Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс тәсілдері



бет6/6
Дата15.06.2022
өлшемі116.48 Kb.
#459253
1   2   3   4   5   6
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау

Қорытынды


Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз.
Ондай кедергілер:
1. Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.
2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы.
3. Денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп, олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын-ала анықтау керек.
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін қазақ тілі пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім.
Осыған орай оқушының пәнге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында, оқушым Жолдасбек Маржанға және басқа да дарынды оқушыларға өзіндік жұмыстар жасауды, өлең жазуды, реферат дайындауды тапсырма етіп бердім. Осындай сабақтан тыс тапсырмаларды орындауда олар тыңғылықты деректерді жинап, өлеңдер шығарып,өз бетінше ізденіп, зерттей білді.
Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2.Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.
3.Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
4.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. “Ғылым”. 1988г
5.Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2000.Б.А.Тұрғынбаева
6.Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет