Өзіндік жұмыс Орындаған: Тақырыбы: Сыныптағы жұмысын жоспарлау әдістемесі мен техникасы. Мақсаты: Тәрбие жұмысын болжау, жобалау және құрастыру дағдыларын игеру



бет4/12
Дата17.02.2023
өлшемі76.68 Kb.
#469705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Өзіндік жұмыс

Дамытушылық қызметі– оның маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психикалық процестердің, оқушылардың жеке дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, білімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Осы бағыттағы жұмыстың мақсат-міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары, оның мазмұны мен формасын талдау ықпал етеді. Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда, өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым-қатынаста, моральдық бейнесінде, бастан кешірген және жүзеге асырылған жағдайларын қамтиды. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады:
1. Сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне әсерленуіне аударуды міндеттейді.
2. Баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды, әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді көздейді.
3. Жаңа мағлұматтарды іздеу сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігімен жұмыс істеу біліктілігі машықтандыру.
4. Коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу.
5. Этикалық норманы сақтай білуге дағдыландыру.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру талаптары
1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын дайындау және өткізу барысында бірінші кезекте оның мақсатын анықтау міндетті. Мақсатты белгілемеу немесе оны нақтылы жағдайына байланысты анықталмауы немқұрайлықты, жалаңдықты тудырады, мұғалім мен балалардың қарым-қатынасын селқостыққа және тәрбиенің кері нәтижесінің тууына әкеліп соғады.
2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде ондағы қол жеткізген нәтижені алдын-ала болжау, бұл жалпы мақсатқа жетуде әлеуметтік тәжірибені меңгерудің міндеттерін нәтижелі шешуге септігін тигізеді.
3. Сабақтан тыс тәрбие жұмысында оптимистік көзқарастары болуы қажет.
4. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы мұғалім немесе сынып жетекшісі жоғары тұлғалық сапаға ие болуы тиіс. Ол баламен ынтымақтастық қарым-қатынасты орнатудан бастау алады.
5. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында жаңа формалар мен тәсілдері үнемі ойластыру және оларды қолдануға бағытталған тұрақты шығармашылық ізденістердің болуы шарт.
6. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға оқушыларды түгелдей қатыстыру, әрқайсы талап-тілектерін ескеру, оларға нақты көмек көрсетіп, қабілетін шыңдау үшін үздіксіз жаттықтыру қажет.
7. Оқушыларға белгілі шараның тақырыбын, мақсат-міндеттерін алдын–ала таныстырып оларға қажетті материалды табу үшін тапсырма берілуі тиіс.
8. Тәрбие жұмысын барлық түрлерінде оқушыларды қоғамдық пайдалы істерге араласуына оларды қоғамдық белсенділігі мен өздігінен жұмыс істеуге құштарлығын тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет