Пайдаланылған әдебиеттер:
Ортаев Б.Т. Оқушылардың техникалық шығармашылығы: Оқу құралы.- Түркістан: Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, 2008. - 150 б.
Алексеев В.Е. Организация технического творчества учащихся. - М.:Высшая школа, 1984. - 46с.
Техническое творчество учащихся. /Сост.П.Н.Андрианов. - М.:Просвещение, 1987. - 215 с.
Оқыту әдістері: ауызша баяндау, әңгімелесу
Оқыту формасы: лекция
Оқыту құралдары: оқулық
Материалдық қамтамасыз етілуі: ОӘК
Бақылау түрі:ауызша сұрақ - жауап.
1. Ғылыми-техникалық прогресс сандық және күрделі білімнің, ақпараттардың артуымен байланысты. Қоғамның қазіргі даму жағдайында негізі сала бойынша білім саны әрбір 5 жылда екі есе өсетіні белгіленген. Жекелеген, жаңа бағыт бойынша бұл 2-3 жылға тез жүреді.
Жылда әлемде көптеген баспа өнімдері шығарылады, көптеген жаңаашылымдар мен өнертабыстар табылады, батыл болжамдар мен ұсынстар ұсынылады. Бұл жағдайда ақпаратты табу қиындайды. Сондықтан да табиғат жөніндегі білімдерді тек шығармашылықпен іздеу ғана жүргізілуде емес, сондай-ақ оларды адамдардың пайдалануы туралы зеттеулер жүргізілуде.
Қазіргі кезде қоршаған орта туралы ақпаратты жеткізу, өндеу және сақтаудың тиімді жолын іздеу ашық жүріп жатыр. Барлық елде Ғылыми-техникалық ақпараттардың арнайы органы құрылған, олардың негізгі міндеттері - ғылымды, техниканы және өндірісті одан әрі дамытуға мүмкіндік жасау. Адамның игілігіне бар, белгілі білімдерді пайдалануға үгіттеу.
Біздің елде кеңестік дәуір кезінде ғылыми-техникалық ақпарат мемлекеттік жүйе ретінде отандық және әлемдік ғылым мен техниканың жетістіктерін зерделеу мен таратуға жұмыс жасаған және ол В.И.Лениннің инициативасымен құрылған. 1918 ж. халық шаруашылығының Жоғарғы кеңесі ғылыми-техникалык, бөлімді бекітті, ол бірінші ғылыми ақпараттық іс әрекеттің ресми органы болды.
Содан кейін 1920 ж. В.И.Ленин «РСФСР мемлекеттік баспаға библиографиялық істі тапсыру туралы», ал, 1921ж. - «Шетелдік әдебиеттерді алу және тарату тәртібі жөнінде» жоғарғы өкіметтің қаулысына (декрет) қол қойды.
Бұларда КСРО ғылыми-техникалық ақпараттың қазіргі жүйесінің негіздері қаланды. КСРО соңғы жылдарында КСРО министрлер кеңесі және КПСС ОК қаулысы негізінде, КПСС съезді шешімімен ғылыми-техникалық ақпараттың (ҒТА) мемлекеттік жүйесі жұмыс жасады. Олар ҒТА 16 бүкіл одақтық, 14 республикалық, 112 салааралық аймақтың орталықтарын қамтыды.
Бүкілодақтық ақпараттық орталыққа ғылым мен техника бойынша КСРО Мемлекеттік комитетінің ғылым және техникалық ақпараттың Бүкілодақтық институты және КСРО ғылым Академиясы (ВИНИТИ), ғылым мен техника бойынша КСРО Мемлекеттік комитетінің Бүкілодақтық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы (ВНТИЦ), патентті ақпараттың Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты (ВНИИПИ) және т.б. қатысты болады. Бүкілодақтық ақпараттық орталықтың негізгі міндеті екінші ретті ақпаратты құру (реферативті журналдар, шолу ақпараттарын, экспресс-ақпарат т.б.) және олардың тұтынушыға жеткізу.
КСРО кезеңінде мекемелерде, көлікте, байланыста, оқу орындарында ҒТА белімдер құрылып, жұмыс жасады. Олардың негізгі міндеттері жоғары орғандардағы бар жаңа ақпараттарды, сол бөлімдердің жұмыстарын қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.
Еліміздің ақпараттандыру орталықтары қызметінің арқасында біріншіден, әлемдік ғылыми-техникалық әдебиеттер өңдеуді нәтижесінде алынын, қол жеткізілген ғылыми-техникалық жетістіктер жөніндегі мағлұматтардың барлығы тұтынушыға жетеді. Екіншіден ғылыми ізденіс нәтижелері, тәжірибелік жұмыс, алдыңғы қатарлы технология жетістіктері төменгі органнан орталық органға жетеді, кер байланыс жүзеге асады.
ҒТА жүйесінің оперативті жұмысы әмбебап ондық классификация бойынша ақпараттық материалдарды орталықтандырылған классификациялаумен қамтамасыз етіледі (УДК-ӘОЖ). Елімізде ӘОЖ (УДК) 1963ж. Ендірілді және нақты, жаратылыс ғылымы мен техника саласында бірдей, әрі міндетті болып табылады.
Патенттік құжаттар бұл ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелері, жобалау-конструкторлық даярламалар, өтініш немесе жаңаашылым, өнертабыс, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы модельдер деп табылғандар туралы мағлұматтардан тұратын, сондай-ақ өнертабушының, патент иесінің, Жаңаашылымның диплом иегерінің және өнеркәсіп үлгілерінің пайдалы модельдер мен тауарлық белгілердің тіркелуі туралы куәлік иелерінің құқын қорғау туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар
Патенттік ақпарат деп, патенттік құжаттарды оны беру, қайта өңдеу пайдалану процесі түсініледі. Бірінші және екінші ретті патенттік құжаттар деп ажыратылады.
Бірінші ретті құжатқа: жарық көрген өтініш, авторлық куәлікке және патенке өнертабыс сипаттамасы; патенттік ведомоства шығаратын ресми патенттік бюллетендер; реферативті журналдар мен патенттер жинағы; екінші құжатқа: аннотация, өнертабыс сипаттамасының рефераттары, шолулар т.б. қатысты.
КСРО кезінде «Жаңаашылым, өнертабыс», «Өнеркәсіптік үлгілер, товарлық белгілер» ресми бюллетендер айына төрт рет шығарылады.
КСРО, США, ФРГ, Франция, Ұлыбритания, Жапон алдыңғы қатарлы елдердің опертабыстары жөніндегі жетістіктерін жариялайтын «КСРО және шетелдердегі өнертабыс» - реферативтік журнал айына екі рет шығарылды.
«Өнертабысты ендіру» - аннотацияланған жинақ КСРО-ға өнертабыстардың ендірілген жерін, алған тиімділігін камтитын мәліметтер тіркейді және олар жылына алты рет шығарылды.
Патенттік құжаттар патенттік қорда сақталады, әрі соңғы 150-200 жылдардағы ғылыми-техникалық жетістіктер туралы мағлұматтарды жүйелеуші жинақ.
Паттенттік ақпараттар желісін: патенттік қор жүйесін; өнертабысқа өтініш, авторлық мағлұмат және патенттер туралы ағымдық ақпараттар қызметін; өнертабыс және өнертабыстар туралы мәліметтер мен анықтамалық-ақпаратты қызмет ету қызметін қамтиды.
Патенттік іздеу техникалық шешімдердің деңгейін анықтау мақсатында, патент иегерінің дұрыстық көлемін және оны жүзеге асыру жағдайын белгілі құрылғының түп нұсқасын, т.б. анықтау үшін жүргізіледі.
Мақсатқа байланысты патенттік іздеудің бірнеше түрін: тақырыптық, атаулы (именной), нөмірлі және патентті- анологтарды іздеу деп ажыратады.
Ақпаратты - іздеу жүйесін (АІЖ) пайдалану құралына байланысты қолмен. механикаландырылған, автоматтандырылған түрлері пайдаланылады.
Техника саласымен маманның тез және толык танысуы үшін өнертабысты халықаралық классификациялау мүмкіндік береді (ӨХК-МКИ).
ӨХК 1954 ж. елдердің патенттік ведомстваларымен - Европа кеңесінің қатысушыларымен қабылданған.
ӨХК бойынша барлық өнертабыс сегіз бөлімге бөлінеді, олар латынның бас әріпімен таңбаланады:
А - тұтыну заттары,
В - өндірістік процестер,
С - химия және металлургия,
Д - текстиль және қағаз,
Е - құрылыс ісі,
Ғ - механика, жарықтандыру және жылыту,
С — физика,
Н - электричество.
Бөлімдер класқа бөлінеді, әрі индекс ретінде екі таңбалы а|іц| санымен 01-09 таңбаланады.
Е - құрылыс ісі 5 класқа бөлінеді.
1 класс. 1. Жол құрылысы, темір жол және көпір құрылысы таңба.
2 класс. 2. Гидротехникалық құрылыс - 02. 3. Су жабдықтары, канализация - 03
3 класс. 3. Жерасты құрылысы - 04 және т.б.
Кластар класшаларға белінеді, әрі латынның бас әрпімен таңбаланады. Мысалы: Е 04 С-құрылыс конструкциясының элементтері құрылыс материалдары. Класшалар бөлімдерге ажыратылады; оларді рубриктер деп атайды. Рубриктерді (тарауды) негізгі топ пен топшаларға ӨХК көлбеу сызықпсн (/) ажыратады.
Е 04С 1/00 - ғимараттың жеке бөліктерін жабдықтау үшін блок түріндегі құрылыс элементі.
1/04 - қабырға және тіректі жабдықтау үшін.
1/06 .. - қуыспен (боспен).
1/07.. . толық қуыспен (боспен) қапталған.
ӨХК «жалпыдан жекеге» принципі бойынша жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |