Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет33/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Топографиялық перкуссия өкпенің төменгі және жоғарғы шегарасын, өкпенің төменгі шетінің экскурсиясын анықтайды. Өкпе ұшының биіктігі алдынан бұғанадан 3-4см жоғары тұрады, оң жақ өкпенің ұшы 0,5-1см төмен болуы мүмкін.
Өкпенің ұшының биіктігін арқа жақтан жоғарғы жауырын кеңістігінің ортасынан бастап анықтайды. Қалыпты жағдайда арқа жақта өкпе ұшының биіктігі VІІ мойын не І кеуде омыртқаларының тұсында анықталады.


Өкпенің төменгі шекарасын анықтау
Перкуссия жолымен өкпенің төменгі шекарасы белгілі сызықтар бойынша анықталады.Қалыпты жағдайдағы өкпенің төменгі шегі:

Белгі сызық

Оң жақ өкпе

Сол жақ өкпе

Төс жанындағы сызық
Бұғана орта сызығы
Қолтық асты алдынғы сызығы
Қолтық асты ортанғы сызығы
Қолтық асты артқы сызығы
Жауырын сызығы
Омыртқа жанындағы сызық

V қабырға аралық
қабырға
VІІқабырға
VІІІ қабырға
ІХ қабырға
Хқабырға
ХІқабырғаның өсіндісі

-----------
-----------
VІІ қабырға
VІІІ қабырға
ІХ қабырға
Х қабырға
ХІқабырғаның өсіндісі



Өкпенің төменгі шетінің экскурсиясын аңықтау үшін пациентті ауаны ішке бар мүмкіндігінше терең алып сыртқа шығармай, ұстап тұруын сұрайды. Бұл мезгілде дәрігер өкпенің шегін тез анықтап белгілеп қояды. Бұдан кейін ауру бірнеше рет демді алып, шығаруы керек. Содан кейін ол демді мүмкіндігінше сыртқа шығарып сол күйінде дем алмай тұруы керек. Бұл кезде дәрігер өкпенің болжамды шегінең жоғары бастап, төмен қарай жылжып отырып, тағы да өкпе шегін анықтап белгілейді. Екі белгі арасының қашықтығы өкпе шегінің экскурсия болады. Қалыпты жағдайда өкпе шетінің экскурсиясы, 4-8 см тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет