Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен


Кешенді немесе жүйелі тәсілдің қағидасы



Pdf көрінісі
бет35/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

Кешенді немесе жүйелі тәсілдің қағидасы АКБЖ 
дайындауда тек техникалық емес, сонымен экономикалық, 
ұйымдастырушылық және т.б. сипатты мәселелер шешуге тура 
келеді. Олар арасындағы дайындалу жүйесінің түпкі мақсатына 
жетудегі өзара байланысы және идеологиялық бағыттылығы мен 
бірегей техникалық құралдарда тәжірибелік жүзеге асыру 
қабілетін ескеру керек.
Бірінші басшы қағидасы — АКБЖ дайындау және енгізу 
АКБЖ енгізілуші кәсіпорынның бірінші басшысының тікелей 
қатысуымен және жетекшілігімен жүргізілуі тиіс. Тәжірибе 
көрсеткендей, АКБЖ құруды екінші біреуге тапсыру әрекеті 
жүйенің кертартпалық міндеттерді шешуге бағытталып, қажетті 
әсерге жеткізбеуіне апарады. 
Бұл ретте АКБЖ дайындаушылар мен бұл жүйені енгізуші 
кәсіпорын қызметкерлері арасында тиімді өзара әрекеттестік 
ұйымдастырылуы қажет.
Жүйенің үзіліссіз дамуының қағидасы АКБЖ дамуы 
бойынша шешілетін міндеттердің шеңбері үзіліссіз кеңеюден, әрі 
жаңа міндеттер әлдеқашан енгізілген міндеттерді ауыстырмаудан 
тұрады.
Құжат айналымы және бірыңғай ақпараттық базаны 
автоматтандыру қағидасы деректерді өңдеу процесін 
автоматтандыру ғана емес, сонымен қатар, шығыс деректерді 
жинақтау, және шығыс құжаттарды рәсімдеуде қамтылады. Бұл 
ретте жүйеге деректерді бір рет қана енгізіп, көп рет пайдалануға 
тырысу қажет.
Модульдігі және тұрпаттылығы қағидасы жүйенің 
максималды тәуелсіз бөлімдерін немесе модульдерін айқындау 
мен дайындау және оларды әр түрлі ішкі жүйелерде максималды 
пайдалануда жинақталады.
Жүйенің жеке бөлімдерінің өткізу қабілеттерінің 
келісімділік қағидасы АКБЖ бірізді буындарының өткізу 
қабілетінің шамаланған теңділігін сақтау талап етіледі, бұл 
олардың тең мөлшерде пайдалануын және жалпы жүйенің 
максималды өнімділігін қамтамасыз етеді.
АКБЖ жобалау процесінде, соның ішінде автомобиль 
көлігінде осы және басқа да қағидаларды негізіне ала отырып, 
төрт негізгі ережелерді бөледі:
■ функционалдық – ұйымдастырушылық қосымша
жүйелерінің кешенділігі;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет