Пайдаға салынатын салықтар


Мойындалмаған кейінге қалдырылған салық активтерін қайта бағалау



бет3/4
Дата05.07.2016
өлшемі311 Kb.
#179348
1   2   3   4

Мойындалмаған кейінге қалдырылған салық активтерін қайта бағалау


37. Мойындалмаған кейінге қалдырылған салық активінің әрбір есептік күнін компания қайта бағалайды. Ол мойындалмаған кейінге қалдырылған салық активін болашақ салық салынатын пайдасы кейінге қалдырылған салық активін өтеудің ықтималдығы болатындай дәрежеде мойындайды. Мысалы, сауда жағдайын жақсарту алдағы уақыттағы компанияның жеткілікті салық салу кірісінің ықтималдығын арттырып, кейінге қалдырылған салық активінің 24 немесе 34-параграфтарындағы өлшемге сәйкестендіруі мүмкін. Мұның басқа мысалы компания кейінге қалдырылған салық активтерін кәсіпорындар біріккенде немесе одан кейінгі мерзімде қайта бағалаған жағдай болып табылады (67 және 68-параграфтарды қараңыз).

Еншілес және қауымдастырылған компанияларға, филиалдарға инвестициялар және бірлескен қызметке қатысу үлесі

38. Еншілес және қауымдастырылған компанияларға, филиалдарына салынған инвестициялардың және бірлескен қызметке қатысу үлесінің баланстық құны (атап айтқанда негізгі компаниялар үлесі немесе еншілес компаниялардың таза актив инвесторлары, қауымдастырылған компаниялардың филиалдары немесе іскерлік беделдің баланстық құнын қосқандағы инвестициялау объектісі) инвестицияның немесе үлеске қатысудың салық базасынан (ол бастапқы құнға жиі теңестіріліп отырады) өзгеше болып шығады. Мұндай айырмашылықтар түрлі жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін, мысалы:

(а) еншілес компаниялардың, филиалдардың, қауымдастырылған және бірлескен компаниялардың бөлінбеген пайдасының болуы;

(b) негізгі және еншілес компаниялар әр елде орналасқан жағдайда валютаның айырбас бағамындағы өзгерістер; және

(с) қауымдастырылған компанияға жұмсалатын инвестицияның баланстық құнының оның өтелетін сомаға дейін төмендеуі.

Егер де бас компания инвестицияны өзінің жеке қаржы есептілігінде нақты өзіндік құн немесе қайта бағаланған құн бойынша ескерер болса, шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі уақытша айырмашылық оның жеке қаржылық есептілігіндегі инвестицияға қатысты уақытша айырмашылықтан өзгеше болуы мүмкін.

39. Компания еншілес компанияларға, филиалдарына және қауымдастырылған компанияларға салынған инвестицияларға және бірлескен қызметке қатысу үлесіне байланысты барлық салық салынатын уақытша айырмашылықтар үшін кейінге қалдырылған салық міндеттемесін мойындауы тиіс, бұған оның мынадай екі жағдайға бірдей жауап беретін бөлігі кірмейді:

(а) бас компания, инвестор немесе бірлескен қызметке қатысушы уақытша айырмашылықтың қайтарылуын уақытқа қарай бөлінуін бақылай алады; және

(b) уақытша айырмашылықтың таяудағы болашақта қайтарылмау ықтималдығы бар.

40. Бас компания дивидендке қатысты өзінің еншілес кәсіпорнының саясатын бақылайтындықтан, инвестициямен байланысты (тек бөлінбеген кірістің нәтижесі ретінде емес, сонымен қатар шетелдік валютаны қайта есептеген кездегі кез келген бағам айырмашылығының нәтижесі ретінде) уақытша айырмашылықтың қайтарылатын уақытын бақылай алады. Оның үстіне уақытша айырмашылық қайтарылған кезде төленуге тиісті пайдаға салынатын салықтың көлемін анықтау көбіне дұрыс болмай шығады. Сонымен негізгі компания бұл пайда таяудағы болашақта бөлінбейтіндігін анықтаса, ол кейінге қалдырылған салық міндеттемесін мойындамайды. Мұндай тәсіл филиалдарға салынатын инвестицияларға да қолданылады.

41. Ұйымның ақшалай емес активтер мен міндеттемелері оның функционалдық валютасында бағаланады (қараңыз: 21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» IAS Халықаралық стандарты). Егер ұйымның салық салынатын пайдасы немесе салық залалы (және сонымен монетарлық емес активтің немесе міндеттеменің салық базасы) басқа валютамен анықталатын болса, валюта бағамындағы өзгерістер уақытша айырмашылықтардың пайда болуына әкеледі, олар кейінге қалдырылған салық міндеттемесін (24-параграфқа сәйкес) немесе активті мойындатады. Пайда болатын кейінге қалдырылған салық пайда пен залал есебінде дебеттеледі немесе кредиттеледі (58-параграфқа қараңыз).

42. Қауымдастырылған компанияға инвестицияны жүзеге асырушы инвестор оны бақыламайды, және әдетте оның дивиденд саласындағы саясатын анықтауға мүмкіндігі болмайды. Сонымен қауымдастырылған компанияның пайдасы таяудағы болашақта бөлінбеуін талап ететін келісім болмаған кезде, инвестор кейінге қалдырылған салық салынатын міңдеттемесін осы қауымдастырылған компанияның инвестициясына байланысты пайда болатын салық салынатын уақытша айырмашылық нәтижесі деп мойындайды. Кейбір жағдайларда инвестор өзінің қауымдастырылған компанияға салған инвестициясының өзіндік құнын өтегенде төлеуге тиісті болатын салық сомасын анықтай алмайды, бірақ ол осы салық кейбір ең аз сомаға тең немесе артық болатынын анықтай алады. Бұл жағдайда кейінге қалдырылған салық міндеттемесі осы сома мөлшерімен өлшенеді.

43. Бірлескен қызметке қатысушылар арасындағы келісім әдетте пайданы бөлуге қатысты болады және бұл мәселені шешуде бірлескен қызметке қатысушылардың бәрінің немесе олардың белгілі бір көпшілігінің келісімі қажеттігін анықтайды. Бірлескен қызметке қатысушы кірістің жұмсалуын бақылай алатын болғанда және таяудағы болашақта бөлінбейтіні ықтимал болса, кейінге қалдырылған салық міндеттемесі мойындалмайды.

44. Еншілес компанияларға, филиалдарына және қауымдастырылған компанияларға салынған инвестициялардың және бірлескен қызметке қатысу үлесінің нәтижесі ретінде пайда болатын барлық шегерілетін айырмашылық үшін компания кейінге қалдырылған салық активін мойындауы тиіс, және мынадай жағдайда:

(а) уақытша айырмашылық таяудағы уақытта қайтарылатын болады; және

(b) уақытша айырмашылықтың пайдаланылуына қатысты салық салынатын кіріс болады.

45. Еншілес компанияларға, филиалдарына және қауымдастырылған компанияларға салынған инвестицияларға және бірлескен қызметке қатысу үлесіне байланысты шегерілетін уақытша айырмашылық үшін кейінге қалдырылған салық активін мойындауға қатысты шешім қабылдағанда, компания 28 және 31-параграфтарда белгіленген нұсқауларды басшылыққа алады.

БАҒАЛАУ


46. Қысқа мерзімді салық міндеттемелері (активтері) ағымдағы және өткен уақытта салық органдарына баланс уақытында қолданылған немесе баланс күнінде шын мәнінде қолданылған салық ставкаларын (және салық заңнамасын) пайдалана отырып төлеу (олардың есебінен өтеу) көзделген сома мөлшерінде бағалануға тиіс.

47. Кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері активті іске асыру немесе міндеттемені өтеу кезеңіне негізінен есепті күні қолданылған салық ставкалары (және салық заңнамасы) негізінде өлшенуге тиіс.

48. Қысқа мерзімді және кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері әдетте қолданыстағы салық ставкаларының (және салық заңнамасының) көмегімен өлшенеді. Алайда кейбір заңдылықтарда үкіметтің салық ставкаларын (және салық заңнамасын) хабарлауы шын мәнінде нақты қабылданғандай әсер етеді, ол хабарланған соң бірнеше айдан кейін болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда активтер мен міндеттемелер хабарланған салық ставкасының (және салық заңнамасының) көмегімен өлшенеді.

49. Әр деңгейдегі салық салынатын пайдаға түрлі салықтық ставкалар қолданылса, кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері уақытша айырмашылық қайтарылады деп күтілетін салық салынатын пайдаға (салық залалына) қолдану көзделген орташа салық ставкаларының көмегімен өлшенеді.

50. [Жойылған].

51. Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен кейінге қалдырылған салық активтерін бағалау компания есептік күнінде өзінің активтерінің немесе міндеттемелерінің баланстық құнын орнын толтыруды немесе өтеуді көздейтін әдіске байланысты туындайтын салықтың салдарын көрсетуге тиіс.

52. Кейбір заңдылықтарда активтің (міндеттеменің) баланстық құнын компания орнын толтыратын (өтейтін) әдіс мынадай бір немесе екі көрсеткішке әсер етуі мүмкін:

(а) компания активтің (міндеттеменің) баланстық құнын орнын толтырған (өтеген) кезде қолданылатын салық ставкасы; және

(b) активтің (міндеттеменің) салық базасы.

Мұндай жағдайларда компания кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер мен кейінге қалдырылған салықтық активтерді орнын толтыру немесе өтеу әдісіне сәйкес келетін салық ставкасы мен салық базасының көмегімен бағалайды.

А мысалы

Активте 100 баланстық құн және 60 салық базаcы бар. Актив сатылған жағдайда 20% салық ставкасы қолданылаған болар еді, басқа табыстарға 30% салық ставкасы қолданылған болар еді.

Компания, егер активті болашақта пайдаланусыз сатуды көздейтін болса, 8 (20% ставка кезінде 40) кейінге қалдырылған салық міндеттемесін және егер активті сақтауды және оның баланстық құнын оны пайдалану арқылы өтеуді көздейтін болса, 12 (30% ставка кезінде 40) кейінге қалдырылған салық міндеттемесін мойындайды.

В мысалы


Өзіндік құны 100 және баланстық құны 80 актив 150 сомаға дейін қайта бағаланады. Салық салу мақсаттары үшін баламалы түзету енгізілмейді. Жинақталған амортизация салық салу мақсаттары үшін 30-ға теңеледі, ал салық ставкасы 30% болады. Егер актив өзіндік құннан жоғары баға бойынша сатылатын болса, жинақталған салық амортизациясы 30 салық салынатын пайдаға қосылатын болады, бірақ сатудан түсетін, өзіндік құннан жоғары болатын түсімдерге салық салынбайды.

Активтің салық базасы 70-ке тең, сонымен қатар, салық салынатын уақытша айырмашылық бар - 80. Егер компания баланстық құнды активті пайдалану жолымен өтеуді көздейтін болса, ол 150 сомасында салық салынатын пайда алуға тиіс, бұл жағдайда ол амортизация ретінде тек 70-ті ғана шегере алады. Нәтижесінде 24 сомасында (ставка 30% кезінде 80) кейінге қалдырылған салық міндеттемесі пайда болады. Егер компания баланстық құнды активті 150-ге дереу сату жолымен өтеуді көздейтін болса, кейінге қалдырылған салық міндеттемесі былайша есептеледі:



Салық салынатын Кейінге уақытша Салық қалдырылған айырмашылық ставкасы салық міндеттемесі

Жинақталған салық


амортизациясы 30 30% 9

Нақты өзіндік құннан тыс түсімдер 50 нөл -

Жиынтығы 80 9

Ескерту: 61-параграфқа сәйкес қайта бағалау кезінде пайда болатын кейінге қалдырылған қосымша салық капиталдың шотына тікелей дебеттеледі.

С мысалы

В мысалдағыдай фактілер бар, оған егер актив өзіндік құннан асатын баға бойынша сатылатын болса, жинақталған салық амортизациясының салық салынатын пайдаға қосылатыны (30% салық ставкасы бойынша), ал сатудан түскен түсімдерге инфляция ескере түзетілген өзіндік құн – 110 шегерілгеннен кейін 40% салық ставкасы бойынша салық салынады.

Егер компания баланстық құнды активті пайдалану жолымен өтеуді көздейтін болса, ол салық салынатын пайда 150 алуға тиіс, бірақ бұл жағдайда ол амортизацияны тек 70 сомасында ғана шегере алады. Нәтижесінде салық базасы 70-ке, салық салынатын уақытша айырмашылық 80-ге, және В мысалындағыдай (30% ставка бойынша 80) кейінге қалдырылған салық міндеттемесі 24-ке тең болады.

Егер компания баланстық құнды активті 150-ге дереу сату жолымен өтеуді көздейтін болса, ол индекстелген өзіндік құнды 110 мөлшерінде шегере алады. Таза түсімдер 40-қа 40% ставка бойынша салық салынады. Сонымен қатар, жинақталған салық амортизациясы 30 салық салынатын пайдаға 30% салық ставкасы кезінде қосылатын болады. Осы негізде салық базасы 80-ге тең болады (110 минус 30), салық салынатын 70-ке тең уақытша айырмашылық және кейінге қалдырылған салық міндеттемесі 25 бар (40% салық ставкасы бойынша 40 және 30% ставка бойынша 30). Егер салық базасы осы мысалда жеткілікті түрде айқын көрінбейтін болса, бәлкім, 10-параграфта баяндалған іргелі принциптерді қарау пайдалы болар.

Ескерту: 61-параграфқа сәйкес, қайта бағалау кезінде пайда болатын кейінге қалдырылған қосымша салық капиталдың шотына тікелей дебеттеледі.

52А. Кейбір заңдылықтарда пайдаға салынатын салықтар, егер таза пайданың бір бөлігі немесе бәрі түгелдей не бөлінбеген пайда компания акционерлеріне дивидендтер ретінде төленетін болса, неғұрлым жоғары немесе төмен ставка бойынша төленеді. Кейбір заңдылықтарда пайдаға салынатын салықтар, егер таза пайданың бір бөлігі немесе бәрі түгелдей не бөлінбеген пайда компания акционерлеріне дивидендтер ретінде төленетін болса, қайтарылуы немесе төленуі мүмкін. Бұл жағдайларда ағымдағы және кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері бөлінбеген пайдаға қолданылатын салық ставкасы бойынша өлшенеді.

52B. 52А-параграфта сипатталған жағдайларда дивидендтердің салық салдарлары дивидендтер төлеу жөніндегі міндеттемелердің мойындалуымен бір мезгілде мойындалады. Дивидендтердің салық салдарлары табыстарды акционерлердің арасында бөлуден гөрі бұрынғы операциялар мен оқиғаларға көбірек қатысты. Демек, дивидендтердің салық салдарлары, 58-параграфта талап етілгеніндей, есептік кезеңдегі таза пайдада немесе залалда мойындалады, бұған олардың 58 (а) және (b)-параграфтарында сипатталған жағдайларға байланысты пайда болатын бөлігінің қатысы жоқ.

52А және 52В-параграфтарды бейнелейтін мысал

Келесі мысал салықтарды дивидендтер ретінде бөлінбеген пайдаға неғұрлым жоғары ставка (50%) бойынша, пайда бөлінгеннен кейін белгілі бір сома қайтарылатындай етіп төлеу заң жүзінде талап етілген жағдайда компанияның ағымдағы және кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелерін өлшеуге қатысты. Бөлінген пайдаға салынатын салық ставкасы 35%. 20Х1 ж. 31 желтоқсандағы есептік күніндегі немесе есептік күнінен кейін ұсынылған немесе жарияланған компания дивидендтер төлеу жөніндегі міндеттемені мойындамайды. Нәтижесінде 20Х1 жылғы есептілікте дивидендтер мойындалмайды. 20Х1 жылғы салық салынатын пайда 100, 000 болды. Салық салынатын уақытша таза айырмашылық 20Х1 жылы 40, 000 болады.

Компания ағымдағы салық міндеттемесін және 50, 000 сомасында салық төлеу жөніндегі ағымдағы шығындарды мойындайды. Дивидендтерді болашақта төлеу нәтижесінде әлуетті төленетін сома актив ретінде мойындалмайды. Компания сондай-ақ өз активтері мен міндеттемелерінің бөлінбеген пайдаға қолданылатын салық ставкасын негізге ала белгіленген баланстық құнын өтегеннен немесе оның орнын толтырғаннан кейін компания төлейтін пайдаға салынатын салық жөнінде кейінге қалдырылған салық міндеттемесін және 20, 000 сомасында (40, 000-ның 50 %) салық төлеу жөніндегі кейінге қалдырылған шығыстарды мойындайды.

Кейін, 20Х2 ж. 15 наурызда компания өткен кезеңнің операциялық пайдасынан төленетін 10, 000 сомасындағы дивидендтерді міндеттеме ретінде мойындайды.

20Х2 ж. 15 наурызда компания пайдаға салынатын салықтың 1, 500 мөлшеріндегі өтем сомасын (міндеттеме ретінде мойындалған дивидендтер сомасының 15%) ағымдағы салық активі ретінде және 20Х2 жылғы пайдаға салынған салықты төлеу жөніндегі ағымдағы шығындардың қысқартылуы ретінде мойындайды.

53. Кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері дисконтталуға тиіс емес.

54. Дисконттау негізінде кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелерінің сенімді анықтамасы әрбір уақытша айырмашылықты қайтаруды уақытқа бөлудің егжей-тегжейлі кестесін жасауды қажет етеді. Көптеген жағдайларда ондай кестелер жасау орынсыз немесе өте қиын. Сондықтан кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелерін дисконттауды талап етудің жөні жоқ. Дисконттауға рұқсат ету, бірақ талап етпеу – түрлі компаниялардың есептілігінде салыстыруға келмейтін кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері пайда болатын жағдай туғызуды білдірген болар еді. Сонымен, осы Стандарт кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелерін дисконттауды талап етпейді де, оған рұқсат бермейді де.

55. Уақытша айырмашылықтар активтің немесе міндеттеменің баланстық құны жөнінде анықталады. Бұл практика баланстық құнның өзі дисконтталған негізде анықталатын кездің өзінде, мысалы, зейнетақылық жоспар бойынша міндеттемелер жағдайында қолданылады (қараңыз: 19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық стандарты).

56. Кейінге қалдырылған салық активінің баланстық құны әрбір баланс күніндегі жағдай бойынша тексерілуге тиіс. Компания оны сол кейінге қалдырылған салық активінің бір бөлігінен немесе бүкіл сомасынан түсетін пайданы пайдалануға мүмкіндік беретін салық салынатын жеткілікті пайда алынатынының ықтималдығы ендігі жерде қаншалықты жоқ болса, соншалықты кемітуге тиіс. Мұндай кез келген кеміту жеткілікті салық салынатын пайданың бөлу ықтималдығының дәрежесінде қайтарылуға тиіс.

АҒЫМДАҒЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН САЛЫҚТЫ МОЙЫНДАУ

57. Операциялардың немесе басқа оқиғалардың ағымдағы және кейінге қалдырылған салық салдарларын есепке алу сол операциялардың немесе басқа оқиғалардың есепке алынуына сәйкес келеді. Бұл принцип 58-68С-параграфтармен енгізіледі.

Пайда мен залал туралы есеп

58. Ағымдағы және кейінге қалдырылған салықтар кіріс немесе шығыс ретінде мойындалуға және кезеңдегі таза пайдаға немесе залалға қосылуға тиіс, бұған жатпайтындары:

(а) сол немесе басқа кезеңде меншікті капиталының тікелей шотында мойындалатын операциялар немесе оқиғалар (қараңыз: 61-65-параграфтар); не

(b) кәсіпорындар бірлестіктері (қараңыз: 66-68-параграфтар).

59. Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен салық активтерінің көпшілігі кіріс немесе шығыс бухгалтерлік пайдаға бір кезеңде, ал салық салынатын пайдаға (салық залалы) басқа кезеңде қосылатын кезде пайда болады. Кейінге қалдырылған жиынтық салық пайда мен залал туралы есепте мойындалады. Мұның мысалдары:

(а) пайыздар, роялти немесе дивидендтерден түсетін табыс кешігіп келетін және бухгалтерлік пайдаға 18-«Түсім» IAS Халықаралық стандартына сәйкес уақытқа үйлестіре, ал салық салынатын пайдаға (салық залалы) – кассалық негізде қосылатын; және

(b) материалдық емес активтер сатып алуға жұмсалатын шығындар 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес капиталдандырылатын, олардың амортизациялары пайда мен залал туралы есепте көрсетілетін, бірақ сонымен бірге олар пайда болған сәтте салық салу мақсаттары үшін шегерілетін жағдайлар болып табылады.

60. Кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелерінің баланстық құны, тіпті тиісті уақыт айырмашылығы өзгермесе де, өзгеруі мүмкін. Мұның өзі:

(а) салық ставкасының немесе салық заңнамасының өзгеруі;

(b) кейінге қалдырылған салық активі өтелуінің қайта бағалануы; не

(с) активті өтеудің болжамды әдісінің өзгертілуі нәтижесінде болуы мүмкін.

Пайда болатын кейінге қалдырылған салық, бұрын меншікті капиталының шотына дебеттелетін немесе кредиттелетін баптарға жататын сомалардан басқалары, пайда мен залал туралы есепте мойындалады (63-параграфты қараңыз).



Меншікті капиталының тікелей шотына кредиттелетін немесе дебеттелетін баптар

61. Ағымдағы және кейінге қалдырылған салық, егер салық сол немесе басқа кезеңде меншікті капиталының тікелей шотына кредиттелетін немесе дебеттелетін баптарға жататын болса, меншікті капиталының тікелей шотына дебеттелуге немесе кредиттелуге тиіс.

62. Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары белгілі бір баптарды меншікті капиталы шотының тікелей кредитіне немесе дебетіне жатқызуды талап етеді немесе жатқызуға рұқсат етеді. Мұндай баптардың мысалдары:

(а) негізгі құрал-жабдықтарын қайта бағалау нәтижесінде баланстық құнның өзгеруі (қараңыз: 16-«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандарты);

(b) бөлінбеген пайданың ретроспективті қолданылатын бастапқы сальдосының есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде, не қатені түзеу нәтижесінде түзетілуі (қараңыз: 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандарты);

(с) шетелдік компанияның қаржы есептілігін қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын бағам айырмашылықтары (қараңыз: 21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» IAS Халықаралық стандарты); және

(d) капиталдың құрамдас бөлігі құрамдастырылған қаржы құралында бастапқыда мойындалған кезде пайда болатын сомалар (23-параграфты қараңыз).

63. Меншікті капиталының шотына кредиттелетін немесе дебеттелетін баптарға жататын ағымдағы немесе кейінге қалдырылған салық сомасын анықтау ерекше жағдайларда қиын болуы мүмкін. Бұл, мысалы, мына жағдайларда орын алады:

(а) пайдаға салынатын салықтардың сараланған ставкалары бар және салық салынатын пайданың (салық залалының) айырықша бөлігіне салық салынатын ставканы анықтау мүмкін емес;

(b) салық ставкасының немесе басқа да салық ережелерінің өзгеруі кейінге қалдырылған салық активіне немесе бұрын меншікті капиталының шотына дебеттелген немесе кредиттелген баптарға (түгелдей немесе ішінара) жататын міндеттемеге әсер етеді; немесе

(с) компания кейінге қалдырылған салық активі толық көлемінде мойындалуға немесе ендігі жерде мойындалмауға тиіс екенін және кейінге қалдырылған салық активі бұрын меншікті капиталының шотына дебеттелген немесе кредиттелген бапқа (толық немесе ішінара) жататынын анықтайды.

Мұндай жағдайларда меншікті капиталының шотына дебеттелген немесе кредиттелген баптарға байланысты ағымдағы немесе кейінге қалдырылған салықтар компанияның ағымдағы немесе кейінге қалдырылған салығының салық заңына немесе нақты жағдайларда неғұрлым дұрыс бөлуге мүмкіндік беретін басқа әдіске сәйкес негізді түрде үйлесімді бөлінуіне негізделеді.

64. 16-«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандартында компанияның қайта бағаланған актив амортизациясы мен сол активтің өзіндік құнына негізделген амортизация арасындағы айырмашылыққа тең соманы қайта бағалаудан мүлік құны өсімінің шотынан бөлінбеген пайда шотына жыл сайын аударуға тиіс екені айқын көрсетілмеген. Егер компания сондай аударымды жүзеге асыратын болса, аударылған сомаға оған байланысты ешқандай кейінге қалдырылған салық кірмейді. Жылжымайтын мүлік объектілері, үйлер немесе жабдық шығып қалған кезде жасалатын аударымдарға дәл осындай түсініктер қолданылады.

65. Актив салық салу мақсаттары үшін қайта бағаланатын және сол қайта бағалау ертерек кезеңдегі бухгалтерлік қайта бағалаумен немесе болашақ кезеңдегі болжалды қайта бағалаумен байланысты болған кезде активті қайта бағалаудың, сондай-ақ салық базасына түзету енгізудің салықтық әсері олар жүзеге асырылатын кезеңде меншікті капиталы есебіне кредиттеледі немесе дебеттеледі. Алайда, салық салу мақсаттары үшін қайта бағалау ертерек кезеңдегі бухгалтерлік қайта бағалаумен немесе болашақ кезеңдегі болжалды қайта бағалаумен байланысты болмаса, салық базасына түзету енгізудің салықтық әсері пайда мен залал туралы есепте мойындалады.

65А. Компания өзінің акционерлеріне дивидендтер төлеген кезде оған сол дивидендтердің бір бөлігін акционерлерден ұстап қалынатын салық ретінде төлеу туралы талап қойылуы мүмкін. Көптеген заңдылықтарда бұл сома табыс көзінен алынатын салық деп аталады. Салық ретінде төленген немесе төленуге тиісті бұл сома меншікті капиталының тікелей шотына дивидендтердің бір бөлігі ретінде жатқызылады.

Кәсіпорындарды біріктіру нәтижесінде пайда болған кейінге қалдырылған салық

66. 19 және 26(с)-параграфтарда айтылғандай, уақытша айырмашылықтар сатып алынатын кәсіпорындарды біріктіру кезінде пайда болуы мүмкін. 3-«Кәсіпорын бірлестіктері» IFRS Халықаралық стандартына сәйкес компания пайда болатын кез келген кейінге қалдырылған салық активтерін (олар 24-параграфта белгіленген мойындау өлшемдеріне қаншалықты сай келетін деңгейде) немесе кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін олар сатып алынатын күнгі сәйкестендірілетін активтер мен міндеттемелер ретінде мойындайды. Демек, бұл кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері оң немесе теріс іскерлік беделіне немесе біріктіру құнынан ұйым сатып алатын бірегейлендірілетін активтердің, міндеттемелердің және шарттық міндеттемелердің таза әділ құнындағы сатып алушы-ұйымның үлесінің асу мөлшеріне әсер етеді. Алайда, 15(а)-параграфына сәйкес, ұйым іскерлік беделді алғашқы танумен байланысты туындайтын кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін мойындамайды.

67. Кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде сатып алушы ұйым кәсіпорын біріккенге дейін танылмаған өзінің меншікті танылмаған салық активін өтейді деп пайымдай алады. Мысалы, сатып алушы сатып алынған компанияның болашақ салық салынатын пайдаларына қатысты өзінің пайдаланылмаған салық залалдарына түсетін пайданы іске асыруға қабілетті болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сатып алушы ұйым кейінге қалдырылған салық активін мойындайды, бірақ кәсіпорындарды біріктіру есебіне қоспайды және тиісінше сатып алу кезінде туындайтын оң немесе теріс іскерлік беделін немесе біріктіру құнынан ұйым сатып алатын бірегейлендірілетін активтердің, міндеттемелердің және шарттық міндеттемелердің таза әділ құнындағы сатып алушы-ұйымның үлесінің асу мөлшерін анықтау кезінде есепке қабылдамайды.

68. Егер сатып алынатын ұйымның пайда салығы бойынша салықтық залалдары немесе кейінге қалдырылған салықтық активтерімен байланысты әлуетті пайдалар 3 IFRS-тің кәсіпорындарды біріктіру есебіндегі жекелеген тану критерийлерін қанағаттандырмайтын болса, бірақ кейіннен іске асырылатын болса, онда сатып алушы-ұйым кейінге қалдырылған салық өтемін пайда мен залал туралы есепте тануға тиіс. Сонымен қатар, сатып алушы компания:

(а) іскерлік беделдің баланстық құнын кейінге қалдырылған салық активтері өз кезегінде сатып алу күнінен бастап бірегейлендірілетін актив ретінде мойындалатын мөлшерде кеміту; және

(b) іскерлік беделдің таза баланстық құнының кемуін шығыс ретінде мойындайды.

Алайда бұл рәсім біріктіру құнынан ұйым сатып алатын бірегейлендірілетін активтердің, міндеттемелердің және шарттық міндеттемелердің таза әділ құнындағы сатып алушы-ұйымның үлесінің асу үлесінің асуына да, бұрын танылған осындай асудың танылған сомасының ұлғаюына да алып келмеуге тиіс.

Мысал


Ұйым шегерілетін 300 сомасындағы уақытша айырмашылығы бар еншілес компанияны сатып алды. Сатып алу сәтінде салық ставкасы 30%-ға тең болды. 90 сомасындағы кейінге қалдырылған салық активінің қорытынды мәні сатып алу кезінде пайда болатын 500 мөлшеріндегі іскерлік беделдің мәнін есептеу кезінде сәйкестендірілетін актив ретінде мойындалған жоқ. Сатып алғаннан соң 2 жылдан кейін компания болашақ салық салынбайтын пайда, тегінде, барлық шегерілетін уақытша айырмашылықтардан алынатын пайданы өтеу үшін жеткілікті болады деп бағалады.

Ұйым кейінге қалдырылған салық активін 90 сомасында және пайда мен залалда салық өтеуден кейінге қалдырылған табысты 90 сомасында мойындайды. Ұйым сондай-ақ іскерлік бедел құнын 90-ға азайтады және осы соманың шығыстарын пайдада немесе залалда таниды. Тиісінше іскерлік бедел құны 410-ға дейін, яғни кейінге қалдырылған салық активі 90 сомасында бизнес біріккен күнгі сәйкестендірілетін актив ретінде мойындалғанда ескерілетін мөлшерге дейін кемиді.

Егер салық ставкасы 40%-ға дейін ұлғайған болса, компания кейінге қалдырылған салық активін 120 сомада (40% ставка бойынша 300) және кейінге қалдырылған салық өтемін пайда мен залалда 120 сомада мойындайды. Егер салық ставкасы 20%-ға дейін кеміген болса, компания кейінге қалдырылған салық активін 60 сомада (20% ставка бойынша 300) және және кейінге қалдырылған салық өтемін пайда мен залалда 60 сомада мойындайды. Екі жағдайда да ұйым іскерлік бедел құнын 90-ға кемітеді және осы сомадағы шығыстарды пайдада немесе залалда таниды.

Үлестік құралдардың негізіндегі төлемдердің мәмілесінен шығатын ағымдағы және кейінге қалдырылған салық

68А. Кейбір салықтық заңдылықтарда ұйым салық жеңілдігін алады (яғни салық салынатын пайданы анықтау кезінде белгілі бір соманы шегеру құқығы), ол акциялармен төленетін сыйақыларға, акцияларға арналған опциондарға немесе ұйымның басқа үлестік құралдарына қатысты. Мұндай салық шегерімінің сомасы сыйақы төлеуге арналған тиісті жиынтық шығыстан асып түсуі мүмкін және неғұрлым кеш есептік кезеңде туындайды. Мысалы, кейбір заңдылықтарда ұйым 2-«Үлестік құралдар негізінде төлемдер» IFRS Халықаралық стандартында көзделгендей, олар беретін акциялар опциондарына қарсы талап ретінде жалдамалы қызметкерлердің қызметін тұтыну шығыстары ретінде тани алады және осы опциондар орындалғанға дейін салық жеңілдігін алмайды, бұл ретте салық жеңілдігін есептеу үшін негіз орындау күніндегі компания акцияларының бағасы болып табылады.

68В. Осы Стандарттың 9 және 26(b)-параграфтарында сөз болатын зерттеу шығындары секілді жалдамалы қызметкерлерден ағымдағы күнге алынған қызметтердің салықтық базасы (яғни салық органдары болашақ кезеңдерде шегерімге алуға рұқсат ететін сома) мен нөлдік баланстық құн арасындағы айырма шегерілетін уақытша айырмашалықты береді, ол кейінге қалдырылған салық активін білдіреді. Егер салық органдары болашақ кезеңдерде шегерімге алуға рұқсат ететін сома кезең аяғына дейін белгілі болмаса, оны кезең соңында бар ақпарат негізінде есептеп шығарған жөн. Мысалы, егер салық органдары болашақ кезеңдерде шегерімге алуға рұқсат ететін сомасы қандай да бір күнге ұйым акцияларының бағасына байланысты болса, онда шегерілетін уақытша айырмашылықты есептеу кезінде кезең соңындағы ұйым акцияларының бағасын басшылыққа алу керек.

68С. 68А-параграфында аталып өткендей, салық шегерімінің сомасы (немесе 68В-параграфына сәйкес есептелген болашақ салық шегерімінің) сыйақы төлеуге арналған тиісті жиынтық шығыстан ерекшеленеді. Осы Стандарттың 58-параграфында талап бар, оған сәйкес ағымдағы және кейінге қалдырылған салықтар табыс немесе шығыс ретінде тану және, мұндай салықтар қандай да бір кезеңде тікелей капиталда танылатын (танылған мәмілемен немесе оқиғамен (а) байланысты немесе кәсіпорындардың бірігуімен байланысты болған жағдайларды қоспағанда) кезең үшін пайдаға немесе залалға енгізіледі. Егер салық шегерімінің сомасы (немесе болашақ салық шегерімінің) сыйақы төлеуге арналған жиынтық шығыстар сомасынан асатын болса, бұл аталған салық шегерімінің сыйақы төлеу шығыстары ғана емес, капитал баптарының біріне жататынын көрсетеді. Бұл жағдайда тиісті ағымдағы немесе кейінге қалдырылған салықтың асу сомасы тікелей капиталда танылуға тиіс.

АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ

Салықтық активтері мен салықтық міндеттемелері

69. [жойылған]

70. [жойылған]

Өзара есепке алу

71.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет