Функциональды әдістер.
Зимницкий әдісі бойынша зәрді зерттеу.
Зимницкий әдісімен бүйректің қызметін анықтау үшін несепті тексереді, бір тәулік бойы 3 сағат сайын, тәуліктік диурезді 8 рет бөліп жинап (4 рет күндіз, 4 рет түнде), әр байқаудың мөлшерімен салыстырмалы тығыздығы анықталады. Зерттейтін күні ішетін сүйықтығы 1-2 литрден аспау керек.
Несепті қантқа жиыстыру.
Мақсаты: Несепте глюкоза бар жоғын анықтау.
Таңғы сағат 6-да қуығын босатуын сұрайды (ол есепке алынбайды). Келесі несеп тәулік бойы жиналады (келесі таңғы сағат 6-ға дейін). Келесі күні жалпы жиналған несепті өлшеп, араластырып, 100 мл ыдысқа құйып алып, жолдаманы ыдысқа жапсырып, зертханаға жіберіледі.
Зәрді глюкозуриялық профильге жинау.
Мақсаты: диагностикалық, несептегі қанттың (глюкоза) мөлшерін анықтау.
Қуықты түнгі зәрден 600 босатып, 1-ші порцияны сағ 600 сағат 1400 дейін жинау
Екінші порцияны сағат 1400 сағат 2200 дейін;
Үшінші порцияны сағат 2200 сағат 600 дейін жинайды;
Келесі күні жиналған несепті өлшеп, араластырып, әр ыдыстан 100 мл құйып алып, мөлшерін белгілеп, жолдаманы ыдыстарға жапсырып, зертханаға жіберіледі.
Копрологиялық зерттеу/ нәжісті зерттеу/
Нәжістің жалпы анализіне /копроцитограммаға/ нәжістің физикалық, химиялық қасиеттері және микроскопиялық зерттеу кіреді, нәжісті құрғақ, таза, шыны ыдысқа, несеп және жыныс жолдарының бөліністерін тигізбей жинайды. Нәжісті бөлінгеннен кейін 8-12 сағаттан асырмай, зерттеу керек. Пациент нәжісті зерттеу алдында дәрі ішпеу керек және нәжісте жасырынды қанды анықтағанда 3 күн бойы ет, балық, жасыл жеміс – жидек қабылдамау керек.
Нәжістің физикалық қасиеттері. Салмағы - 120-200 гр. Нәжістің көлемі өсімдік тағамдардан кейін кобейеді, ал көбінессе ақ уызды тағамдардан кейін және аштықта азаяды. Нәжістің салмағы 1500 гр дейін созылмалы энтеритпен панкреатитте кобейеді.
Нәжістің бөлу жиілігі тәулігіне 1-2 рет болады, энтеритте, колите 3-5 рет, ал дизентерияда-20 ретке дейін тәулігінде аз мөлшермен.
Нәжісті түрімен консистенциясы - шұжық тәріздес және тығыздығы бір келкі болады Түрі қоныр болады. Иісі - спецификалық/өткір,қышқыл/. өте өткір иіс- ашыған диспепсияда.
Қалыпты жағдайда шырыш , көрінер көрінбес тұтық сияқты болады, ал энтериттерде-ұсақ қоспалар тәрізді, колиттерде - сызықтардай. Паразит құрттар көзбен көрінеді: аскарида. власоглав, острица және т.б/.
Достарыңызбен бөлісу: |