Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Эндоскопиялық зерттеуге науқасты дайындау



бет20/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Эндоскопиялық зерттеуге науқасты дайындау.

Бронхоскопияны ашқарынға жүргізеді және зерттеу алдында седативті дәрі ішкізеді, ол пациентті тыныштандырады да зерттеу жеңіл өтеді.


Гастроскопия ашқарынға жүргізіледі.
Колоноскопиямен ректороманоскопияның алдында кешкісін және ертенгісін тазалау клизмасын жасайды. Колоноскопияның алдында мовоприп немесе фортранс (ішті бостады): 2 пачканы бір литр суға ерітіп ішіп алу 3 сағаттан кейін қайталау, немесе дюфалак (қант дибетінде болмайды).
Цистоскопияның алдында қуыққа зарарсыздандыратын ерітінді еңгізіледі.
Лапороскопия операционды бөлмеде жүргізіледі. Алдымен іш қуысына ауа еңгізіледі /пневмоперитонеум/ сонаң кейін троакармен іштің алдынғы қабатын тесіп, сол тесіқ арқылы лапороскопты кіргізіп қарайды. Науқасқа барлық эндоскопиялық зерттеулердің алдында процедураны түсіндіріп, тыныштандыру керек.
Радиозотопты зерттеу әдістері


Сканерлеу - бұл радиоизотопты зерттеу әдіс, әр түрлі аурулардың диагностикасында қолданылады. Пациентке бір белгілі мүшеге жиналатын изотопты радиоактивті зат енгізеді, пациентті сканер аппатарының детекторының астына жатқызады. Детектор ионизация импульстарын ұстап оны экраннан көрсетеді. Радиоактивті заттың мүшеге сінуіне байланысты экранда бейне көрінеді: ақ, қара нүктелер. Осы нүктелер мүшенің көлеңкесін және одағы өзгерістерді көрсетеді. Көбінесе қалқанша без, бауыр, бүйрек зертегенде қолданады. Қалқанша безге І131, бауырға Au198, бүйрекке – Hg197 қолданылады.
Соңғы кезде радиоактивті изотоптар жүректі зерттеуге қолданылады - сцинтиграфия дейді. Радиоизотопты зерттеуде яғни радиометрия, радиография әдістері бар.


Ультрадыбыспен зерттеу әдіс


Ультрадыбыспен зерттеу - бұл әдіс ультрадыбыс толқындарының мүше және ұлпалардан өткенде, олардың тығыздығына байланысты, әр түрліғып тойтарыс беруіне негізделген.
Бұл әдіс өте кең тараған, адамға ешқандай зияны жоқ, өте қажетті, керекті әдіс, будан былай өте кең қолдануы күтулуде.
Арнайы аппаратпен адамның мүшелеріне ультрасигнал жіберіледі, олар кері қайтып экранда жазылып мүшенің құрамын және олардағы өзгерістерін көрсетеді. Бұл әдіс мүшелердің құрылысын өте жоғары дәлдікпен көрсетеді және зияндығы жоқ. Сондықтан медицинаның барлық бөлімдерінде өте кеңінен қолданылады.
Термография - медициналық интроскопия әдісі, адамның денесінен шығатын инфрақызыл сәулелерді температура түрінде жазып алу. Беткей орналасқан қатерлі ісіктерді қабыну ошақтарды анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет