Қысқасы, сарказм шығарма тіліне қылыш жүзіндей өткір сұс, тиген түсер тегеуірінде
күш бітіреді.
Троптың бір түрі – ұлғайту, яки гипербола (грекше hyperbole – үлкейтілген,
қомақты); тағы бір түрі – кішірейту, яки литота ( грекше litotes – қарапайым,қораш).
Бұлар да суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады,
сөздегі суретті
түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманың оқырманға әсерін
арттыра түседі.
Жауатын күндей күркіреп,
Жаңбырдай тері сіркіреп,
Құбылып ойнап жер басты,
Жалғасы ұшқан қоңыр қаз
Тозаңынан адасты,
Аттың жолы қазылды.
Ұмтылғанда қысылып,
Бес жүз құлаш жазылды,–
деген ұлғайтулар да аттың шабысын ақылға сыймайтын әлдебір қиял-ғажайып құбылысқа
айналдырып, оқырманды оқыс елең еткізеді.
Ал литота, гиперболаға керісінше, шамадан тыс ұлғайтылған құбылысты енді
құлдырата кішірейтіп көрсетеді:
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Етектейін еріннен
Қиған, қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты,
Жалбыраған жалынан
Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір құшақтай құйрықтан
Бір уыстай қалыпты.
(«Ер Тарғын»)
Бұл
мысалдарға қарағанда, ұлғайту мен кішірейту тәсілдері ауыз әдебиетінде, әсіресе
батырлар жырында көп қолданылған. Ондағы мақсат – тыңдаушы жұртқа тосын әсерлер
туғызу, оларды қызықтыру, сөйті, суреттеліп отырған образды шындықты көңілге ұялату.
Ұлғайту мен кішірейту тәсілдері жазба әдебиетте де, – поэзияда,
көсем сөздерде,
комедиялық һәм трагедиялық шығармаларда қолданылады. Бұл ретте, Т. Жароковтың «
Күн тіл қаттысындағы»:
Қарыңды қағып су қалдым,
Суыңды сілкіп бу қалдым,
Түніңнен таңатқыздым;
Жеріме жұлдыз жаққыздым...
Деген тұсты кезінде профессор Жұмалиевтің гипербола деуі өте орынды. Сонымен қатар
ұлғайту мен кішірейту біздің қазіргі әдебиетімізде көбіне
әсірелеу, яки
гротеск
(французша grotesque – оқшау,оқыс, оспадар) түрінде көрінетінін атап өткен жөн.
Әсірелеу де әдебиет пен өнердегі көркемдік тәсіл; мұнда адам немесе адам өмір кешкен
ортаның шындығы кейдекісі күлгендей, кейде жан шошығандай оқшау халде әдейі
өсіріле, не өшіріле суреттеледі. Әдеби тілді құбылту ғана емес, әр түрлі әдеби образдар
жасау үстінде әсірелеу тәсілін ұтықты пайдаланған жазушылар көп:
Францияда Рабле,
Англияда Свифт, Германияда Гофман, Италияда пиранделло – әсірелеу тәсілін, тіпті,
әдеби стиль дәрежесіне дейін көтерген суреткерлер.
Бір ескеретін нәрсе – ұлғайту мен кішірейту, я болмаса әсірелеу тәсілдерін қолданғанда
аса сақтық, шеберлік керек; бұларды олақ қолдану не болмасабұлармен орнсыз әуестену
жайдақтыққа, жасандылыққа апарды:
Қысқасы, көркем сөзді ажарлап қана өоймай, оны мазмұн жағынан да құбылта
құлпыртып, әрқашан «тілге жеңіл, жүрекке жылы тигізудің» тәсілдері
көптен-көп;
жоғарыда солардың кейбіреулерін ғана атап өттік
. Айта берсек, тіпті
табу (полинезейше –
tapu – бәрін белгімен білдіру),
перифраз ( periphraso – қайта айтып беру),
эвфемизм
(грекше euphemeo – сыпайылап сөйлеу) тағы басқа осылар тәрізді ауыстыру амалдарының
да бірқыдыру тіл құбылтар мүмкіндіктері бар және бұл тәсілдер, реті келгенде, кейбір
әдеби шығармаларда қолданылған, қолданылып та жүр.
Достарыңызбен бөлісу: