Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет8/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Дене бітімі. Бұған науқастың салмағы, бойы, конституциясы жатады.
Конституция- ағзаның морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы, 3 типте болады.
Астениялық түрі- дененің тік өлшемдері көлденең өлшемдерден ұзын болуы. Аяқ - қолдары денеден ұзын. Май-шел қабаты 1 см кем.
Гиперстениялық түрі - дененің көлденең өлшемдері тік өлшемге қарағанда басым болуы. Аяқ-қолдары қысқа. Май-шел қабаты 1 см артық.
Нормастениялық түрі - астениялық типпен гиперстениялық типтің арасындағы орташа тип.
Теріні қарау. Терінің түсіне, эластикалық қабілетіне, ылғалдығына, бөртпелерге, тыртықтарға көңіл аударамыз.

  • Терінің түсі бозғылт, сарғыш, жер түсті, күл түстес немесе қоныр болуы мүмкін.

  • Терінің эластикалық қабілетін немесе тургорын екі саусақпен теріні бүгу арқылы анықтаймыз.

  • Терінің ылғалдығы - көбіне терлегенде болады.

  • Терінің бөртпелері - әр- түрлі болады: петехия, пурпура, эритема, күлбір,

қабыршықтар.
Тері асты май қабатының дамуы – қалыпты, төмендеген және жоғарлаған болуы мүмкін. Сонымен қатар ісінулердің бар жоқтығын көреміз.
Лимфа түйіндерін қарау. Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері көзге көрінбейді және қолға ұсталмайды. Патологиялық көлеміне байланысты лимфа түйіндері бұршақ мөлшерінен алманың мөлшеріне дейін жету мүмкін. Оның көлеміне, ауырсынуына, жылуына, консистенциясына, теріге жабысқандығына көңіл аударарлық. Лимфа түйіндерінің пальпациясын жоғарыдан төменге қарай жүргізеді: шүйделік, құлақ арты, жақ асты, иек асты, бұғана үсті және астындағы, қолтық асты, шынтақ, мықын аймақты, тізе асты лимфа түйіндері.
Басын қарау. Бастың формасы өзгеру мүмкін: Гидроцефалия кезінде бас шектен тыс үлкен болады, ал микроцефалияда бас өлшемі кіші болады. Өздігінен бастың қозғалуы паркинсонизмде, бастағы пульсация- аортальді қақпақшаның жетіспеушілігінде кездеседі. Басты қараған кезде құлақпен сыртқы тесігіне көңіл бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет