Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Пациентті объективті тексеру әдістері



бет7/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Пациентті объективті тексеру әдістері

Науқасты объективті тексеру - ағзаның жалпы жағдайы және жеке ішкі мүшелермен жүйелердің жағдайы туралы көрініс алу. Бұл әдіс негізгі клиникалық тексеріс әдісіне жатады. Осы әдісті қолданғаннан кейін қосымша қандай тексеру әдісін қолдануға болатынын шешеді.


Жалпы қарау . Науқасты жалпы қарау, диагноз қоюға өте зор диагностикалық маңыз береді. Жалпы қараудың көмегімен тек қана жалпы көріністі ғана емес, сонымен қатар «бір қарағаннан» диагноз қоюға болады / акромегалия, гидроцефалия және т.б/. Арнайы ережелерді сақтап яғни біртіндеп рет-ретімен қарау керек. Қарауды күндізгі жарықпен немесе лампа жарығымен, тікелей немесе бүйіренен отырып жүргізіді.
Қарау техникасы. Науқастың денесін жалаңаштай отырып кеудені вертикальді күйде тексереді, ал ішті горизонтальді және вертикальды жағдайда қарауға болады. Қарауды ретімен жүйелер бойынша жүргізу керек. Жалпы мағына беретін симптомды шығару үшін, алдымен жалпы қарау керек, одан кейін аймақ бойынша дене мүшелерін, басы, беті, мойны, денесі, қол-аяғы, терісі, сүйегі, буыны, шырышты қабаттары, түкті қабаттары қаралады.
Жалпы қарау кезінде:
Науқастың жалпы жағдайын бағалау керек: қанағаттанарлық, орташа ауыр, ауыр және өте ауыр болады.
Есінің күйін анықтау керек. Науқастың есі анық, анық емес: ступор, сопор, кома болып бір неше дәрежеге бөлінеді.
Ступорлық жағдай - есеңгіреген жағдай. Қоршаған ортаға қызықпайды, сұраққа кешігіп жауап береді, бірақ жауабы дұрыс.
Сопорлық жағдай кезінде пациент қатты айқайға немесе жұлқылауға ғана реакция береді. Рефлекстері сақталған, кейбір инфекциялық ауруларда кездеседі.
Комалық жағдайпациент толық естүссіз. Қоршаған ортаның қоздырғыштарына ешқандай жауап және реакциясы жоқ. Рефлекстері жойылған өмір тіршілігіне қажетті функциялары бұзылған.
Науқастың отырысы белсенді, енжарлы және мәжбүрлі болып бөлінеді.
Белсенді отырыс - бұл жеңіл дәрежелі ауруларда немесе аурудың бастапқы кезеңінде болады. Науқас жағдайын тез өзгерте алады.
Еңжарлы қалыптағы пациент қимылсыз болады. Баспен аяқ қолдары ауырлық күшіне байланысты, салбырап жатады, денесі төсектің аяғына сырғып кетеді. Өз - өзін күтуге жарамсыз.
Мәжбүрлі қалыпты пациент өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту немесе тоқтату үшін қабылдайды.
Мысалы: бір бүйіріне жату, ауырған немесе сау бүйіріне, ішіне бүрісіп, аяқтарын бүгіп жату, қалшиып қатып қалу, шалқасында жату, ішпен етбетінен еріксіз жату.

  • Құрғақ плевритте ауырған бүйірін қысып жатады.

  • Қабырға сынғанда сау жағында жатады.

  • Ортопноэ - қатты ентіккен кезде төсекте амалсыз тік отыру қалпы, ентігуді азайтады.

  • Амалсыз шынтақ пен тізеге сүйену қалпы экссудативті перикардитте болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет