P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


қазақ халқының ұлттық менталитетінің жоғалмайтын, өшпейтін



Pdf көрінісі
бет19/280
Дата17.09.2022
өлшемі7.74 Mb.
#460870
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

қазақ халқының ұлттық менталитетінің жоғалмайтын, өшпейтін, 
ұрпақтан-ұрпакка жалғаса беретін бір қыры. Ол сөз өнерінің 
белгілі бір саласы болғанымен, онда халықтың дәстүрлі мәдениеті, 
байырғы дүниетанымы, эстетикалық көзқарасы, көркемдік ой- 
лау ж үйесі тұтас көрініс тапқан. Сондықтан да, казак шешендік 
өнерінде көрініс тапқан ойлар, ғибраттар, өмір кұбылыстары жай- 
лы терең мағыналы толғаныстар, негізінен, тыңдаушы жұрттың 
ақыл-ойын, сана-сезімін билеуге, сол аркылы олардың танымын 
кеңейтіп, білімін молайтуға кызмет етеді.
Ш ешендік өнер - адамның шығармашылық еңбегінің бір са­
ласы. Ш ешендік өнер тиісті адамгершілік өлшемдерін, кісілік 
қасиеттерді эр қоғам мүш есінің біліп, өмірдің түрлі жағдайларында, 
тұрмыс-тіршілікте жүйелі түрде пайдалануын максат тұтады. Со- 
нымен бірге, шешендік өнер үлгілері эр қоғам мүш есіне белгілі 
кісілікті бойына сіңіріп, күнделікті өмірде сол қасиеттерді 
бұлжытпай басшылыққа алып, іс-тәжірибеде қолдануды мақсат 
түтатыны рас. Қазақтың дэстүрлі қоғамында батырдың да, бидің 
де өз орны болтан. Әйтсе де хандардың да, батырлардың да, 
байлардың да кемшіліктерін, қателіктерін бетке айтып, міндерін 
көрсетіп, жолдан тайғандарын түзетіп, тура жолға салушы би- 
лер болтан. Сондай асқан тапқырлыгымен, биік парасатымен үш 
жүзге аты тұтас жеткен Төле биді көзінің тірісінде Бұқар сияқты 
үлы жыраудың мадақтауы, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сынды 
алты алашқа қадірлі, жалпақ жұртты аузына қаратқан билердің 
ага түтынуы тегін емес. Төленің атақ-абыройы эз Тэуке ханның 
тұсында «Жеті жаргы» заңының ел ішінде таралуымен көтерілсе, 
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейін елге егін салды- 
ру мәселесімен де асқақтаган.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет