық технологиялық жаңалықтарды ескеріп, оларды бірге қоса сиппаттады (бокситтің құрамындағы темір ұнтақтарын жаңа «Тік аппараттарда» бөлу технологиясы).

5 Оқулықта Қазақстанда салынып жатқан тұңғыш электролиз заводы ескеріліп,таза, қанатты алюминий өндірісінің технологиясы мен есептері ұсынылып отыр.

6 Металлургиялық пештерде қолданылатын отындардың түрлері және олардың есептері көрсетілді (таскөмірді газдандыру, газдық генератор технологиясы мен газдандыру процесінің негізгі реакциялары көрсетілді).

7 Оқулықта Байер тәсілінің технологиясы мен күйежентектелу тізбектерінің технологиялары жеке - бөлек қарастырылды. Буландыру аппараттарының түрлеріне және олардың есептеріне ерекше мән беріліп, оқулықта қарапайым тәсілмен көрсетілді.

Әдебиеттер
1 Абжаппаров А. «Комплексное использование низкокачественного глиноземсодержащего сырья Казахстана». – Алматы: «Ғылым», 1998. – 120 с.

2 Беляев А. И. «Металлургия легких металлов». – М. : Металлургия», 1970. – 185 с.

3 ISSN 0372-2929 «Цветные металлы», 1999. – № 6.

4 ISSN 0372-2929 «Цветные металлы», 1997. – № 4

5 Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік. «Кен ісі және металлургия». – Алматы: «Рауан», 2000. – 136 с.

6 Лайнер А.И., Еремин Н.И., Лайнер Ю.А., Певзнер И.З. Производство глинозема». – М. : «Металлургия», 1978. – 226 с.

7 Light Metals 1993, Bayer Liquor Polishing.

8 Light Metals Новый процесс удаления органики из раствора Байера. С. Стао, Й. Ямада и другие, 1982. – 82 с.

9 Масенов К.Б. Диссертация «Разработка способов получения крупнозернистого гидроксида алюминия в производстве глинозема». – Алматы, 2003.

10 Масенов К.Б., Романов Л.Г., Ковзаленко В.А., Алькенов А.А. Влияние примесных компонентов на разложение алюминатных растворов // Комплексное использование минерального сырья, 2002. № 3.

11 Масенов К.Б., Ковзаленко В.А., Луганов В.А. Способ получения крупнозернистого гидроксида алюминия // Комплексное использование минерального сырья, 2002. – № 5.

12 Масенов К.Б., Ковзаленко В.А., Луганов В.А., Иркитов А.Л. Теоретические основы кристаллизации гидроксида алюминия при разложении алюминатных растворов. Тезисы докл. Международной научно-практической конференции молодых ученых и специалистов. – Алматы, 2003.

13 Орысша – қазақша түсіндірме сөздік. «Металлургия». – Павлодар, 2002. – 63 с.

14 Патент № РСТ/FR99/01975.

15 Патент США,Hiralal 5,690,700. – 25 ноября, 1997.

16 Патент США, Hiscox, 5,102,426. – 7 апрель, 1992.

17 Садыков Ж.С., Щербан С.А. Металлургия легких металлов. Методическое руководство к лабораторным работам по общему курсу. – Алма-Ата: КазПТИ, 1986. – 45 с.

18 Сырьевая база алюминиевой промышленности Казахстана. – Алматы, 2002.

Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………3

1 Қазақстандағы бокситтың және алюминий тотығын

өндіретін басқа шикізатардың қорлары…………………….4

1.1 Нефелиндер…………………………………………………...8

1.2 Саздар және ақсаздар………………………………………..9

2 Өндірістегі алюминий тотығын өндіру тәсілдерінің

түрлері………………………………………………………..11

3 Алюминий тотығы өндірісінің Байерлік әдіспен

өндіргендегі физико - химиялық негіздері………………...13

3.1 Бокситті ерітінділеу………………………………………....14

3.2 Алюминий тотығын күйежентектелу әдісімен өндірудің

физико - химиялық негіздері……………………………….23

3.3 Бокситті шикіқұрамды дайындау…………………………..24

3.4 Күйежентекті ерітінділеу…………………………………...26

3.5 Алюминат ерітінділерінен кремниді ажырату…………….28

3.6 Алюминат ерітінділерін карбондау………………………...29

3.7 Күйдіру жектектеу әдісі арқылы нефелиндерден

алюминий тотығын, сода өнімдерін және цемент

алу тәсілдері………………………………………………….29

4 Алюминий өндірісі…………………………………………..36

4.1 Алюминиді электролиттік әдіспен алудың

теориялық нгіздері…………………………………………..36

4.2 Электролиттің құрамы……………………………………....37

4.3 Электролит компоненттерді ыдыратуы кернеуі ………….39

4.4 Анодтық әсер………………………………………………...39

4.5 Криолит-алюминий тотығы балқымаларын

электролиздеу кезіндегі ток пен энергияның

шығымдары…………………………………………………..40

5 Павлодар алюминий заводының алюминий тотығы

өндірісі технологиясының сұлбасы………………………..43

5.1 Бокситті ұнтақтау және темір құмдарынан ажырату….... 44

5.2 Ерітінділеу…………………………………………………...48

5.3 Қызыл шламды қоюландыру және жуу……………………49

5.4 Қойылтқының ағызындысын сүзу………………………….53

5.5 Қызыл шламды сүзу………………………………………....55

5.6 Вакуумдық әдіспен салқындату……………………………57

5.7 Декомпозиция………………………………………………..59

5.8 Гидратты өңдеу блогы……………………………………....67

5.9 Төл ерітіндіні буландыру…………………………………...71

5.10 Соданың ерітіндіден бөлінуі……………………………….79

5.11 Алюминий гидрототығын қыздыру………………………..80

6 Күйежентектелу цехы……………………………………….85

6.1 Шикіқұрам бөлімшесі……………………………………….86

6.2 Тотықсыздандыру әдісі арқылы күйежентектелу…………93

6.3 Металлургиялық пештерде қолданылатын отынның

түрлері………………………………………………………..96

6.4 Жану есептері………………………………………………..99

Оқулықтағы қысқартылынған сөздер……………………101

Сөздік……………………………………………………….102

Негізгі қорытындылар……………………………………..103



Әдебиеттер.…………………………………………………104



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет