П 15 Пікір жазғандар


Бұл – жай қайталаудың үлгісі



Pdf көрінісі
бет16/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
әдебиет теориясы

Бұл – жай қайталаудың үлгісі. Тап туралы ерекше ұғым қалыптастырғысы келеді де, ол
сөзге бірнеше акцент жасап, бірнеше жерде арнайы қайталап отыр.
2)Сарыарқаның бір тауы бар,
Қалың зергер, құзды шаттар,
Бір тауы бар сымбатты.
Құзды шаттар қалың ну.
Сол таудан сен сыр тауып ал, Сарқырайды мұз бұлақтар,
Сыр тауып ал, қымбаттым.
Мұз бұлақтар у да шу..
(С.Сейфуллин).
Бұл – еспе қайталаудың үлгісі. Мұндайда ой мен сыр шынында да бір түрлі есіле
түйдкеткп, еселеніп келеді де, алдыңғы ұғымның аяғы соңғы ұғымның басына қайталана
көшіп, өлеңге әсем ауыз, әдемі әсер дарытқандай болады.
3) Ұйқыдан соң 
Жапырақпын
Жаңбыр шайып жаңарған.
Ұйқыдан соң –
Құспын
Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған.
Ұйқыдан соң –
Көк айдынмын
Мөлдіреген шайқалып.
Ұйқыдан соң 
Ну орманмын
Желбіреген жайқалып.
(С.Мәуленов).
Бұл - әдепкі қайталаудың, яки анафораның ( грекше anaphora – биікке шығару)
үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады.
4) Күншілдер өледі
Сұлулар өледі
Көңілін от қарып:
Құшақта тұншығып.
Батырлар өледі:
Арғымақ өледі
Борышын атқарып. Артыңда шаң қалып:
Бұзықтар өледі
Ақындар өледі:
Пышаққа құлшынып: Бөріне таң қалып!
(Қ.Мырзалиев).
Бұл – кезекті қайталаудың, яки эпифораның (грекше epiphora – соңынан алып
жүру) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ
ағындағы бір сөз бірнеше мәрте қайталанып отырады.
Фигураның бір түрі – шендестіру, яки антитеза (грекше antithesis – қарама-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет