Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс тәсілдері


Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс.тәсілдері



бет5/6
Дата15.06.2022
өлшемі116.48 Kb.
#459253
1   2   3   4   5   6
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау

2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс.тәсілдері ... ...


Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан – жақты болуы керек.
Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен,мұғалімнің дайындығы,ізденісі жоғары деңгейде болу керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс – тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы іске асады.
Шығармашылық туралы мынадай анықтама бар: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен ерекшеленеді».
Шығармашылық – алынған ақпаратты түрлендіріп, жиі тапқырлық таныту, бірегей ойларды қорыта білу, оралымды және көп нұсқалы ойлау қабілеттері, зерттеушілік белсенділігі.
Шығармашылық бағыттағы іс — әрекеттің негізгісі – шығармашылық ойлау. Себебі оқушы «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатынын көзіне елестете алады.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеті үздіксіз дамиды. Сондықтан өз іс — әрекетіне қадам жасаған сайын оның шығармашылығы арта түседі.
Оқушының осындай шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатика пәнінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:
7 – сыныптарда «Paint графиктік редакторы» тақырыбында оқушылар өз ойларымен, өз шығармашылығымен суреттер салып, көрмелер, жарыстар ұйымдастырады.
8 – сыныптарда «Word мәтіндік редакторы» тақырыбында оқушылар компьютерге мәтін жазумен қатар, әр түрлі тақырыпта шығармалар жазып, өз ойларын түсіреді.
Ал 9-шы сыныптарда әртүрлі программалар құрып, әсіресе графиктік операторларға оқушылар қызығушылығы соншалық әртүрлі программалар құрып, нәтижесін экраннан шығарып отырады.
11 сыныптарда Excel, PowerPoint программаларымен әртүрлі шығармашылық жұмыстар жасайды. Мысалы: PowerPoint программасында «Дербес компьютер жетістіктері» тақырыбында жасаған презентациясында оқушылар компьютердің ең алғаш есепшот болғаны кезінен бастап, қазіргі кездегісіне дейінгі суреттерін кірістіріп, анимациялар жасаған.
Оқушының шығармашылық іс — әрекетінің қалыптасуының негізгі кезеңдері:

  1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.

  2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.

  3. Уақытша мәселені қозғамау.

  4. Интуицияны ояту.

  5. Нәтижені жан – жақты тексеру.

Оқушының үшін ғылым А.Н.Лук ұсынған осы бес кезеңді басшылыққа аламын.
Осындай шығармашылық қабілеттің қалыптасу барысында мұғалім оқушы қажетті жағдайдың болуын, қорқыныш, жалқаулық, өзін — өзі бағалау сияқты психикалық кедергілердің болмауын қамтамасыз етуі, бақылауы керек.
Шығармашылық әрекеттің еркіндігі.

  1. Пәнге үйретудің еркіндігі.

  2. Білім кеңістігінің әр бағыттарда – мазмұндылық, шығармашылық, жан – жақтылық болуы.

  3. Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық жұмыстары.

Информатика пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз.
Ондай кедергілер:

  1. Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.

  2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы.

  3. Денсаулығының нашарлығы.

Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын – ала анықтау керек.
Қорыта келгенде, әр баланың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған жұмыстар оның ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне дейін жету керек. Күн өткен сайын ол деңгей биіктей береді де, жүйелі, жұмыс нәтижесінде оның дамуы жоғары дәрежеге жетеді.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дарынды, талапты оқушыны көбейтуге әсерін тигізеді.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін — өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюге, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін — өзі тануына көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін — өзі шынайы болмысын абастайтын жол іздеу керек. Адам өзін — өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс.сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы білімді дамыту тұжырымдамасында: Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіне басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін информатика пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім.
Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс — әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор.
Оқушының өз бетімен жұмысістеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда, оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді.
Сонымен қатар, сыныптарды топқа бөліп оқыту тәжірибесін қолданамын. Өр топта 5-6 оқушыдан болады. Топқа бөліп оқыту тиімділігі – нашар оқушы көлеңкеде қалмайды, берілген тапсырманы ақылдасып, бір – біріне түсіндіру арқылы дұрыс орындауға мүмкіндік береді. Тиімді жағы – күнделікті сабақта түгел оқушы бағаланады. Ол тәрбиелік жағынан әділ болуға үйренеді, өз араларында беделге ие болады.
Шығармашылық мақсаттағы жұмыс өте жоғары деңгейде жүргізіледі, бұл оқушының қызығушылығын арттырады. Оқушы шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру мұғалімнің сабағында назардан тыс қалмауы тиіс. Мысалы, «Excel программасында диаграммалар тұрғызу» тақырыбын өткенде оқушылардың шығармашылығын дамытуға ұмтылдым. Мұғалім сабақ мақсатында Excel программасындағы диаграммалар және графиктер құрып үйренуге жүйеліктің арасында жетеді. Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында шығармашылық жұмыстар ұсындым. Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөліп 1 – ші топ оқушылары
Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Адамның ақыл - ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл - Фараби болды.
Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөздерінде /43 сөзі / бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттілер бара - бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.
М. Жұмабаев өзінің педагогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін көтереді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру керек екенін жазады.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері, дей келе олар қоғамдық тарихи іс - әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
«Қабілеттер» - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері - дейді А. В. Петровский. «Қабілет іс - әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауға тырысатын адамның жеке қасиеті»,- деп жазады Т. Тәжібаев.
«Қабілеттер» - адамның іс - әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері» - деген де анықтама бар. Мүмкіндік білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы»,- деп қарастырады Ә. Алдамұратов.
Психологтар қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдеген.
Репродуктивті /өнімсіз/ - іс - әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі. Ал «шығармашылық» сөзінің мәні неде?
«Шығармашылық» сөзінің төркіні /этимологиясы/ «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Ал «шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я. Н. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға көтереді.
Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгі белгісі «жаңалық» болғанымен, ондағы тұлғаның, адамзаттың, қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз.
Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды деп ойлаймыз. Шығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән.
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында әуел баста салынған. Мұғалімнің міндеті - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету.
Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халық және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетіне сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік - экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиіс деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді.
Оқушының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез - келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез - келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар шешеді. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгертетін, дағдыны қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығарма - шылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашудың және дамытудың көп тәсілі бар:
Әңгіме бойынша сурет салу
Оқушылардың жаңа ғана айтылған ертегі немесе нақылға орай қандай да болмасын сурет салуды сұраңыз. Бала өзін бейнелеу өнерінің шебері ретінде сезінеді, сонымен бірге әңгіменің мазмұнын есінде жақсы сақтап қалады. Өйткені ол әңгіменің мазмұнын ішкі сезімімен жеткізуді көздейді.
Белгілі бір суретке қарап, соның суретін салғызуға болады. Ол үшін:
1. Суретті мұқият қарауға уақыт беру.
2. Оқушыларға берілетін тірек - схемалар:
- Сенің ойыңша мына сурет қашан салынған?
- Суретші қандай көңіл күйде болған?
Осы сияқты тағы басқа да суреттер бойынша әңгіме құрастыруға болады.
Жалпы адамзаттық құндылықты бейнелеу.
Сабақтың тақырыбы бойынша балалардан адамның әлдебір сапасы туралы айтатын бір нәрсені бейнелеуді сұраңыз. Мүмкін бұл оларға алғашқыда қиын тапсырма болып көрінер. Алайда, балалар уақыты келгенде кез - келген шығармашылық ойды қағаз бетінде түсіруге болатынын түсінеді және оны өзіндік пікірмен қоса, әсерлі жеткізуді мақсат етеді.
Проза және өлең шығару.
Балалардың ішінде әлдекімге өзінің сезімдерін суреттер арқылы емес, сөзбен жеткізу жеңіл болады. Бұл қабілет егер оқушылар ән айту немесе музыка тыңдау кезінде өздерінің әсерленушілігі туралы жазуға талаптану кезінде байқалады. Кейбір балалар сезімдерін өзі шығарған өлеңдерінде айқын көрсетуге қабілетті келеді. Соны - мен қатар өзінің ішкі ойын толықтыру мақсатында ақындардың өлеңдерін пайдаланады.
Ішкі дүниенің бейнелері.
Бұған дейін айтылғандай, тыныштықта отыру шығармашылыққа кеңістік береді. Егер балалардан өз бойына шолу кезінде олардың нені көргенін қағаз бетіне түсіруді сұраса, баланың ішкі дүниесінің қаншалықты бай екеніне көз жеткізуге болар еді. Балалар ойы ғажайып бейнелерді қамтуға қабілеті жететінін тәжірибе көрсетті. Солардың бірі жарыққа малынған бүкіл әләмді бейнелейді, басқалары өз жүрегіндегі әдемі гүл түрінде өзінің сезімдерін жеткізуге тырысады.
Біздің ойымызша бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.
Ол үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс:
Біріншіден, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы, біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар жан ұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа!
Екіншіден, баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым - қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.
Үшіншіден, шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуына үлкен нәтиже береді.
Төртіншіден, ең негізгі шарт - бала әрекеттің әр түрімен айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік, табысқа жетудің бірден - бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, көмегін талап етеді. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттер дамытудың бесінші шарты шығады. Еркіндік - ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. Балаға елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып «жаңалық» ашуға жағдай жасауымыз керек.
Осы жағдайларды ескере отырып, өз сыныбымның оқушыларын бастауыш сыныптан бастап бақылау жасай отырып, дамыта оқыту технологиясымен жұмыс жасап келемін.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолданамын.

  1. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

  2. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

  3. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

  4. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

  5. Өлең, мақалдар құрастыру.

  6. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

  7. Кейіпкерге мінездеме беру.

  8. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

  9. Рөлге бөліп оқыту.

  10. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

  11. Диалог-ертегі.

  12. Образға кіру.

Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземін. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейін. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.
«Образға кіру» Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.
«Талдау және қиялдау» Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.
«Суырыпсалма ақын» Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.
Мысалы «Жаңбыр ойыны» Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл. Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)
«Диалог-ертегі» Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.
«Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.

  1. Суреті бар, хабарлайды,
    Жәшікте тұрып жыбырлайды.
    Ән салады, би билейді,
    Көңіліңді көтереді. (теледидар)

  2. Бізге жарық береді,
    Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)

Мақал :
Еңбексіз нан жоқ,
Нансыз өмір жоқ.
Бұдан өзімнің іс - тәжірибемді қорыта келіп, мынадай түйін түйдім:

  1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.

  2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.

  3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.

  4. Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата- аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.

  5. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына көмектеседі.

  6. Ата-аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.

Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.


Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері ретінде:
·Оқу –тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау
·Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
·Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.
Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:
·Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;
· Білім, біліктілігін арттыру;
·еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;
·мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.
1.Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.
Біздің оқушыға қойған талабымыз:
·қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
·ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
·алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
·өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;
·басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
·қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;
Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
·оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
·Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
·Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
·Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
·Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
·Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
·Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
·өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
·оқушы дарындылығының моделін білу;
·қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
·дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
·дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
·дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
·дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
·оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
·дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
·дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
·дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, қазақ тілі пәні мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады.
Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы.
Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет.
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себіл-
ген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б. Осы орайда 2-сыныпта ана тілі сабағында баланың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдаланған жұмыс түрлеріне тоқтала кетсем деймін.
Өлең құрастыру.
Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы,Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем» деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті 
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда саөлеңнің сызбасы түсіріледі:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем», — ұсынылған жолдар.
«Ұлан-байтақ жерлері бар
Өз өлкемді мақтан етем», — оқушының аяқтауы, яғни бұл – жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиіс.
ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
… байлық
… алдық
… құс біткен
… қалдық.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Күз – береке, күз — байлық,
Күзде астық мол алдық
Жылы жаққа құс біткен
Кеткен ұшып, біз қалдық.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісінде жүктеліп отырған жаңа талап, міндеттер мұғалімдерге қойылып отыр. Сондықтан мұғалімнің іс әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазіргі уақыт талабы- әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептің педагогикалық ұжымның белгілеген әдістемелік тақырыбы « Мектеп жұмысын ұжымды жүйе бойынша жүргізіп, оқу-тәрбие жұмысын тиімді оңтайлы өткізу мәселесі бойынша, білім беру және тәрбиелеуде жеке тұрғыдан қарап бейімдеу» деп алынып, оқу үрдісінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйәлі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыруға, оларды іріктеп, еңбекке және қоғамдық істерге араластыруға, олармен ғылыми, шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс істеуге бағытталған. Бұндағы педагогикалық ұжымның көздеген мақсаты мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін жетілдіріп, өз пәні бойынша білім-білік деңгейін, әдіс-тәсілін үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік туғызу. Білім беру мен тәрбиелеу ісіне жаңа технологиялар енгізу.
Бастауыш сыныпта пәндерді оқыту барысында теориялық білім негіздерін меңгерумен ғана шектелмей, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашыл әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілетін арттыру, ақпаратты өзі тауып, өзі іздеп тәжірбиесіне қолдана білуге үйрету өмір талабы болып отыр.Аталған қажеттіліктердің оқыту үрдісіне кей жағдайда іске асырылмауын қалыптасқан дәстүрлі оқыту жүйесі мүмкіндігінің шектеулі екендігімен түсіндіруге болады. Бұл мәселе тек оқыту үрдісінде оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру арқалы шешімін таппақ. Осындай тиімді оқыту тәсілдерінің бірі- ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалана отырып оқыту. Ойын- оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан мен балаларды оқыту үрдісіндегі әдістемелік тақырыпты « Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық қабілетін танымдық ойын түрлетін қолдану арқылы дамыту» деп алдым. Мұнда алдыма қойған мақсат- тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтерін оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін тиімді пайдалану арқылы олардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есе сақтау танымдық қабілеттері мен тіл байлықтарын дамыту, достық қарым-қатынас пен ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ үрдісінде ойын түрлерін қолдану барысында оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыта түсу.
Заман талабына сай сабақты жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізе отырып, білім беру субъектісі ретінде оқушыны қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады. Қазіргі уақытта білім беру құрлымында жаңа технологиялардың түрлері жетерлік. Сондықтан бастауыш мектеп балаларының жас және психологиялық ерекшеліктерін, қабілет- қарымынесепке ала отырып, солардың ішінен ойын технологияларын сабақтарда тиімді пайдалана бастадым.
Оқу үрдістерінде ойын элементтерін түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, тұлға ретінде жан-жақты дамиды.
Ойын оқушы білімін берік меңгерту құралы. әр сабақта ойын түрлері орнымен қолданылып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білімге ынта-ықыласы, пәнге деген сүйіспеншілігі артады. Ойын оқушылар сабақта шаршаған кездерде сергіту мақсатында емес, оларға берілген ұғым, түсініктерді берік меңгерту мақсатында да жүргізіледі.
« Ойын» ұғымына түсініктеме берсек-бұл адамның мінез –құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
-Ойын-сауық
— Қарым-қатынастық
— Диагностикалық /ойын барысында өзін-өзі тану/
— Коррекциялық / өзін-өзі түзету/
— Әлеуметтендіру.
Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойынның ережелері ойнаушылардың қисыңды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өзінің қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімді арттырады.
Ойынның өзіне тән себептері болады. Мысалы: мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығы, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады. Оқытудың ойын формасын пайдалануда екі жақты байланыс байқалады, біріншіден ойнау үшін білу,үйрену қажет, екіншіден ойнай отырып өзіндік білім алуы, шығармашылық қабілетін арттыруы болып шығады.
Сабақ барысында ойын түрлерін қолданудың тиімділігі:

  • Жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;

  • Сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;

  • Шығармашылық ізденушілік қабілеттерін арттырады;

  • Өзіне деген сенімділік пайда болады;

  • Логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім және тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу болса, бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. 
Бастауыш сыныптағы математика сабағында оқытудың əртүрлі əдіс-тəсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде мұғалімдердің математикалық білімдері терең болуы қажет. 
Бүгінгі күнгі басты мәселе - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану. Мектептің бастауыш сатысындағы математика пәнін оқытуда кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологиялары өте көп, солардың бірнешеуіне тоқтала кетсек: 
-дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев) бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеруге көмектеседі және ірілендіру қағидасына сүйеніп құрастырылған жаттығулар жиынтығы білімді саналы да берік меңгеруге көмектеседі; 
-математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин) есептерді шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады;
- дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған;
- оқытудың модульдік технологиясы (В.М.Монахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады. 
- оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету;
- проблемалық оқыту технологиясы;
- тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу;
- түсіндіре басқарып – оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту;
- деңгейлік саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру;
- жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Г.Г.);
- шоғырландырып – қарқынды оқыту технологиясы (Әбдіғалиев Қ.А., Нұрахметов Н.Н.);
- блоктық-модульдық технологиясы (Жанпейісова М.) қазіргі таңда қолдау табуда.
Оқушылардың білім деңгейінің арттыруын, яғни білім сапасын көтеру мақсатында қазіргі заман талабы шығармашылық мүмкіндіктерді іске асыратын жаңа технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасы. 
Бұл технологияны қолдана отырып сабақ барысында төмендегі мәселелерді шешуге болады:
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту;
- ой-толғанысқа белсенді араласу;
- білімді игеруге жауапкершілікті арттыру.
Математика сабағында СТО-ның бірнеше стратегияларын қолдануға болады: «Ассоциация», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «жұпта, топпен, жеке жұмыс», «Кең ауқымды дәріс».
Мысалы, 1-сыныптағы «7 саны мен цифры» тақырыбын өткенде «Кең ауқымды дәріс» стратегия бойынша элементтерін колдансақ:
1-кезең «Ой қозғау»
а) қызығушылықты ояту: сұрақтар қойылады.
1. Сан дегеніміз не? Цифр дегеніміз не?
Тапсырма: 
- білетін мәліметтер айту;
- жұппен талдау, содан кейін кіші топта;
- топбасшының сөз алуы.
«Ассоциация» стратегия бойынша 7 саны нені көз алдына елестетеді, немесе осы сан бойынша бұрын қандай білімі бар. Мысалы, қазақ халқына тән қазақ баласының 7 атасы, 7 қазынасы, аптаның 7 тәулігі т.б.
Математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден-дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден-дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден-оқушының жеке басын дамытатын басты құрал- ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден- дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы - «орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде:
- оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды;
- мәселені шешу жолын іздестіреді;
- жаңаны өздері табады;
- ақылдасады, кеңеседі;
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының мәселені шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. 
Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа жаңа педагогикалық технологиялар, компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Жаңа технологияларды қолданудың ерекшелігі –оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып математика сабағында компьютермен жұмыс істеу тиімді. Компьютер - технологиялық құралдардың бірі, оның көмегімен сабақты қызықты, тартымды етіп түрлендіруге болады. Компьютермен өткен сабақ баланың көңіл-күйін көтеріп, нашар деген оқушының компьютермен жұмыс істеуде қызығушылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді және шеше алмаған жауапты мұғалімнің көмегімен шешуге тырысады. Мұндай сабақтар оқушылардың білімін, мүмкіндігін толығырақ бағалауына және оны түсінуге, жаңаша шығармашылық тәсілдермен жұмыс істеуіне, ізденуіне сан алуан әдіс-тәсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
- интерактивтік тақта;
- мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- электрондық оқулық.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және пайдалану. Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапсының өсуіне мүмкіндік туғызады.
Мұғалім үшін электорндық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электорндық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады.
Электрондық оқулықтар осы модульдік технологиясы негізінде жасақталады. Әр сыныптың білім мазмұны модульдерге бөлініп, әр тақырып бірізділікпен, жүйелі түрде беріледі. Оқушылар электрондық оқулықтағы интерактивті тапсырмалармен жұмыстана отырып сабақта алған білімдерін кеңейтеді, өз бетімен шығармашылықпен жұмыстануға дағдыланады. Алған білімдерін өзбетімен тексеру үшін тест тапсырмаларын орындайды.
Ал модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет