Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Тыныс алу жүйесі ауруларының негізгі синдромдары



бет35/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Тыныс алу жүйесі ауруларының негізгі синдромдары


Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы
Өкпе тінінің ошақты тығыздалу синдромы өкпенің созылмалы қабынуында немесе өкпе рагында дамып, альвеолалар қабынып экссудатқа және фибринге (пневмонияда), қанға (өкпе инфрактысында) толады, қабынған тін дәнекер тінмен алмасып, тығыздалады (пневмосклероз).
Негізгі шағымы – демікпе. Жалпы қарағанда кеуде қуысының зақымданған жағы тыныс алуда қалыңқы болады, тығыздалған аймақта дауыс дірілі күшейеді және перкуссияда дыбыс тұйықталады, аускультацияда бронхиалды тыныс естіледі, бронхофония күшейеді. Ұсақ бронхтарда сұйықтық жиналса үнді сырылдар пайда болады. Рентгенологиялық зерттеуде қараю ошағы байқалады.


Өкпеде қуыстың болу синдромы
Өкпеде қуыстың болу синдромы өкпе абсцесінде немесе туберкулезді кавернада, өкпе ісігінің ыдырауында, ірі қуыс сұйықтан бос болып, бронхпен байланысып, қабыну білікпен (валик) қоршалғанда және бронх қабырғасы қапшық тәрізді кеңейіп бронхоэктазия дамығанда кездеседі. Кеуде қуысын қарағанда тыныс алуда зақымданған жағы қалыңқы болады, дауыс дірілі күшейеді, перкуссида бәсеңдеу-тимпаникалық (периферияда орналасқан ірі қуыс болса) немесе тимпаникалық, кейде «металл» реңі бар дыбыс шығады, аускультацияда амфора тынысы естіледі, бронхофония күшейеді және орташа - ірі калибрі үнді сырылдар естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде өкпеде қуыс анықталады.


Плевра қуысында сұйықтықтың жиналу синдромы
Плевра қуысына сұйықтықтың жиналу синдромы гидроторакста ( жүрек жетіспеушілігінде плевра қуысына транссудат – қабыну емес сұйықтығының жиналуы), немесе экссудативті плевритте (плевраның қабынуы) кездеседі. Бұл синдромға тән шағым – демікпе тыныс жетіспеушілігінде, өкпенің басылуынан және дем алу бетінің азаю нәтижесінде дамиды.
Қарағанда: плеврада сұйықтық жиналған жағы өсіңкі болып, кеуде қуысының асимметриясы байқалады және тыныс алуда қалыңқы болады. Сұйықтық жиналған жағында дауыс дірілі әлсірейді немесе анықталмайды, перкуссияда тұйық дыбыс, аускультацияда тыныс және бронхофония күрт әлсіреген немес жойылған. Рентгенологиялық зерттеуде көбінесе өкпенің төменгі бөлігінде сұйықтық жиналған аймақ қараяды (гидроторакста жиі қосжақты болады). Қараюдың жоғарғы шегі анық, плеврада транссудат жиналса шегі горизантальды, ал экссудат жиналса шегі қиғаш орналасады (Дамуазо сызығы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет