Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Қақпақшалардың проекциясы



бет45/90
Дата03.12.2022
өлшемі250.6 Kb.
#466341
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Қақпақшалардың проекциясы:

  • митральды қақпақша – жүрек ұшында

  • қолқа қақпақшаларын - төстің оң жағында ІІ қабырға аралығында тыңдайды.

  • өкпе артериясының қақпақшасы - төстің сол жағында ІІ қабырға аралығында тыңдалады

  • үш перделі қақпақша – төстің семсер өсінді түбінің деңгейінде тыңдалады

  • V тыңдау нүктесі Боткин - Эрба нүктесі деп аталады. Оның орналасуы төстің сол жақ жанындағы ІІІ-ІV қабырғалардың төске жалғасу жерінде.

Жүрек тондарының белгілері. Жүректің І тоны ұзағырақ және төмен болады, ол жүрек ұшы соққысына сәй келеді, ал ІІ тон одан кейін естіледі, ол қысқарақ және жоғары болып естіледі. І және ІІ тоннан басқа балаларда және жастарда тағы екі тон ІІІ, ІV тондар есту болады, олар өте сирек естіледі ФКГ-да анықтау болады. Қалыпты жағдайда жүрек тондары анық «Т» әрібіндей естіледі, бірақ кейбір ауруларда тондардан басқа шуларда естілу мүмкін. Жүрек ауруынан пайда болған шуларды жүрек шулары дейді, ал жүректен тыс себептерден пайда болса (перикардтан) жүректен тыс шулар не перикардиальды шулар дейді.
Перикард үйкелісінің шуы қабыну процесстерде пайда болады, перикардтың қабаттары қабынып оларға фибрин тунып қозғалыста үйкеліп шулы дыбыс береді, дыбысы қар сықырлағандай болып естіледі.
Жүрек тамыр жүйесінің ауруларында кездесетін синдромдар:

  1. жүректің өте күшті ауырсыну синдромы (инфаркт)

  2. жүректің созылмалы ауырсыну синдромы (ишемия, қабыну процесстер, невроздар және т.б)

  3. артериальды гипертензия

  4. жедел қан айналым жетіспеушілігі

  5. жедел сол жақ қарынша жетіспеушілігі

  6. жүрек аритмиялары

  7. созылмалы қан айналым жетіспеушілігі



Лабораторлы және аспапты зерттеу әдістері:
1.Қанның жалпы анализі
2.Қанды биохимиялық зерттеу: ақуыз, фибриноген, холестерин, С-реактивті белок, протромбинді индекс, трансаминазалар және т.б.

  1. Иммунологиялық зерттеу әдістері

  2. Артериальды қысымды өлшеу

  3. Рентгенологиялық зерттеулер /скопия,графия/

  4. Сфигмография

  5. ЭКГ

  6. ФКГ

  7. Жүректі ультрадыбыспен зерттеу /УДЗ/

  8. Спирометрия

  9. Эхокардиография





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет