П 15 Пікір жазғандар


№2 практикалық сабақ тақырыбы



Pdf көрінісі
бет29/65
Дата27.11.2023
өлшемі0.97 Mb.
#484557
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
әдебиет теориясы

№2 практикалық сабақ тақырыбы: Сөз өнері жайлы ғылымның тууы мен қалыптасу
тарихы
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымының тууы мен қалыптасуы жөнінде
түсініктердің эволюциясына тоқталу.
Сабақ жоспары:
1. Қазақ әдебиеттану ғылымының бастау арналары
2. Түркі әдебиетіндегі әдебиеттануға байланыстыи ғылыми еңбектер
3. Абай, Шоқан, ы.Алтынсарин еңбектеріндегі сөз өнері мәселесі
Бақылау сұрақтары:
1.Әл-Фарабидің әдебиттануға қосқан үлесі қандай?
2.Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі
3.Шоқан қазақ өлеңдерін қандай жіктерге бөледі?
4.Абайдың сөз өнеріне қатысты ой-пікірлері қандай
5.Түркілік әдебиеттің басты өкілдері және олардың қандай шығармалары әдебиеттану
ғылымына бағытталған?
Глоссарий:
Әдебиет (араб сөзі – «асыл, үлгілі сөз») - өнердің негізгі түрлерінің бірі.
Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым
ӘДЕМІЛІК, ӘСЕМДІК – эстетикадан қолданылатын негізгі бір ғылыми ұғым,ғылыми
категория, өмір болмыстағы, көкем өнердегі адамның эстетикалық талғамына толық
сәйкестік танытып эстетикалық ләззат беретін нәрселер, құбылыстар деген мағынаны
білдіреді. «Әдемілік – ол өмірдің өзі» деген Чернешевский. Көркем әдебиетте ол-
әдеміні,көркемдікті уағыздау, дәріптеу. Әдебиеттің адамзат тірлігінің алуан түрлі
қатпарларын зерттегенде алдымен алға қоятын парызы эстетикалық санасын, әдемілік


сезімін қалыптастыру. Дүниені бейнемен тануды қалыптастырған бүкіл көркем өнер
тарихы осыны дәлелдейді. Теріс қылықты, ұнамсыз мінезді шақпақтай көрсете
отырып,көркемөнер алдына онан жирену, бас тарту міндетін қояды. Рас, оның пәрменді
болуы шығарманың шынайы көркем болуына байланысты,оқырман мен көрерменнің
даярлығына түсінік дәрежесіне қатысты. Кең мағынада көркем әдебиет қоғам санасында
әдемілік сезімін орнықтырып бекітуге белгілі бір мұратқа деген ұмтылысын риясыз
шындықпен суреттеу жолымен жетеді. Әдеміліктің эстетикалық категория ретінде
атқаратын міндеті өз алдына күрделі мәселе әдебиет әдемілікті әлеуметтік ортаға
қалыптасқан көзқарас ұғымдарға сүйеніп, айтылмақ идея мақсатқа бағындыра шешеді.
Бұл ретте әдемілік белгілі бейне арқылы сәулеленіп көрінетіні түсінікті (Әдебиеттану.
Терминдер сөздігі (Құрастырушылыр: З.Ахметов, Т.Шаңбаев) Алматы: «Ана тілі», 1998. –
384 бет. – 86-б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет