П 15 Пікір жазғандар


қарсылық) – бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды



Pdf көрінісі
бет17/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
әдебиет теориясы

қарсылық) – бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды,
түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір


құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау,
аңғарту, елестету.
Мысал үшін «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің Қартқожаққа:
Қара жерге қар жауар
Қарды көр де, етім көр
Қар үстіне қан тамар
Қанды көр де, бетім көр, -
деп тақпақтап айтқан жұртқа мәлім жауабын немесе Абайдың «Қан сонарда бүркітші
шығады аңға» деп басталатын әйгілі өлеңіндегі түлкі мен бүркіттің арпалысын суреттеп:
Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар- аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға,-
деп жазған жақсы жолдарын әдебиет зерттеушілерінің бәрі шендестірудің үлгісі ретінде
ұсынып жүр. Өте дұрыс.
Шендестіру біздің бүгінгі ақындардың өлеңдерінде де жиі ұшырайды және жаңа,
жақсы шыраймен көрінеді. Бір ғана мысал:
Бояулар: қара, қызыл, қоңыр, сары...
Қолында суретшінің соның бәрі.
Тек сарымен бояса, нетер еді?
Онда тегіс құлазып кетер еді.
Тек қарамен бояса, қайтер еді?
Күндізі де түн бе деп айтар еді?
Ал бәрімен, әр түспен бояса ше?
Бәлкім, ару күлімдер қара шашты.
Бәлкім, гүлдер жайқалар алаулаған
Бәлкім, таулар мұнартар манаураған
Бір-бірімен тұтасып бояу біткен
Сәуле болып құйылар сонау көктен.
Сезімім кенет менің күбір етті.
Біріккен бояу қандай құдіретті?...
(Е.Ибраһим).
Фигураның бір түрі – дамыту, градация (латынша gradation – бірден-бірге күшейе
беру) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан
соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу. Мұның да жұртқа мәлім мынадай үлгілері бар.
Шырағым, Бурыл шу! – деді. Аяғын топ-топ басады,
Құбылып Бүрыл гуледі. Бір төбенің тозаңнын
Табаны жерге тимеді. Бір төбеге қосады.
Тау менен тасты өрледі. Кешке таман Тайбурыл
Төрт аяқты сермеді. Жын қаққанға ұсады.
Құлақтаң түбі терледі.
Құлан менен құлжаның
Тер шыққан соң өрледі, Марал менен бұғының
Адырды көзі көрмеді,
Ұзатпай алдын тосады.
Көлденең жатқан көк тасты Көл жағалай отырған
Тіктеп тиген тұяғы Көақұтан мен қарабай
Саз балшықтай иледі... Көтеріліп ұшқанша


Арандай аузын ашады, Белінен қия басады.
(«Қобыланды батыр»).
Қиқу салып құзға ұшқан,
Құздан-ақ мұзға ұшқан,
Мұздан биік бұлтқа ұшқан
Бұлттан биік көкке ұшқан
Қарулы қыран кім кім?
(Т.Жароков).
Осылардың қай-қайсысы да оқырманды бір түрлі еліктіріп, түйдектеле, еселене
келетін екпінмен ертіп әкетіп бара жатады. Градацияның мұншалық қызық әсерлі өлеңдегі
секілді прозалық шығармаларға да өзгеше рең береді.
Қазақ поэзиясында қолдану сипаттарына қарап градацияны, шартты түрде,
профессор Ысмайыловтың үлгісімен екіге бөлуге болар еді. Бір – түйдектету:
Адам ол – қайғырымпаз, қуанымпаз,
Жиіркенімпаз, сүімпаз, уанымпаз.
Дариядай шалқымпаз, шаттанымпаз.
Керкетімпаз,тасымпаз, суалымпаз.
(С.Мұқанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет