П 15 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет14/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65
әдебиет теориясы

2.3.Фигураның түрлері.
Әдебиетте сөз өткір, тартымды, әсерлі болуы үшін, сөз таңдау, ауыстырып айтудан
да басқа әдістер қолданылады. Жазушы, ақындар кейде дағдыға синтаксисті аттап өтіп,
синтаксистен өзгешелеу түрін жасайды. Сөйлемде айтылып жүрген қалпынан өзгертіп
құрады.
1. Арнау
2. Қайталау
3. Шендестіру
4. Дамыту
5. Инверсия
6. Элипсис
Арнау: Жазушы не өзіне, не біреуге, көпшілікке қайыра сөйлесе,
арнау делінеді. Бұл үшке бөлінеді: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау
Қайталау: Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта
айтуды қайталау дейді. Қайталаудың да бірнеше түрі болады:
1. Жай қайталау
2. Анафора
3. Эпифора
4. Еспе қайталау
Дамыту: Сөйлегенде алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы оқиғадан соңғы оқиғаны
күшейтіп айтуды дамыту – градация деп атайды. Дамыту жай үшін, алдыңғы құбылыстан
соңғы құбылыс, алдыңғы сөзден соңғы сөз күшті боп үдей береді. Сондықтан ол адамды
тартқыш келеді.
Эллипсис (грекше – сөз тастап кету). Сөйлем құрастыруда айтылуға тиісті кейбір
сөздерді тастап жазуды эллипсис деп атайды. Оны жазушылар не сөйлемді қысқартып,
оқиғаны тездету үшін, не түрлі себептермен айтуға мүмкіндік болмай, бітпей қайғылы
қалыптарындағы сөздерін беру үшін қолданады.
Анафора: Анафора деп өлеңнің әр жолы бір сөзден басталып отыруын айтады.
Инверсия: Поэтикалық сөйлемдерде сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып
қолдануды инверсия деп атайды. Мысалы:
Келдік талай жерге енді,
Кіруге-ақ қалдық көрсе енді.
Қызыл тілім буынсыз,
Сөзімде жаз бар буынсыз,
Сөзімде жаз бар шыбынсыз.
Тыңдаушымды ұғымсыз
Қызыл тәңірім берген-ді.
Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де әжептәуір қажет тәсіл – айшықтау,
яки фигура (латынша figure – келбет, бейне) – сөз тіркестерін дағдылы синткасистік
қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу-ақ
– сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту.
Айшықтаудың (фигураның) түрлері көп.


Айталық, арнау – адамның, яки ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа
арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі. Арнауды Ахмет
Байтұрсынов әуелден үш түрге бөлген: жарлай арнау, сұрай арнау және зарлай арнау.
Кейін бұл үлгіге айналды.
Қалың елім, қазағым, қайраң жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың...
(Абай)
Бұл – жарлай арнаудың үлгісі: ақын жеке адамға емес, жалпы жұтқа қайырыла сөйлеп,
жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен.
Өн бойымды күш қысып,
Қаным неге қайнайды?
Ащы тілім ашынып,
Неменеге сайрайды?
Жас іркіліп мөлтілдеп,
Көзім неге жайнайды? (Ә.Еспамбетов).
(Қ.Бекхожин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет