өзіне жатқыза беретін болса, онда ол адамда көлгірсушілік пайда
болады», - деген салмақты пікірінен айқын аңғаруымызға бола-
ды (Әл-Фараби, 1975. 19-20 бб.). Сол себепті кезекті бір ойында:
«Жаман мінез-кұлық - рухани кесел», - деп кесімді анықтамасын
бере қояды (Әл-Фараби, 1975. 21 б.). Жаман мінез-құлықтан арыл-
татын: «Адамның игі қылықтары мен жақсы эрекеттерін жасауға
көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер», - екендігін
білсек, «Адамның пасык істер мен оңбаған әрекеттер жасауына
себепші болатындары - сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық бо-
лып шығатынын байқаймыз» (Әл-Фараби, 1975. 188 б.). Бір сөзбен
айтқанда, Фараби адамдардың көздеген мақсатына жетуі тек өзіне
ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан өзін-өзі
үнемі жетілдіріп отыруы тиіс, сонда ғана ақиқатты, айналадағы
дүниені танып біле алады деп түйін жасайды.
Қазақстан журналистерінің кәсіптік эдеп мәселесімен шындап
бетпе-бет келгеніне көп уақыт өтпесе де, айтарлықтай тэжірибе
жинақтайтын уақыт жетті. Қоғамдағы буырканған өзгерістер,
баспасөз бостандығының берілуі, тэуелсіз басылымдардың кэп-
теп пайда болуы қазақстандық журналистиканың кәсіби эдебін
теориялық жэне тәжірибелік тұрғыдан зерттеу мэселесін қолға
алуды қажет етеді. Бұл ретте журналистік эдеп тарихының
тағылымынан сабақ ала білу парыз. Өйткені, кодекстер ж ур
налистке
бағыт
береді,
дұрыс
пен
бұрыстың
шекарасын
ажыратуға көмектеседі. Кейінгі бірнеше ондаған жылдар ішінде
журналистердің халықаралық ұйымдары, федерациялары құры-
лып, журналистік эдеп осы ұйымдардың бақылауындағы өзекті
мэселелердің біріне айналды. Мундай ұйымдардың негізгі мін-
Достарыңызбен бөлісу: |