П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет10/31
Дата25.02.2016
өлшемі7.77 Mb.
#24316
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері».- Астана: Егемен Қазақстан, 2010.- № 33-3529 (25881).- Б.1-5.

  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. // Жайық ұстазы.- Орал, 2004.- №1(42).- Б.2-4.




  1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Егемен Қазақстан, 18.06.2010. Б. 9-10.

  2. Руссо Ж.-Ж. Эмиль, или о воспитании.- М., 1986.- 324 с.

  3. Френе С. Избранные педагогические сочинения / Перевод. с.франц.- М.: Прогресс, 1990.- 304 с.

  4. Духавнева А.В., Столяренко Л.Д. История зарубежной педагогики и философия образования. - Ростов на дону: «Феникс», 2000. – С.161-171.

  5. Щацкий С.Т. Избранные педагогические сочинение.-М., 1989.

  6. Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения.В 2-х т. Т2./ Под ред. А.В.Петровского.-М., 1979.- 400 с.

  7. Макаренко А.С. Педагогические сочинения.- М., 1984.- Т.1.-512 с.

  8. Давыдов В.В. проблемы развывающего обучения. - М., 1986. - 239с.

  9. Орлов В.А. Активность и самостоятельность учащихся // Педагогика.- 1998.- №4.

  10. Петровский В.А. Психология неадаптивной активности.- М., 1993.

  11. Смирнова Е.О. Детская психология. - М.: Владос, 2009.- 366 с.



А.Г. Муханбетчина

УСЛОВИЯ ФОРМИРОВАНИЯ АКТИВНОСТИ ДЕТЕЙ В ПРЕДШКОЛЬНОЙ ПОДГОТОВКЕ ПОСРЕДСТВОМ РАЗВИВАЮЩЕЙ СРЕДЫ
В данной статье рассматриваются условия формирования активности детей в предшкольной подготовке посредством развивающей среды. Раскрываются параметры и направления создания развивающей среды, характеризуются компоненты психологической подготовки детей к школе.

Ключевые слова: развитие, среда, активность, предшкола, подготовка, деятельность, игра.


A. Muhanbetchina

THE CONDITION OF FORMATION CHILDREN’S ACTIVITY IN PRESCHOOL PREPARATION BY MEANS OF THE DEVELOPING ENVIRONMENT
This article describes the condition of formation children’s activity in preschool preparation by means of the developing environment. This article deals with the parameters and directions of creation of the developing environment. The component of physiological preparation of children to school is characterized.

Key words: development, environment, activity, preschool, preparation, activities, game.

УДК 793.3(574)



Қ.Д. Айтқалиева - өнертану к.,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ

E-mail: Aitkalieva_kd@mail.ru
ШАРА ЖИЕНҚҰЛОВА БИ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Аңдатпа. Мақалада қазақ халқының тұңғыш кәсіби бишісі, ұстаз Шара Жиенқұ-лованың қазақ би мектебінің ерекшелігі анықталып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі орны ашылған.

Түйін сөз: өнер, хореография, сахна, би қимылы, тәрбие.
Танцует Шара.

Дочь последнего кочевника Средней Азии – казаха.

История и современность – в ее характере.

История и будущее – в поведении.

Сегодня, как сказали поэты, высокий полдень

ее солнечной судьбы.

Танцует Шара.

Она исполняет счастливые танцы Востока.

Танцует Шара.

Танец счастливой казахской девушки.
(О.Сулейменов. Из поэмы «Казахстан»)
Би. Бұл Шараның бүкіл шығармашылық өскен жолының, қалдырған өнер соқпағының айнасы іспетті. Жанына нұр шашып, биік белеске бастаған ұлттық өнердің мол шұғыласы Шара жүрегін қуанышқа бөлеп келеді. «Шараның биі ұршықтан басалады» деуші еді Құрманбек Жандарбеков. Би тұнып тұрған поэзия, сұлулық, қазақтың әні де, күйі де, сән-салтанаты мен тұрмыс-тіршілігі де содан нұрлы бастау алып жатқандай. Бәйге, көкпар, қыз қуу, келін түсіріп, той-томалақ жасауда қанша қимыл бар. Алаша тоқып, киіз басып, сырмақ оюдың өзінде қандай әдемілік кездеседі. Бұйығы Шара кезінен сол тау мен дала арасында тел өсіп, барлығын жанына тоқып бойжетті. Қошқар мен сыңар мүйіздер киіз басуда қалай өрнек тапса, қыран қанатының суылы да би тәңіриясына шабыт беретін.

Қазақ биінің жұлдызы, Қазақ КСР Халық артисі, қазақ КСР Мемле-кеттік сыйлығының лауреаты Шара (Гүлшара) Жиенқұлованың шығарма-шылығы халықтық өнердің кең қанат жайып, тамаша дамуына үлкен үлес қосып, ұлттық хореографияны әлемдік деңгейге шығарды.

Қай елдің ғылымында болмасын жеке бір тұлғаны сөз еткенде алдымен айтылатыны сол тұлғаның шыққан тегі, өскен ортасы, заманы.

Шара 1912 жылы 19 тамызда Верный қаласында (қазіргі Алматы). Оның әкесі Баймолда Жиенқұлұлы ағаш дайындаумен айналысқан бай адам болған. Көпбалалы отбасында Гүлшара өте сүйкімді болып өсті. Шешесі Тыныбаланың талап етуімен Шара алдымен медресе, соңынан орыс мектебінде оқыды. Сол кездегі қыздарға бұл жәй тән емес еді. Бала кезінен тоқыма, би өнерлерімен әуестенеді. Әрқашан да пысық және ширақ, үй шаруасындағы қарапайым міндеттерін жылдам бітіріп тастайтын кішкене қыз жайлаудағы еркін өмірге жан-тәнімен беріліп кететін. Бала кезінен Шара музыканы, әнді сүйді, күйлер мен олар туралы аңыздарды сағаттап тыңдайтын. Ұшқыр ойлы, жарқын мінезді ол қозғалысты ойындарды жақсы көретін және оларды өзі жиі де ұйымдастыратын. Ойлап табудан жалықпайтын ол жастар арасында беделді болды.

Туған жерінде еркін тыныстап, ертегілері мен аңыздарына құлақ түре, халық әуендерінің ырғағын еркін түсіне, әндері мен билерінде оның байлығы туралы айтатынын, бүкіл өмірін соған арнайтынын білмей тұрып, Шараның сезімтал жаратылысы халық өнерінің дархан сыйлығын бойына сіңіре берді. Орыс мектебіндегі оқудың алғашқы жылдарынан-ақ Шара барлық қоғамдық шаралардың белсенді мүшесі болды. Оны бәрінен бұрын сахна қызықтырады.

1925 жылы-ақ Шара оқушылар концерттік тобының құрамында ақылы концерттерде өнер көрсетеді. Театрмен қызу әуестену, өзіне тоқтаусыз тартатын сахна билігі Шараны одан әрі қызықтырып әкетеді. Өзін ән мен биде көрсетуге ұмтылу оның рухани қажеттілігіне айналады. Бұрынырақ аты Алматыға алмастырылған Верный қаласы 1929 жылдың мамырында Қазақ автономиялық республикасының астанасы болды. Жаңа астананың мәдени өміріндегі тамаша жаңалықтардың бірі – репертуарында қазақ драматургтері М.Әуезов, Т.Жароков т.б. пьесалары жүріп жатқан Қызылордадан (бұрынғы астана) көшіп келген қазақ драма театры болды. Театр А.Пушкиннің, Н.Гогольдің, Н.Погодиннің, В.Шекспирдің шығармаларын қойды.

1928 жылдан бастап 1933 жылдар аралығында – Шара ұлттық драма театрының артисі. Театрда Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Мәлике Шамова, Күләш Байсейітова сияқты көрнекті актерлермен қатар қызмет еткен жылдардың еңбек жолын жаңа бастаған актер үшін зор маңызы болды. Бірақ мұнда да, драма театрының сахнасында да Шара ән салып, би билесем деген тілегі тастамайды. Сондықтан 1933 жылы театр жанынан музыкалық студия ұйымдастырылғанда, ең бірінші мүшелердің қатарында вокал және үйлесімділік сабақтарын ала бастайды.

1934 жылы студиялықтар «Айман-Шолпан», «Шұға» пьесаларын қояды және өздерінің ең жақсы спектаклі – «Қыз Жібек» операсын жасап шығарды. Сол жылы музыкалық студия Мемлекеттік музыкалық- драмалық театр болып құрылды. Бұл жыл оның шығармашылығындағы ең тамаша жыл болды. Оның шынайы талантын ашқан музыкалық театрға келуі, балетмейстер А.Александровпен кездесуі оның өнеріндегі жолын айқындап берді – балет артисінің, ұлттық хореографияны белсенді жасаушының жолы.

Бишінің көрікті сыртқы келбеті; іскер жігерлілігі биші қолының ғажайып нәзік үйлесімділігімен реңдене түседі. Қоюшылар Али Ардобустың, М.П.Арцибашеваның би әдістерін еркін түсініп, орыс және өзбек билерінің қимылдарымен алмастыра отырып, Шара тек қазақ хореографиясына ғана тән мүлдем жаңа сипаттар жасады.

1938 жылы тұңғыш ұлттық балет «Қалқаман-Мамыр» спектаклінің премьерасы өтті, балеттің музыкасын жазған композитор В.Великанов, Шара осы балетте Мамырдың бейнесін сомдады.

1938 жылы Шара Жиенқұлова қазақтың ең алғашқы «Амангелді» көркем фильміндегі басты кейіпкер – Балымның рөліне шақырылады. Ленинград киностудиясында жүргізілген кино түсірілімі кезінде биші қазақ билерінің қойылым үшін шақырған И.А.Моисеевпен қоян-қолтық шығарма-щылық ынтымақтастықта жұмыс істейді. И.Моисеевпен бірге жұмыс істеуі бишінің одан арғы шығармашылық жолын айқындап берді.

1940 жылы Қазақтың мемлекеттік Жамбыл атындағы филармония-сының жанынан ән-би ансамбілі құрылды. Республиканың үкіметі әртіске қолдау көрсетті. Ш.Жиенқұлованың 1940 жылдан 1966 жылға дейінгі шығармашылық қызметі осы ансамбльмен сабақтас: ол осы ұжымның көркемдік жетекшісі де, жеке бишісі де болып қызмет атқарды. Бишінің репертуарында – қазақ және әлем халықтарының билері. Қазақ билерін дайындау кезінде биші халық шығармашылығын кеңінен қолданып, ұлтымыздың тұрмысын, ғұрыптарын, салт-рәсімдерін мұқия зерделеді: би қимылдары аңыздардың, өмірден байқағандарының негізінде туындады. Биші сомдаған билер ешқашан өзінің тартымдылығын жоғалтқан емес және олар қазақ хореографиялық өнерінің классикалық дүниесіне айналды. Олар - қиял мен елестетуден пайда болған ұмытылмайтын «Тәттімбет», «Айжан қыз», «Қара жорға» билері еді.

1965 жылдан 1975 жыл аралығында Шара Жиенқұлова педагогикалық қызметпен айналысады. Алғашында Алматы хореографиялық училищесінің халық би бөлімінің меңгерушісі, соңынан оның директоры болды. Педаго-гикалық қызметінің бұл жылдары оған көп қуаныштар мен қынжылулар әкеледі. Ш.Жиенқұлова училищеде қызмет істеген алғашқы күндерінен-ақ алдына міндет етіп балет мектебі үшін бөлек ғимараттың салынуына қол жеткізуді қояды (Ол жылдары хореографиялық училище Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның екінші қабатында орналасқан еді). Училищенің жаңа ғимаратын салуды өтініп ол тоздырған табалдырықтар өз жемісін берді, құрылыс басталды. Қазір қазақтың тұңғыш ұлттық бишісі Шара Жиенқұлованың қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің хореогра-фиялық өнерінің өзінің ғимараты, өзінің мектебі бар, онда күннен күнге, жылдан жылға хореографияның жас таланттары өздерінің шеберлігін шыңдайды. Шәкірттерді іріктеп алу кезеңдерінде олардың тек бишілерге тән мүмкіндіктері мен дене бітіміне ғана мән бермей, бет-әлпетіне де аса зор көңіл бөлген еді.

Шара Жиенқұлова би өнерін тек бір өзі ғана игеріп, бір өзі ғана сахнада билеуді мұрат тұтқан емес. Шәкіртсіз ұстаз – тұл. Өнер биігіне көтерілген сайын, өнер құпиясына молынан қаныққан сайын, оның тылсым сырларын өзінен кейінгі жастарға үйретуге бел шеше кірісті.

Шара – абзал ұстаз, ұжым жетекшісі болды. Ол бишілік-практикалық жұмысына теориялық педагогикалық жұмыстарды ойдағыдай ұштастырып келді. Оның педагог-балетмейстерлер мен жас орындаушыларға арналған «Қазақ билері» (1955), «Тайна танца» (1980), «Өмірім менің - өнерім» (1983), «Сымбат» (1987), «Танцы друзей» (1989) атты көптеген кітаптары жарық көрді.

Қазақ биі негізінен қол, бас, мойын, көз, иық секілді түрлі дене мүшелерінің қимылдарымен биленеді. Ал оны біз қиюын тауып, үйлестіре білсек, қазақтың ұлттық биінің өз ерекшелігі танылады. Шара бұл жөнінде «Би туралы сабақ» деген кітап жазды және сол кітап бойынша мектепте сабақ жүргізді. Сонымен қатар, оған өз елінің тұрмысын, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін зейін қойып үйрене білуіне де өте көп пайдасы тиді. Әсіресе, ел арасында гастрольдік сапармен шығуының көмегі өте зор болды. Сонда оның назар аударғаны – Оңтүстік Қазақстан халқының киімі мен музыкасынан солтүстік Қазақстан тұрғындарының киімі мен музыкасының айырмашылығы болғаны. Шара кәрі құлақ қариялардың әңгімелеріне ден қойып, хиссалар, ертегілер, өлеңдер, ән-күйлер тыдады. Бұлар оның халық қазынасынан нәр алған өнерінің өсуіне көп жәрдемін тигізді. Сөйтіп бұл билер басқа туысқан халықтар биінің қатарынан өз орнын алып, заңды түрде «Қазақ биі» деген атқа ие болды. Көп жылдар бойы тынымсыз тірнектеп жинап, моншақтай теріп жүріп жетпіске тарта қазақтың ұлттық билерін шығарды, қырық биді сахнаға қойды. Оның ішінде жеке билер де, топтасып орындайтын билер де бар. Мұның бәрі ұлттық негізге құрылған, мазмұн-мәні, идеясы анық, билік нақыш-өрнегі сұлу, нәзік, әрі түсінікті билер. Шара билерінде батысқа және шығысқа еліктеушілік болған жоқ, оның еңбегінде ұлттық мінез әркез сақталды. Билері, оның ішінде қазақ билері арқылы жас ұрпақ қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салтымен, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп келе жатқан қасиетті дәстүрлерімен танысады. Шара апамыз құрып беріп кеткен қазақ би мектебі жастарымызды әдемілікке, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуде орасан зор рөл атқарады.

Би өнерінің өзінде адамның пластикалық жарасымының дамуына әрі үйлесімді жәрдемдесетін қасиеттер бар. Оқушылар би үйірмесіне қатысу арқылы ең алдымен денсаулығын нығайтады. Жеңіл қимылдауға, шапшаңдыққа, қажырлыққа, кеңестікте бағыт ұстай білуге жол ашады, қимылдың формасы мен бағытының дұрыстығын сезіне білуге тәрбиелейді. Би – денесінің сымбатты болуына, жүргенде бұралаң-қисалаңсыз, оғаш сөлекеттсіз болмауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қоса мектеп қабырғасындағы ұжымдық биге үзбей қатынасып жүретін балалармен, қыздардың бір-бірімен еркін әңгімелесіп, өзара қысылмайтындағын, сыпайы келетінін аңғарамыз. Шара Жиенқұлова өзінің «Сымбат» деген кітабында былай дейді: «Би өнерінің әліппесі ең алдымен денені түзу ұстап үйренуден басталуға тиіс. Кейбір жастардың жүріс –тұрысы сөлекеттеу болып келеді. Мәселен, денесін былық-сылық бос ұстап, екі иығын ретсіз қомдап, қолдары епетейсіз салбырап, мойнын ішіне тартып бүкірейтіп жүретіндер бар. Әсіресе, қыз балалардың жүрісі өте әсем болғаны жөн. Мысалы, екі аяқтың ұшын ішке қаратып шалыс жүріп әдеттенгендіктен, кейбір қыздардың аяқтары «қисық» көрінуі әбден мүмкін. Мұны түзеп, қалыпқа келтіру адамның өз қолындағы іс» [1, б. 28].

Шара Жиенқұлова қазақ биіне көптеген мазмұнды қазақ қимылдарын енгізді. Олар:



  1. Қазақтың қолөнер үлгілерінен туындайтын би қимылдары; тұмар-ша, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, киік мүйіз, арқар мүйіз, тарақ, ирек, қурай гүл, шаңырақ, шынжыр жол, ашамай, қияқ гүл, құс мұран, үкі аяқ, көбелек, құс қанаты, ай қияқ, жұлдыз, қос өркеш, қос жылан.

  2. Тұрмысқа байланысты туындайтын би қимылдары; сәлем (әйелдер), сәлем (ерлер), сәукеле, түбек, торсық, кебеже, кереге көз, құрт сығу, беташар, айна, бота мойын, арқан, ожау, ою, ши орау, саба пісу, тары түю, киіз басу, жүн сабау, алатау, ұршық, өрмек, қазақ үй, тақия.

  3. Ерлердің іс-әрекетінен туындайтын би қимылдары; ақын, қосаяқ, малдас құру, алтыбақан, насыбайшы, бүркіт, теңселме, тізе бүгу, ақ сандық, көк сандық, тең арқалау, шалғы, аударыспақ.

  4. Қазақтың ұлт ойындарынан туындайтын би қимылдары; күрес, садақ ату, күміс ілу, атқа міну, сайыс, ат шабыс І түрі, ат шабыс ІІ түрі, ат шабыс ІІІ түрі, ат шабыс ІV түрі, ат шабыс V түрі.

  5. Домбыра аспабына байланысты туған би қимылдары; отырыс, домбыраны жоғары көтеру, домбыраны тік ұстау, домбыраны оңға ұстау, домбыраны алға ұстау.

Шара би қойылымдарында сол халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын тағы басқа ұлттық ерекшеліктеріне тән қимылдармен өрнектеді. Мысалы, «Айжан қыз» - жеке би. Құрманғазының күйіне қойылған. Бірде қазақтың атақты үш халық күйшісі кездеседі. Оның бірі домбырашы Айжан қыз екен. Ол өз ортасында өжет қыз атаныпты. Дарынды, ешқандай қорлық-зорлыққа мойын ұсынып қорықпай, ескі салт дағдыларына бағынбай тойда, жиында, сауық кештерінде домбыра шертіп, күй шығарады екен. Соған орай, оның өнерін де халық сүйсіне тыңдайды. Кезінде Құрманғазымен кездесіпті. Оның осындай ашықжарқын алғыр мінезіне, өнеріне сүйсінген Құраманғазы «Айжан қыз» деген күй арнап шығарды. Би осы күйдің ырғағына қойылды. Шара би миниатюрасында жастық шақтың салтанат құруын көрсетеді. «Айжан қыз» биінің бірінші бөлімінде нәзік, биязы қыздың тал бойындағы ерекше әсем қимыл баяндалса: екінші бөлімінде жігерлі, қажырлы домбырашы қыздың буырқанған күш-қайратын күйдің тартқан сәтіндегі саусақтарының көз ілеспейтінқимылын, орындау шеберлігін, қызу қандылығын, тебіреніс толқынын көрермендердің көз алдына анық елестетіп беруше Шара апа көп күш салған болатын.

«Қос алқа» - қыз бен жігіттің жұптасып билеуіне арналған би. «Қос алқа» Дәулеткерейдің күйі. Күй өзегіне дала қызғалдағындай құлпыра өскен ерке қыздың сүйген жігітімен өзен бойында кездесу сәті алынған. Ат суарған боп су басына келген жігіттің де жүрегі лүпілдеп қызды күтіп тұрады. Ынтыққан қос жүректің мөлдір махаббатын бар аймақ құптағандай: судың ағысы да, кешкі самал желдің сыбдыры да қуаныш күйін тартқандай муызка болып естіледі. Асыға күткен қызы жүрегінің дүрсілі, құлағындағы сырғасы мен мойнындағы қос алқаның сылдыры қол ұстасқан қыз бен жігіттің би ырғағына айналды.

Құрманғанзының атақты «Сарыарқа» күйін алғаш рет тыңдағанда Шара апаға кең далада жосылған арғымақтардың шабысы, қыз қуу ойыны бірден көз алдына келеді. «Сарыарқа» күйіне би шығару апамыздың көпке дейінгі сәті түсіп, іске аспай жүрген арманы болған еді. Сөйтіп күй ырғағына «Қыз қуу» биін бір үлкен концертте шағарады. Оны Шара өзі билеп шығады. Би көрермен қауымның құптауына ие болды. Шара оны қай сахнада билесе де үлкен табыспен өтіп жүрді.

Шара апамыздың өте әсем биінің бірі - Латиф Хамидидің әніне қойылған «Қазақ вальсі». Осы шығарманы біз әншілеріміздің орындауында сан рет естіп жүрміз. Ал Шара «Қазақ вальсін» би тілінде өзінше баяндайды, музыкаға сай толқыған би кестелерін тоқиды, әдемі, қызғылықты би қимыл композициясын жасайды. Кейде кербез, кейде ұршықша үйірілген әсем дене қимылдары, бет мимикасы арқылы биші қазақ жастарының шаттық көңіл-күйін, бақытты өмірін бейнелейді. Шара өзі орындауға тиіс вокалдық-би сценарилерінде, хореографиялық суреттемелерде бүгінгі күннің рухын беруге көп көңіл бөлді.

Репертуарындағы әртүрлі ұлттар билерімен қоса Шара қазақтың әр алуан сипаттағы халық әндерін де биге қосады. Әндер ырғағына, мақамына қарай билеп қана қоймай, әндердің сөздеріне орай түрлі-түрлі мимикалар жасап, ойнай да алады. «Молдабай», «Нақ-нақ», «Жариям айдай», «Қыздар-ай», «Әне, гүл-гүл тамаша», «Бипыл», «Сәулем-ай», «Мерген» т.б. сияқты халық әндерін әсем түрлентіп орындағанда, жұрт мейлінше разы боп, рахаттанып қалатын еді. «Мен бидегі барлық жаңалық пен жақсылыққа құштармын. Бірақ бірінші кезекке өзімнің ұлттық биімді қоямын. Әрбір азамат өз халқының өнері үшін титтей де болса үлесін қосуы керек. Сонда ол өз халқының ұрпағы болмақ» - деген Шара апамыздың жас ұрпаққа қалдырған керемет өсиеті бар [2, б. 109].

Сонымен, Шара Жиенқұлованың сиқырлы сазды ұлттық би мектебі жас ұрпақты жарасымды етіп тәрбиелеудің аса пәрменді құралы, бұл – адамгершілік пен көркемдік сезімнің дамуында үлкен рөл атқарады. Оның би мектебін оқып үйрену жас ұрпақты иманжүзділік пен көркемдік дәстүрлерге баулып, халықтың рухани әлеміне терең бойлатады.



Әдебиеттер

  1. Жиенқұлова Ш. Сымбат. - Алма-Ата: Госиздат, 1955.– 348 б.

  2. Шара. Құраст. К.Диярова. – Алматы: Өнер, 2005. - 160 б.

  3. Жиенқұлова Ш. Өмірім менің өнерім.- Алматы: Жазушы, 1992. - 112 б.

  4. Қазақстан хореографиясының тарихы. Оқулық авторлары: Т.Қышқашбаев, Ә.Шаңқыбаева, Г.Жұмасейітова, Л.Мамбетова, Ф.Мусина. – Алматы: Издат. Маркет, 2005. - 272 б.

  5. Сарынова Л. Балетное искусство Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1976. -176 с.



К.Д. Айткалиева

Воспитательное значение школЫ танца Шары Жиенкуловой
В статье рассматривается воспитательное значение школы казахского танца танцовщицы, педагога Ш.Жиенкуловой.

Ключевые слова: искусство, хореография, сцена, движение танца, воспитание.


K.D. Аitkalieva

Educational meaning of the dance school of Shara Zhienkulova
In article educational value of movement in the Kazakh dance of the dancer, teacher Sh.Zhiyenkulova is considered.

Key words: art, choreography, scene, dance movement, education.

УДК 37.036



К.Д. Айткалиева – к. искусствоведения, доцент,

ЗКГУ им. М.Утемисова

К.К. Кадырбекова – магистрант,

ЗКГУ имени М.Утемисова

Е-mail: karla-dance@mail.ru
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ЭСТЕТИЧЕСКОГО

ВОСПИТАНИЯ МОЛОДЕЖИ
Аннотация. История развития педагогической мысли свидетельствует о том, что проблемы эстетического воспитания молодежи были актуальными всегда. Они волновали умы просветителей прошлого, не потеряли своей значимости и на современном этапе развития общества. С уровнем эстетической воспитанности граждан исследователи связывают прочность осуществляемых реформ, прогрессивный характер развития государства. Именно это обстоятельство является показателем актуальности проблемы нравственно-эстетического воспитания учащейся молодежи.

Ключевые слова: воспитание, хореография, искусство, эстетика, культура.

Эстетическое воспитание предполагает общую эрудированность личности в области национальной культуры, приобщение ее к народному искусству - песенному, танцевальному, хореографическому, изобразитель-ному, декоративно-прикладному - данный аспект воздействия на личность является особенно актуальным в современном образовании. Актуальной становится проблема повышения эффективности влияния эстетического воспитания не только на интеллект, но и на чувства молодежи, ее духовный мир. Учитывая это, важной проблемой является формирование в человеке самостоятельного отношения к действительности и искусства, содействие развитию и образованности личности, привлечение ее к духовным, национальным и общечеловеческим ценностям, а также к художественно-творческой деятельности. Следовательно, особую актуальность именно сегодня приобретает тезис "От человека образованного - к человеку культуры", определяющий возрождения национальной интеллигенции, созда-ние внутренних предпосылок для развития творческой индивидуальности.

Наряду с этим отметим, что теоретические и методические аспекты использования воспитательного потенциала семейных традиций в процессе формирования у молодежи эстетической культуры еще недостаточно разработаны. Осуществление анализа современного состояния эстетического воспитания молодежи, разработка образовательных программ подтверждают, что этот резерв народной культуры не всегда используется должным образом.

Способность юношеского возраста к глубокому, эмоциональному, адекватному восприятию обусловлена развитием самосознания и обогащением эмоционального мира, которые вызывают у юношей и девушек множество новых эстетических переживаний. В этом возрасте школьники стремятся найти и понять истину. Как показывают психолого-педагогические исследования, с наступлением духовной зрелости ученики обращаются к искусству по нравственным вопросам. Но они готовы также и к усвоению достаточно сложных теоретических знаний. В этом возрасте усиливается ценностно-ориентационное деятельности сознанию, поиск смысла жизни, самостоятельное определение всех моральные, политические, эстетических идеалов. У старшеклассников проходит интеллектуализация восприятий. Восприятие искусства у старших школьников приобретает самостоятельного характера. Они стремятся обосновать свои пристрастия и идеалы в области искусства на основе теоретических знаний и путем логических размышлений: сознательно мотивируется цель, отмечается настойчивое стремление достичь ее, оценить явление с позиции критерия, основанного эстетической закономерностью. [1, c.93].

Именно в юношеском возрасте проходит становление эстетического сознания учащихся. Вследствие этого, у старшеклассников нередко наблю-даются резкие изменения в поведении, серьезные эстетические переориен-тации, что делает особенно важным момент эстетического воспитания и образования, обогащение учащихся широким кругозором историко-культурных знаний об искусстве, принципам общечеловеческой морали.

История развития педагогической мысли свидетельствует о том, что проблемы эстетического воспитания молодежи были актуальными всегда. Они волновали умы просветителей прошлого, не потеряли своей значимости и на современном этапе развития общества. С уровнем эстетической воспитанности граждан исследователи связывают прочность осуществляе-мых реформ, прогрессивный характер развития государства. Именно это обстоятельство является показателем актуальности проблемы нравственно-эстетического воспитания учащейся молодежи.

Само понятие «воспитание» определяется как управляемый педагогами - профессионалами процесс последовательного и неуклонного восхождения ребенка к достижениям культуры в целях максимального развития всех потенциальных способностей личности ребенка и во имя счастья жизни подрастающего человека, организуемого как взаимодействие с миром на уровне современной культуры .

Яркую и образную характеристику воспитанию в древней Греции дал Гомер в поэмах «Илиада» и «Одиссея»: воспитанники находились под присмотром наставников, которые прививали им навыки красноречия, письма, владения музыкальными инструментами, военным искусством.

Об обучаемости и необходимости освоения нравственности говорил древнегреческий философ Гераклит: «Всем людям дано познавать самих себя и быть целомудренными». По Гераклиту, человек должен хорошо представлять свои собственные качества, способности, в соответствии с которыми он управляет своими поступками и поведением.

Особый интерес представляют идеи о воспитании Демокрита. Философ придавал большое значение формированию у молодежи трех основных навыков: «хорошо мыслить, хорошо говорить, хорошо делать». И для этого необходимы постоянные упражнения: «Хорошими людьми становятся скорее от упражнения, нежели от природы..., воспитание перестраивает человека» [3, c. 383].

Интерес представляют поучительные фразы, которые встречаются в древних письменах. К примеру, в Антологии педагогической мысли Казахстана читаем: «Самые ранние образцы письменности дальних предков современных казахов называются орхоно-енисейским или древнетюрским руническим письмом. Среди таких письменных памятников наиболее известны надписи на камнях в честь Бильге-Кагана и его брата полководца Кюль-Тегина (VI в.)... В педагогическом плане особого внимания заслуживают следующие строки этих надписей: «Слушай внимательно, сообрази глубоко», «Мой брат сделал меня человеком» и др.» [3, c. 383].

Вопросы нравственно-эстетического развития человека аль-Фараби рассматривал, связывая музыкальное искусство и науку о воспитании. Он полагал, что в формировании личности очень важно развивать способности, интеллект, моральные качества, поощрять стремление к творчеству. «Человек стремится всем своим существом к счастью, к прекрасному и достигает счастья только тогда, когда ему присуще прекрасное и он способен к сохранению этого прекрасного» [2, c. 623].

В исследовании проблемы нравственно-эстетического воспитания молодежи нельзя не отметить труды Жан-Жака Руссо. Участвуя в 1749 году в конкурсе Дижонской Академии, он написал трактат на тему: «Способствовало ли возрождение наук и искусств улучшению нравов?», в котором обличал старый общественный уклад, где наблюдалось много социальной несправедливости. Ж.Ж. Руссо считал, что человек от природы добр, равноправен, он создан для счастливой жизни. В последующих произведениях философ, рассматривая вопрос о человеческой сущности, особое значение придает воспитанию, которое должно было основано на принципах гуманизма, бережного отношения к природе, формирования нравственных привычек и поступков.

Казахский народ чтит имя великого философа, акына и просветителя Абая. В его произведениях подвергается беспощадной критике невежество, духовная нищета и, наоборот, возносятся качества людей, определяющиеся высокой нравственностью, творческими способностями и трудолюбием. «Человек не должен увлекаться щегольством, ибо, поддавшись соблазну однажды, он не сможет легко побороть его, а значит, потеряет свой облик. Красивым и сильным делает человека его ум, эрудиция, честь и обаяние. Больше ничто. И глуп тот, кто хочет возвыситься иным путем», - пишет Абай в «Словах назидания» [3, c. 383].

Много ценных идей в аспекте нравственно-эстетического воспитания содержат произведения В.А. Сухомлинского. «Воспитание моральных, интеллектуальных, эстетических чувств в их тесной взаимосвязи имеет практическую целенаправленность: научить молодого человека управлять своими желаниями, сознательно ограничивать их, быть властелином желаний, воспитывать в себе благородные человеческие потребности», - пишет известный педагог советской эпохи.

Современный этап развития общества характеризуется формированием граждан ХХI века, где стоит острая необходимость нравственно-эстетического образования.

Известно, что общечеловеческие ценности формируются через взаимодействие семьи, школы и общества. Нынешнее поколение выросло в эпоху рыночной экономики, где коренным образом поменялись отношения между людьми, что отразилось на ценностных ориентациях молодежи. В обществе получило распространение отношение людей друг к другу, основанное на принципе: «ты - мне, я - тебе». Соответственно, у молодых людей стали все больше проявляться качества прагматического толка. Имеет место индивидуализм, граничащий с жесткостью, а то и с жестокостью. В отношениях с родителями наблюдаются случаи потребительской психологии, стремления собственного благополучия, карьерного роста любой ценой, возможно, легким путем, не требующим большого труда.

Изучение проблемы формирования нравственно-эстетической воспи-танности учащейся молодежи (школьников, студентов) показывает, что необходимо направить учебный процесс на использование форм, методов и средств обучения с содержанием высоких нравственных понятий, эстети-ческих ценностей, наглядного представления достижений мировой культуры.

Любой учебный предмет: математика или литература, история или география, каждый из них несет смысловую нагрузку, определяющую нравственно-эстетический потенциал урока. Эстетика гармонизирует и способствует развитию духовной сферы человека, творческого отношения к деятельности, формированию нравственных поступков. Научить молодого человека воспринимать красоту природы с бережным к нему отношением, формировать ответственность за красоту окружающей среды, способствовать овладению культурой общения и этикой поведения - задачи нравственно-эстетического воспитания учащейся молодежи. [4, c.208].

Следует отметить, что все еще остаются в тени исследовательские проблемы формирования у молодых людей грамотного восприятия музы-кального искусства, классического наследия прошлого. В особенности это касается песенного творчества отечественных и зарубежных композиторов. Зачастую молодежь исполняет песни, не имея достаточных знаний языка для понимания содержания текста. Проблема взаимоотношений чувственных и рассудочных знаний является чрезвычайно важной в нравственно-эстетическом воспитании молодежи.

Данная проблема тесно связана со следующей. На мой взгляд, требуют глубоких исследований принципы разработки учебников, учебно-методи-ческих пособий, где задачи нравственного содержания должны тесно взаимо-действовать с эстетическим изложением материала. Учебник, характери-зующийся как объективно-научный, ценностно-ориентированный и эстети-чески оформленный, нацелен на формирование широких познаний в соче-тании с эстетическим отношением к учебно-познавательной деятельности.

В решении проблемы нравственно-эстетического воспитания учащейся молодежи важное значение имеет самообразование и самовоспитание. Профессиональная деятельность педагогов определяется направленностью обучающегося на самообразование в аспекте духовного развития, самосовершенствования, самоактуализации сил и способностей.

Хореографическое искусство всегда привлекало к себе внимание молодежи. Оно приобрело широкое распространение в дошкольных учреждениях, общеобразовательных школах, вузах. Хореографические отделения в школах искусств и хореографические школы показали себя на практике как перспективная форма эстетического воспитания детей и подростков, в основе которой лежит приобщение их к хореографическому искусству. Оно обеспечивает более полное развитие индивидуальных способностей детей, и поэтому обучение в хореографических коллективах должно быть доступно значительно большему кругу детей и подростков. Они любят искусство танца и посещают занятия в течение достаточно длительного времени, проявляют настойчивость и усердие в приобретении танцевальных знаний и умений. Используя специфические средства искусства танца, заинтересованность детей, преподаватели хореографии имеют возможность проводить большую воспитательную работу.

Итак проблемы нравственно-эстетического воспитания требуют комплексного подхода к изучению, учета всех факторов, имеющих воздействие на учащуюся молодежь, создания эффективных условий для формирования качеств нравственного поведения и высокой культуры



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет