Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет3/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Субъективті симптомдар – науқастың шағымдары (ауырсыну, әлсіздік, лоқсу т.б.), объективті симптомдар– зерттеу кезінде анықталады (тері түсінің өзгеруі, дене қызуының көтерілуі т.б.).
Аурудың симптомдарының қосындысы – симптомокомплекс немесе синдром деп аталады.Мысалы: ісіну синдромы (ісінулер, асцит, терінің бозаруы немесе көгеруі), диспепсиялық (жүрек айну, лоқсу, қусу, іш өту)

Симптомдар мен синдромдарды біліп оны зерттеу аурудың диагностикасына (диагноз қоюға) көмектеседі


Ауру ағымының сатылары:

  1. Жасырынды (латентті, инкубациялық)- ал инфекциялық ауруларды инкубациялық кезең – ауру қоздырғышының әсерінен бастап аурудың алғашқы симптомдарының пайда болуына дейінгі кезең,(ауру белгілері жоқ) ұзақтығы әртүрлі болады-бірнеше сағаттан бірнеше жылдарға дейін.

  2. Продромальды саты аурудың алғашқы белгілерінен басталады, әдетте айқын емес. Оларкөптеген ауруларға тәнжалпы белгілер-шаршағыштық, мазасыздық, үйқының бұзылуы тағы басқалар,. Бұл белгілерге қарап диагноз қоя алмаймыз.

  3. Аурудың толық дамыған сатысы. продромальды кезеңнен басталады, бұл кезеңде ауруға тән белгілер пайда болады. Мысалы-жөтел тыныс алу ауруларына тән болса, жүрек айну,құсу асқазан ішек ауруларына тән, шөлдегіштік қант диабетінде жиі кездеседі.

  4. Аяқталу кезеңі - Аурудың аяқталуы : а) сауығу; б) созылмалы түрге ауысу; в) өлім.

Сауығуа) толық сауығу – организмде аурудың белгілерінің толық жойылуы, қызметінің толық қалпына келуі;
б) толық емес сауығу – ауру белгілері толық жойылмайды.
Созылмалы түрге ауысу. Созылмалы аурулар ремиссиялармен, рецидивтермен, асқынулармен сипатталады..
Ремиссия- аурудың жағдайының уақытша жақсаруы. Мысалы созылмалы бронхиты бар науқастың жаз айларында жағдайының жақсаруы.
Рецидив науқастың жағдайының ремиссиядан соң ауыр түрде қайталануы. Мысалы ісікті аурулардың отадан соң ауыр түрде қайталануы..
Асқынуаурудың негізгі көрінісіне, бұл ауруға тән емес өзгерістердің қосылуы. Мысалы асқазан жарасының тесілуі.


Өлім – организмнің өмір сүру қызметінің толық тоқтауы. 3 кезеңі бар:

  1. агония; 2) клиникалық өлім; 3) биологиялық өлім.

Агония (agonia - күрес) бірнеше минуттан 2-3 тәулікке дейін, бұл кезеңде организмнің барлық өмірге маңызды қызметінің бұзылуы болады.
Клиникалық өлімагониядан соң басталады, бұл кезеңде қан айналым, тыныс алу тоқтайды, рефлекстер жоқ.
Биологиялық өлім – ұлпаларда кері қайтарылмайтын өзгерістер болады, өмір сүру қабілеті орнына келмейді. Бұл нағыз өлім.
Өлу мен тірілту заңдылықтарын зерттейтін бөлімі – реаниматология.
Нағыз (естественная) өлім кәрілік кезінде организмнің ескіруі мен қызметінің баяу тоқтауы кезінде болады.
Патологиялық немесе мезгілсіз өлім – а) күш жұмсалу салдарынан (жарақаттардан, өлтіруден); б) аурудан соң.
Өте тез өлім – аяқасты, толық деннің саулылығы кезінде болған өлім.
Кейде науқас мүгедектікке ұшырайды.

Мүгедектіктің топтары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет