ЭКГ (электрокардиограммаға) түсіру техникасы.
1. ЭКГ-ға жүріп келгенде 10-15мин демалғаннан кейін түсіріледі, тамақтан кейін 2 сағ. өткенде.
2. Науқастың жағдайы–кушеткаға жатқызып.
3. Электродтарды балтыр мен білектердің ішкі жағынан салынады. Теріні арнайы гельмен немесе 10% физ.ерітіндісімен дымқылдатады.
4. Электродты салу реті:
А. – қызыл – оң қолдын білегі.
Б. – сары – сол қолдың білегі.
В. – жасыл – сол аяқтың балтыры.
Г. – қара – оң аяқтың балтыры ( жер ).
Кеудемелі электродтарды пациенттің кеудесіне резеңкелік белгіленген еміздіктермен 6 позицияда жалғау:
V1 - IV қабырға аралықта төстің оң жағында
V2 - IV қабырға аралықта төстің cол жағында
V3 - IV және V қабырғалар арасында сол жақ төс жанындағы сызықта
V4 - V қабырғааралық сол жақ бұғана орта сызығында
V5 - V қабырғааралық сол жақ қолтық асты алдыңғы сызығында
V6 - V қабырғааралық сол жақ қолтық асты ортаңғы сызығында
5. ЭКГ аппаратын жерге қондыру; ЭКГ аппараттың кабелін тоққа қосу, аппаратты іске қосу;
6. Изоэлектро сызыққа аппараттың қаламын орнату;
7. Бақылау микровольтін тіркеу («М» немесе «50» кнопкаға басу арқылы) және «mV» кнопканы басу;
8. ЭКГ тіркеуді бастау;
- I стандартты тіркемеге кнопканы орнатамыз;
- «М» немес «50» басып 3-4 комплексті тіркейміз;
- II, III –кнопкаға бірінен кейін бірін басып, AVR, AVL, AVF
9. Кеуде тіркемелерін жазуға кеуде электродтарымен қолданамыз; . Кнопканы mV жағдайына қойып, бақылаймыз да микровольтті тіркейміз;
10. Аппаратты сөндіреміз; электроттарды шешеміз. ЭКГ лентасын толтырамыз; күні, науқастың тегі, аты жөні, жасы.
Фонокардиография /ФКГ/
ФКГ - жүрек қызметінің жұмысы кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстарды графикалық түрде тіркеу әдісі. Клиникада бұл әдіс 1893 жылдан бері қолданылады. Бұл әдіс аускультацияға қосымша әдіс деп есептесе де болады.
Адамның есту мүшелері толқын жиілігі 20 дан 20000 Гц ке дейінгі дыбыстарды қабылдай алады. Ал жүрек дыбыстарының толқын жиілігі 10 Гц тен 800 Гц дейін ғана. Соңдықтан жүректе туатын толқын жиілігі құлақпен нашар естіледі, немесе тіпті естілмейді. Ал фонокардиография бұл дыбыстарды жазып алуға мүмкіншілік береді. ФКГ-да дыбыс толқындары қисық сызық түрінде жазылады, оны фонокардиограмма деп атайды, яғни қағазға сиямен жазылады, жүректегі тондармен шуларды жазып алады.
ФКГ әдісін тыныш бөлмеде науқасты жатқызып жүргізеді. Микрофонды кеуде торының жүрек қақпақшалары жақсы естілетін нүктелерге қою керек. ФКГ нәтижесін дұрыстап оқу үшін оны ЭКГ-мен қатар жүргізу керек.
Бұл әдіс жүрек ақауларының диагнозын қоюда өте маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |