Асқазан сөлінің физикалық қасиеттері. Қалыпты жағдайда иісі болмайды немесе әлсіз қышқыл. Түсі - мөлдір, түссіз. Ауыз қуысынан түскен аз мөлшерде шырыш кездеседі.
Микроскопиялық зерттеуі: микроскоп арқылы эпителиальды клеткалар, лейкоциттер, тамақ қалдықтары, атипті клеткалар/АК/ анықталады, АК - бұл қатерлі ісіктің клеткалары, асқазан рагінде кездеседі.
Аспаптармен зерттеу әдістері
Рентгенологиялық зерттеу әдістер
Бұл әдіс рентген сәулелерінің толқындарының кіші ұзындығына және ұлпалардан өтуіне негізделген. Рентген сәулелері металлдан нашар өтеді әсіресе қорғасыннан (сондықтан рентгенологтарға одан қолғап, алжапқыштар жасалынады) рентген сәулелер адамнан әр түрлі өтеді: сүйектен бұлшық еттерге қарағанда және бауыр мен жүректен, өкпеге қарағанда аз сәуле өтеді.
Рентген аппарат рентген түтікшесімен экраннан құралған. Рентген түтікшесінен тоқ жүргізгенде рентген сәулелері пайда болып бейне қағазына түсіп одағы күмыс бромиді ыдырап өткен жердің бейнесі қағазға түседі.
Рентген сәулелерінің қасиеттері: денеден өтеді, көзге көрінбейді, ауаға сінеді, радиоактивті әсер береді, 60 см бетон қалындығынан өтеді.
Рентген зерттеудің тұрлері.
Рентгеноскопия - адам денесінің бейнесін экранға түсіріп анатомо-морфологиялық ерекшелерін зерттеу.
Рентгенография – рентген сәулелері денеден өткеннен кейін бейнесін фотографияға түсіріп алу. Ол бейнелерді «рентгенограмма» дейді. Оған түскен бейнеде тығыз мүшелер ағарып, ал жұмсақ мүшелер қарайып түседі.
Флюорография – кеуде мүшелерінің рентгендік бейнесін кішкене фотосүрет етіп түсіріп алу. Бұл тәсіл қысқа уақытта көптеген адамды тексеріп шығуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан ол алдын алу тексерулер кезінде қолданылады.
Ішкі қуысты мүшелерді зерттеуге (асқазан, ішек, өт қабы, бүйрек) контраст заттар қолданылады. Асқазанмен ішекті түсіргенде барий препаратын ішкізіп түсіреді.
Томография - қабатталған ретгенография. Рентген түтікшесі бір белгілі жылдамдықпен жылжып отырып мүшенің әр терендіктегі кесінділерін фотосүретке түсіреді және әр сүретте қай терендікте түсіргенін белгілейді 2см- 4,6,7,8 деп белгілейді, соңғы кезде компьютерлік томография әдісі қолданылады. Бұл өте маңызды әдіс, мысалы патологиялық ошақтың нақты орналасқан жерін көрсетеді
Достарыңызбен бөлісу: |