Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет32/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Дауыс дірілін анықтау. Пальпация әдісімен анықталады . Бұл мақсатпен екі алақанды симметриялық жерлерге қойып «р» әрібі бар бір неше сөз айтқызады, мысалы : «тридцать три». Қалыпты жағдайда кеуде сарайының екі жағындағы симметриялы нүктелерде дауыс дірілінің күші бірдей болады. Егер бұл симметриялық бұзылса, ол ауруды білдіреді. Патологиялық жағдайда дауыс дірілінің күшеюі - өкпе бөлігі тығызданғанда, әлсіреуі - плевра қуысында сүйықтық немесе ауа жиналған кезде, жойылып кетуі - өте әлсіреген адамдарда және плевра қуысында өте көп сұйықтық жиналғанда.


Өкпе перкуссиясы. Өкпені тексерген кезде перкуссияның келесі түрлері қолданылады: тікелей, тікелей емес, салыстырмалы, топографиялық перкуссия.
Қалыпты жағдайда өкпе үстінде айқын өкпе дыбысы анықталады. Ал патологиялық жағдайда осындай перкуторлы өзгерістер анықталады: өкпеде ауа азайғанда -тынықтау дыбыс; өкпеде мүлдем ауа болмағанда - тынық дыбыс; өкпе ауаланғанда - қораб дыбыс; плевра қуысына ауа жиналғанда - тимпаникалық дыбыс
Салыстырмалы перкуссиядан тексеру басталады:

  1. Өкпенің ұштарын салыстыру. Ол үшін плессиметр саусақты бұғанадан жоғары және оған паралель орналастырып жоғарыға қарай тықылдатады. Содан кейін бұғананың өзін қағып қарау керек. Екі жақтағы дыбысты салыстырып көру керек.

  2. Қабырға арасы кеңістікке орналасқан саусақ плессиметрді қаға отырып, өкпенің алдынғы жағының дыбысын салыстырады. Перкуссияны жүрек аймағына дейін ғана жүргізеді.

  3. Өкпенің бүйір жағын перкуссиялауда пациент қолын жоғары көтереді, қолтықтың ортаңғы сызығы бойынша төмен жүргізеді

  4. Өкпенің арқа бетін перкуссиялауды жауырыннан жоғары бастайды. Плессиметр саусақ қабырғаларға паралель орналасады, жауырын аралық кеңістіктің дыбысын салыстырғанда плессиметрді омыртқаға паралель орналастырып төмен түседі.

  5. Жауырыннан төменгі жерде плессиметр саусақты горизонталь күйінде жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет