«Өзін-өзі басқару күні» ұстаздар мерекесіне арналған ««Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік жиынның бағдарламасы. Мақсаты



бет1/3
Дата01.10.2022
өлшемі25.54 Kb.
#461732
түріБағдарламасы
  1   2   3
Ұстаздар күні концерт


«Өзін-өзі басқару күні» ұстаздар мерекесіне арналған ««Ұстаз – ұлы есім» - атты мерекелік жиынның бағдарламасы.
Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс жүргізе білуге машықтандыру және келешек өмірлерінде әр нәрсеге жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен ұстаздарына деген құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Безендендіру: Шарлар, тақырыптық плакат, гүл, құттықтау плакаты, ұлағатты сөздер.
І кезең:
1. Таңертеңгі жиын
а) Мектеп директоры: Анар Қайыркенқызы Жаныгулова сөз сөйлейді
ә) ТІМ Абеуова Гульден Кусмановна сынып жетекшілер мен пән мұғалімдердің тізімін оқып, сабақ кестесі мен қоңырау кестесін таныстырады.
ІІ кезең:
2. ««Ұстаз – ұлы есім» - атты концерттік бағдарлама
а) Концерттік бағдарлама.
ІІ кезең:

  1. жүргізуші:

Санасына шәкірттің,
Білім нәрін сіңірген.
Ұстаз алдын көргендер,
Заман көшіне ергендер.
Абыройын асқақтат,
Орынын әркез төрден бер!
2 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…
1 - жүргізуші:
Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

  1. жүргізуші:

Көңілдеріңізді кірбін шалмасын, жүректеріңіз таза, мөлдір болсын. Арман- тілектеріңіз орындалып, аспандарыңыз ашық, жұлдыздарыңыз жарық болсын.
Ән: «Ұстазым менің»
1 – жүргізуші: Көпке үлгі өздеріңіз салған даралық
Бір сіздерден табылады даналық
Ортамызда аман-есен жүріңіздер
Ұрпақтарға тәлім беріп, дара нық.
2 - жүргізуші: Құрметті аталар, әжелер сіздерді қарттар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Әрдайым осылай арамызда бізге үлгі – өнеге көрсетіп, жадырап жүре беріңіздер! Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Анара Кайыркенқызы Жаныгуловаға береміз


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет