Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі



бет4/8
Дата07.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#181975
1   2   3   4   5   6   7   8
    Бұл бет үшін навигация:
  • 2.2.1.9.
2.2.1.7. Қатқа әсер ету жүйесін игеру

 

162. Қатқа әсер ету жүйесі көмірсутектерді жер қойнауынан алудың жобалық құжаттарында ескерілген техникалық құралдар жиынтығы болып табылады.

163. Қатқа әсер етудің техникалық құралдарының кешеніне кіретіндер:



Жұмыс агентінің көздері (су алу көздері және газды ұңғымалар, суланған мұнайды деэмульсациялау қондырғылары, химиялық реагенттерді жеткізушілер және т.б.);

су, газ, өнім құбырлары;

жоғарғы қысымды сораптық және газкомпрессорлық станциялар;

су айдамалау ұңғымалары.

164. Қатқа әсер ету жүйесі мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:



кен орнында, қатта және жеке аумақтарда өндіру ұңғымаларына көмірсутек шикізаттарын қысымдау мақсатында пайдаланатын объектіге қаттың энергиясын қалпына келтіру үшін қажет мөлшерде жұмыс агенттерін құю;

жұмыс агентінің құрамын, физикалық-химиялық қасиетін, механикалық қасиеттерін, оттегін және микрорганизмдерді қажет кондицияға жеткізу;

ұңғымалардың мүмкіндігін жүйелі өлшеу, жеке және топтастырылған ұңғымаларда, қаттарда және игеру объектілерінде, сонымен қоса кен орнында жұмыс агентінің құйылуын есепке алу мүмкіндігі;

жұмыс агентінің сапасы мен қасиетін тұрақты бақылау мүмкіндігі;

әсіресе герметикалық тұрғыдан сенімді жұмыс істеуі.

Қатқа әсер ету жүйесі қуатының технологиялық шығындарды есепке ала отырып, технологиялық блокқа және барлық кен орнына жұмыс агентінің барынша жобалық құйылуын қамтамасыз етуі тиіс.

165. Қатқа әсер ету айдамалау ұңғысына жұмыс агентін сіңіру арқылы жүргізіледі.



Айдамалау ұңғымасының құрылымы (бекіту ұңғымасының диаметрі, болаттың маркасы, цементтің көтерілу биіктігі және басқалар) мыналарға сай болуы керек:

белгіленген көлемде қысым кезінде жұмыс агентін құюға;

қат пен объект қимасының сенімді тұйықталуына;

қаттың ұңғыма түбіне әсер ету шараларын, барлық тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге.

Айдау ұңғымасының құрылымы сүзгіш қат бетінің тұтас қалыңдығы бойында барынша ашық болуын қамтамасыз етуі керек.

166. Айдау ұңғымасының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін іске қосылатын объектінің берілген қалыңдығында ұңғыманы қабылдау ұтымдылығын қамтамасыз етуге байланысты, дәлірек айтқанда, ұңғыма түбіндегі сүзгіштік қасиетін қалпына келтіру арқылы және де керекті айдау қысымын жасау бойынша шаралар кешені орындалады.

167. Ұңғыманың түп маңында бұрғылау кезінде төмендеген сүзгіштік қасиетті қалпына келтіру (тазарту) ұңғыманы құрғату арқылы жүзеге асырылады. Контур сыртындағы және ішіндегі айдау ұңғымаларын құрғату (поршеньдік, шомпольді пайдалану) немесе ортадан тепкіш электр сораптарды пайдалану арқылы жүргізіледі. Контур ішіндегі айдау ұңғымасын құрғату ұңғымаларды жоғарғы өнім алу жүйесіне қосу арқылы да орындалады.

168. Ыңғайлы геологиялық-физикалық жағдайда (қаттың жоғары сүзгіштік қасиеті) және өткізгіштігі жақсы қалпына келтірілгенде айдамалау ұңғымалары құрғатылғаннан соң, топтық сораптық станциялардың өнім құбырлары жүйесі арқылы жұмыс агентіне құюмен толтырылады.

169. Өнім қаттарының геологиялық-физикалық жағдайы қолайсыз болғанда, оны қамтамасыз ету үшін оған қосымша әсер ететін әдістер қолданылады, оның ішінде:

қатты қысымдық мүмкіншілігіне жеткенше төмендетіп (ұңғыманың діңінде деңгейін төмендету), артынан агентті айдау;

ұңғымаларды қайта жуу процесінде сұйықтықты аэрациялау;

агентті мерзімді жоғарғы қысымда ұңғымаға айдап, оны өз еркімен атқылату (гидросвабирлеу әдісі);

қысу сораптарын (цементтеу қондырғыларын) қолдана отырып, агентті қатқа белгіленген жұмыс қысымынан біршама артық қысыммен айдау;

кейін қатты гидравликалық бөлумен гидроқұмды тескілеу;

ұңғыма түбі маңын қышқылдармен және бетті-белсенді ерітінді заттармен өңдеу;

ұңғыма түбі маңын жылумен өңдеу және басқалар.

170. Қатқа ағынды суларды және де басқа да коррозиялы арынды агенттерді айдағанда, өндіру құбырларын (су және газ құбырлары), ұңғыманың бекіту ұстындарын және басқа да пайдалану жабдықтарын коррозиядан сақтау үшін қорғаныс қаттары, коррозия ингибиторы, құбыр маңы кеңістігінің тұйықталуы және басқалары қолданылады.

171. Қатқа айдау үшін дайындалатын бетті-белсенді заттардың сулы ерітінділерімен, қышқылдармен, сілтілермен, полимерлермен және басқа да химиялық реагенттерімен араластырылатын су ерітінділерін дайындау үшін егер бұл игерудің жобалық құжатымен тікелей қарастырылмаған болса, реагенттерді деструкциялап, шөгіндіге түсірмейтін суды пайдалану қажет. Оның үстіне, айдалатын су қат суына химиялық жағынан жақын болып коллекторлардан көмірсутектерін ығыстыруға себепші болуы қажет.

172. Жұмыс агентін айдауға арналған айдау ұңғымасын игеру геологиялық-техникалық қызмет жасаған және жер қойнауын пайдаланушының басшылығы бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі.

173. Жұмысшы агентін айдауды бастау уақыты, бұрғыланған ұңғыманы айдауға қою тізбектілігі, айдаудың көлемін белгілеу кен орнын әзірлеуге арналған жобалау құжаттарында анықталады.

174. Қандай жағдайда да жұмыс агентін айдау, іріктеу аймағындағы қаттық қысымның қанығу қысымынан төмендеуіне жол бермеуімен орындалуы тиіс.

175. Контур сырты мен контур ішіндегі суландыру кезінде жұмыс агентін айдау, әдетте, кен орындарын игерудің бастапқы кезеңінде басталуы тиіс.

176. Контурішілік суландыру кезінде ұңғымаларды бұрғылауды қиындатпау үшін, айдау ұңғымасын толықтыру маңындағы ұңғымалардың көпшілігі бұрғыланып біткеннен кейін басталуы тиіс.

177. Контурішілік суландыру кезінде айдау ұңғымалары қатарлас орналасса, оларды іске қосуды осының бастапқы кезінде айдау ұңғымасы мен мұнай өндіру ұңғымасын кезекпен енгізу қажет. Жұмысын өтеп жатқан ұңғымаларды жоғары дәрежедегі іріктеу кезінде жоғары суландыру деңгейіне жеткен соң айдамалау ұңғымасына айналдыру қажет.

178. Ұңғыма мен қат бойынша жұмыс агентін айдауды мөлшерлеу тоқсанына бір рет жүзеге асырылады және әрбір айдау ұңғымасын пайдаланудың технологиялық режимі ретінде рәсімделеді.



Айдау ұңғымаларының технологиялық жұмыс режимінде мыналар көрсетіледі:

жұмыс агентін айдаудың тәуліктік көлемі;

айдалатын агенттің қасиеттеріне қойылатын негізгі талаптар;

айдау қысымы;

белгіленген айдау агенттің нормаларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.

179. Айдау ұңғымаларының технологиялық жұмыс тәртібі қаттың қысымын бір қалыпта ұстап тұруды қамтамасыз ететін цех пен жер қойнауын пайдаланушы геологиялық-технологиялық қызметпен бірлесе отырып жасалады және оның басшылығымен бекітіледі.



Айдау нормаларын белгілеу кезінде мынадай негізгі ережелерге сүйену керек:

егер жұмыс агентін объектіге айдаған сұйықтықтың орнын толтыру 100% кем болса, айдауға қолданған жабдықтардың өнімділігінен және істеп тұрған айдау ұңғымаларының қабылдау мүмкіндігіне байланысты шығын айдау тапшылығын толтыру (жабу) үшін сұйықтықтың ыңғайлы айдалуын 30-50% асырып ұстанады;

егер де алынған сұйықтықтың орны айдау көлемімен (учаскеде) жетілдірілсе, жұмыс агентін айдау қалпы сұйықтықты алу нормасымен тең болып, сол кезеңдегі уақытта өндіріп тұрған ұңғымалардың дебиттерінің қосылымы болып анықталады, немесе одан бірнеше есе асады, бірақ агенттің шығын мүмкіндігі 10-20% аспауы керек;

кен орнының мөлшері үлкен және қаттың арасының тұтассыздығы мол болғанда, айдау қалпы алдымен сүзгіштік-сыйымдылық қасиеттері жақын учаскелерде орналасқан айдау ұңғымаларының топтарына белгіленеді, содан кейін учаске шегінде орналасқан жеке ұңғымаларға белгіленеді, көп қатты объектілерде айдау қалпы тұтас объектіге және учаскелерде жеке қаттарға бөлініп берілуі тиісті;

көпқабатты объектілерде тұтас объект бойынша және учаскелер үшін айдау нормасы жеке қабаттар арасында бөлінуі тиіс.

180. Ұңғымалар, объектілер және тұтас кен орны бойынша айдалатын су көлемін дұрыс есепке алу жауапкершілігі жер қойнауын пайдаланушының бірінші басшысы немесе ол уәкілеттеген тұлғаға жүктеледі.



 

 

2.1.8. Өндіру және айдамалау ұңғымаларын пайдалану



 

181. Мұнай өндіру ұңғымаларын пайдалану олардың өнімділігімен, суланған дәрежесіне байланысты шапшымалық немесе механикаланған тәсілдермен жүзеге асырылады. Механикаланған тәсілдің құрамына сорғылық және газлифтік тәсілдердің әр түрлі түр өзгерістері кіреді.

182. Шапшымалау тәсілінде, ұңғыманың түбінен шыққан өнім жердің бетіне тек қана қаттық энергия есебінен жүзеге асырылады, бұл тәсіл мұнай кенішін игерудің бастапқы кезеңінде пайдаланылады, құбырлардың табиғи сулануына байланысты өндірілген сұйықтың орташа тығыздылығы артады.

183. Ұңғымалар өз шамасына қарай суланған сайын, орташа тығыздығы ұлғайып, ұңғыма өнімінің құрамындағы бос газдың үлесі азаяды және осылардың жинағы дебиттің азаюына әкеледі, содан кейін қат қысымы алғашқы деңгейде сақталғанда ұңғымалар атқылауын тоқтатады.

184. Пайдалану ұңғымалары дебитінің азаюына байланысты шапшымалау тәсілі экономикалық тиімсіз болғандықтан, олар едәуір пайдалы механикалық тәсілге аударылады.

185. Өндіру ұңғымаларының сипаттамасына, табиғи-климаттық жағдай, пайдалану және жабдықтарды жөндеуді ұйымдастыру жүйесіне байланысты кен орнын игергенде мынадай арнайы сораптар қолданылады:

штангілі терең сорапты қондырғы;

электр ортадан тепкіш сораптар қондырғысы.

186. Ұңғыманы пайдалану қиындаған жағдай (өте қою сұйықтарды сорғанда, өндірілетін өнімдерге шаруашылық қоспалауы көбейгенде, ұңғыманың өте үлкен тереңдігіндегі сұйықтың динамикалық деңгейінің төмендеуі) мынадай арнайы сорап қондырғыларын пайдалану қажет:



электровинттік сорап қондырғыларын;

диафрагменттік сорап қондырғыларын;

гидропоршенді сорап қондырғыларын.

187. Ұңғымаларды сипаттамасына қарай газлифтілік тәсілмен пайдаланғанда, газдың ресурстарының және ұңғыманың жер үстіндегі газ айдайтын жабдықтардың болуына қарай газлифт пайдаланудың мынадай негізгі сызбасы пайдаланылады:



сығымдық газлифт;

сығымсыз газлифт;

ұңғыма ішіндегі газлифт;

үздіксіз газлифт;

кезеңдік газлифт.

Пайдаланудағы нысандардың сұйықтарын алу деңгейі және қарқыны, өндіру ұңғымаларының түбіндегі және сағасындағы қысым, шапшымалардың шектеулі қысымы және топтық ұңғымаларды механикалық өндіруге ауыстыру, сонымен бірге механикалық өндірудің тәсілін таңдау кен орнын игерудің жобадағы құжаттарына негізделеді және геологиялық-техникалық шаралардың жобасына сәйкес мұнай-газ өндіру ұйымдары жүзеге асырады.

189. Ұңғымаларды пайдаланудың барлық тәсілдері сорапты-сығымдық құбырлар арқылы жүзеге асырылуы керек. Бұл құбырлардың өлшемі және ұңғымаларға түсіру тереңдігі, сорылатын сұйықтықтың сипаттамасына, ұңғыманың термобарлық жағдайына, пайдалану тәсіліне тәуелді және бекітілген ұсыныс пен әдісімен анықталады.

190. Ұңғыманы пайдаланудың тәсілдерін ұңғыманың жабдықтарын тереңге түсіру тәсілін және біртұтастық өлшемін таңдау, кен орнын игерудің және ұңғымаларды пайдаланудың нақты жағдайына үйлестіріліп бекітілген басшылық құжаттарымен және әдістермен мұнай газ өндіретін ұйымдар орындауы тиіс.

191. Өндіретін ұңғымаларды пайдалану үшін жабдықтарды таңдағанда мыналар қамтамасыз етілуі қажет:



ұңғыманың сенімді және ақаусыз жұмысы;

ұңғымадан алынатын сұйықтың берілген мөлшері;

жабдықтардың жөндеуаралық жұмыс кезеңіндегі және пайдалы қимылының жоғары коэффициенті;

басқа тәсілдермен салыстырғанда өте аз шығыны;

ұңғыманың жұмыс тәртібі және игерудің процесін реттеу және қадағалауды жүзеге асыру мүмкіндігі.

192. Ұңғымалардың жұмыс тәртібін біркелкі қамтамасыз ету және шапшымалау мезгілін ұзарту, қаттың қуатын аса жақсы пайдалану мақсатымен ұңғымаларды шапшымалық пайдалануда мүмкін болатын ұңғыма ішіндегі жабдықтардың бірі қарастырылады:



құбырдың сыртқы кеңістігін беріктейтін сораптық-сығымдық құбырлар ұстынының астыңғы жағына пакер орнату немесе мұнайдан ажырап шыққан газдың негізгі бөлігін тұтып алып, осы құбырдың ұстынына бағыттайтын арнайы май құйғыш бекіту;

құбырдың сыртқы кеңістігінің беріктілігін және мұнай-газ қоспасы ағынын бөліп тастап, апаттық ахуалдар жағдайында сораптық-сығымдық құбырлар бойынша кескіш-пакер бөлігін орнату;

ұңғымалар жұмысы режимін реттеyді және мұнайдан шығатын газдың (жер бетіне көтерілген кезде) энергиясын неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз ететін ұңғыма түбінің штуцерін орнату;

газлифтілік клапандарға орналастыру үшін бір (немесе бірнеше) ұңғымалық камералар орнату, олар шапшымалы игеру кезінде құбыр сыртындағы кеңістіктен сораптық-сығымдық құбырлар ұстынына газ жіберуді немесе, егер ол шоғырды игеру жобалық құжаттарында қарастырылған болса, шапшылау аяқталғаннан кейін, ұңғымалар жұмысын газлифтілік әдіспен қамтамасыз етеді.

193. Ұңғымаларды жұмыс агенті ретінде табиғи газды қолданып сығымсыз газлифті арқылы өндіруге пайдалануға тек қана пайдаланылмаған газ кәдеге жаратылғанда ғана рұқсат етіледі.



Ол жағдайда ұңғыманың құрылымы газды ұңғымаларға қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс.

194. Ұңғымаларды сораптық пайдалану кезінде, сораптық жабдықтарды, оларға құм, газ, механикалық қосындылар түсуден сақтандыру үшін арнайы қорғау құрылымдарын пайдалану қажет (газ айырғыштар, газды және құмды зәкірлер және басқалар).

195. Өздігінен қызып кететін шоғырларды игеру ұңғымаларын пайдалану кезінде жабдықтар жоғары температураға ыңғайланып, жегішті, тотықтырғышты көміртегі, күкіртсутегі және басқалай құрамдардың қостотықты мөлшері басым болса, ұңғыма жабдықтары соған сай таңдалады.

196. Екі немесе одан да көп объектілерді бір ұңғыма арқылы бірдей уақытта бөліп пайдалану өндірілетін өнімдер жеке-жеке есебін жүргізуді қамтамасыз ететін ұңғымалық және жер беті жабдықтарын қолдану жағдайында және әрбір объектінің кәсіпшіліктік зерттеулерін жүргізгенде ғана рұқсат беріледі.

197. Айдау ұңғымаларының іске қосу тәртібі мерзімдері және пайдаланылуы технологиялық сызбаларда және әзірлеу жобаларында белгіленеді.

198. Мұнайлы шектеменің ішінде орналасқан айдау ұңғымалары әуелі өндіруші ретінде мұнай жинағыштарға қосылатын етіп пайдаланылады.

199. Қат бойынша немесе құбыр сыртындағы кеңістік бойынша апатты газ жарып өткен ұңғымаларды пайдалануға тыйым салынады.

200. Шапшымалық немесе механикаланған тәсілге ауыстырылған ұңғымаларды құбыр арасынан пайдалануға тыйым салынады.

201. Жобалық мәндерден асатын газ факторлы ұңғымаларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

202. Егер жобалау құжаттарында басқасы қарастырылмаса, түпкі қысым мәнінен төмен қысымда ұңғымадан су алуға рұқсат етілмейді.



 

 

2.2.1.9. Ұңғымалар жұмысының технологиялық режимін бекіту және бақылау



 

203. Өндіру және айдау ұңғымаларының саны, пайдалануға енгізу тәртібі және оңтайлы жұмыс режимін әзірлеуге арналған жобалау құжаттарында анықталып, қабылданған әзірлеу көрсеткіштеріне қаттардан мұнай, газ және сұйықтық өндіру деңгейіне, қарқынына және динамикасына байланысты белгіленеді.

204. Қабылданған кен көзін игерудің негізгі көрсеткіштерін еске ала отырып, ұңғымалар мен қаттардың зертханалық, геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулерін талдау негізінде сұйықтықты алудың технологиялық мөлшерлері белгіленеді. Әр өндіруші ұңғымаға және ығыстырушы агенттің қабылдағыштығы, әр ұңғымаға, айдамалау көлемі бұлардың әрқайсысына сәйкес құжат түрінде рәсімделеді.

205. Ұңғыманың пайдалануын бақылау және жасалып жатқан геологиялық-техникалық іс-шараларды есепке алу үшін мынадай алғашқы геологиялық-техникалық құжаттар болуы қажет:

өндіруші және айдаушы ұңғымаларын пайдалану бойынша тәуліктік рапорты;

мұнай өнімінің көлемдерін, өнімнің суланғандығын, геологиялық-техникалық іс-шаралардың орындалуын есептеу журналы;

жерүсті мен жерасты жабдықтарының жөнделгендігін есепке алу журналы.

206. Мұнайды, сұйықтықты және газды алудың бекітілген нормасынан шыға отырып өндіруші ұңғыманың техникалық жұмыс режимін өндіруші ұйымның басшылары қарастырады және бекітеді. Ол кен өндіру объектісінің тұрақты жағдайына байланысты ай сайын не болмаса тоқсанына бір рет белгіленеді. Өндіруші және айдау ұңғымасы жұмысының технологиялық режимінің нысаны және режимін белгілеу кезеңділігі жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

207. Өндіруші ұңғымалардың жұмысының технологиялық режимімен бір уақытта, ұңғымадан және пайдалану объектісінен сұйықтықты алу мөлшерін қамтамасыз етудің геологиялық-техникалық жоспарын жасайды және бекітеді.

208. Пайдаланудың тәсіліне байланысты өндіруші ұңғымалардың жұмыстарының технологиялық режимінде мынадай негізгі өлшемдері көрсетіледі:



сұйықтықтың өнімі, суландырылуы, газ факторы;

ұңғыманың түбіндегі және сағасындағы қысымы немесе ұңғымадағы сұйықтықтың динамикалық деңгейінің жағдайы, штуцер диаметрі, сораптық-сығымдық құбырлардың диаметрімен (шапшымалық ұңғымаға) түсіру тереңдігі;

плунжердің диаметрі, теңселу саны, жүрісінің ұзындығы, сораптың түрмөлшері және түсіру тереңдігі (сораптық пайдалану үшін);

газдың меншіктік шығысы және жұмыс істеу қысымы, іске қосумен жұмыс клапандарының тереңдіктеріндегі қондырғылары (газлифтілік пайдалану үшін);

пакерлердің, газ якорлерінің, ұңғыма түбі штуцерлері және басқалардың түрі мен жіберу тереңдігі.

209. Өндіруші ұңғымалардың жұмысының белгіленген технологиялық режимінің орындалуын бақылауды жер қойнауын пайдаланушы ұйымның геологиялық және өндірістік-техникалық қызметкерлері жүзеге асырады.

210. Дербес өлшеу мен зерттеулер үшін арнайы техникалық құралдармен жабдықталмаған жаңа ұңғымаларды іске қосуға болмайды.

211. Технологиялық процестерде қолданылатын барлық өлшеу-бақылау аспаптары мен құралдары мемлекеттік өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету тізіміне енгізіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімділікпен тексеріліп отыруы тиіс.

212. Ұңғымалардың жұмыс режимі бойынша материалдары сақтауға, талдауға және қорытындылауға жатады. Мұнай өндіру цехы белгіленген технологиялық режимдердің орындалмау себептерін айқындап, ұңғымалардың және игеру жабдықтарының жұмыстарының тиімділігін арттыратын шаралар ұсынылып, осы шаралардың орындалу қорытындысын талдау, бақылауды жүзеге асырады.

213. Жер қойнауын пайдаланушы игеру объектілері, алаңдары, пайдалану тәсілдері бойынша ұңғымалардың жұмыс режимін талдау нәтижелерін жинақтап, оларды жыл сайынғы есеп беру құжаттарында көрсетеді.

214. Жер қойнауын пайдаланушылардың әр айдау ұңғымасы бойынша техникалық құжаттамасы жүргізіледі, бұлардың ішінде барлық пайдалану көрсеткіштері, жүргізілген геологиялық-техникалық шаралар және олардың тиімділігі, ұңғыма сағасының және пайдалану колонналарының беріктігі және сенімділігі тексеріледі.

215. Бекіту құбыры тізбегінің және айдау ұңғымаларында циркуляцияның болмауы қысымды қалпына келтіру қисығын талдаумен, тереңдік шығын өлшегішпен, резистив өлшегішпен, электр термометрмен тексеру, радиоактивті изотоптар, кигізбе құбырларды пакермен престеу арқылы анықталады.

216. Өндіру ұңғымалары мен ұңғыма жабдығының техникалық күйі мынаны қамтамасыз етуі тиіс:

ұңғымаларды белгілі уақытқа бекітілген технологиялық режимдермен пайдалану;

ұңғыма режимінің параметрлерін бақылау (сағасы мен құбырарты кеңістігіндегі қысымды өлшеу, сұйықтық пен газ бойынша ұңғыма дебитін, өнімнің сулануын, газдың қысымы мен үлестік шығынын, сорғының қысымы мен өнімділігін өлшеу, саға сынамаларын алу);

ұңғыма мен ұңғыма жабдығының күйін бақылау, қат сипатының динамикасын анықтау, игеру процесін бақылау және реттеу мақсатымен кәсіпшілік-гидродинамикалық зерттеу жүргізу;

ұңғымаларды пайдалану кезіндегі қиындықтармен күрес және олардың алдын алу;

қаттың ұңғыма маңы мен ұңғыманың түпкі маңына әсер ету жұмыстарын жасау.

217. Ұңғымалар жұмысының технологиялық режимі мен объект процесін бақылауды жүзеге асыру үшін ұңғымалар сағалық және құбырарты қысымын бақылайтын манометрлермен, сағалық сынама алу және саға температурасын өлшеу қондырғыларымен, ұңғымаға түсуге арналған арматуралық алаңдар мен лубрикаторлармен жабдықталуы тиіс (манометр, термометр, дебитомер, сынама алғыш және т.б.), сонымен қатар:



газлифтілік пайдалану әдісінде саға арматураларын қосымша манометрлермен, шығын өлшегіштермен және газдың қысымы мен шығымын реттейтін басқа құралдармен қамтамасыз етеді;

сағадағы штангалы тереңдік сорғы қондырғылары ұңғымаларды динамометрлеу, сұйықтық деңгейін эколотпен өлшеу, газ сынамасын алу үшін орнатылады;

ұңғымаларды электр ортадан тепкіш сорғылармен пайдалану кезінде сағаға олардың жұмысын бақылап, өзгертуге болатын басқару станциясы орнатылады, ал ұңғыма жабдығы сорғыдағы қысым мен температураны өлшейтін арнайы телемеханикалық құрылғы орнатылады;

ұңғымаларды гидропіспекті сорғылармен пайдалану кезінде сағаға жүктеме агрегатының жүріс санын бақылайтын, сұйықтық қысымы мен тазалық деңгейін бақылайтын аспаптар орнатылады;

айдамалау ұңғымаларын ұңғымалық және үстіңгі аспаптармен пайдалануда олардың қабылдағыштығы, айдау қысымы және қаттардың сулануы үнемі бақыланады;

218. Ұңғымаларды өзара қатынасы мен айдалатын агенттің қат бойынша қозғалысын гидротыңдау, геофизикалық әдіс, суға индикаторлар қосу және өндіру ұңғыма өнімінде олардың пайда болуын бақылау әдісімен тексеріледі.

219. Ұңғымалардағы зерттеу жұмыстарының мерзімділігі мен көлемі бекітілген міндетті кәсіпшілік-геофизикалық зерттеу кешеніне сәйкес, игерудің жобалық құжаттарының талаптарын ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушымен бекітіледі.

220. Өндіру ұңғымаларының технологиялық режимі бұзылған жағдайда жоспарланған ұңғыма жұмысының іс жүзіндегі параметрлерінің түрлі сатыларында ауытқуларды тудыратын себептерді анықтау мен жою бойынша шұғыл шаралар қолданылады (ұңғымадағы құм тығындары, ұңғыма түбіне газ не судың құйылуы, парафин, тұз, гидрат, коррозияның түзілуі).

221. Құм көп шығарылатын ұңғымаларда түп маңын бекіту бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Бекіту әдістері (сүзгі орнату, цементтеу, шайырмен өңдеу) нақты жағдайға қарай таңдап алынады.

222. Ұңғымалардың түбінде газ немесе судың тесіп шығуы себептеріне қарай технологиялық режимді өзгерту немесе тиісті оқшаулау жұмыстары арқылы жөнделеді.

223. Басқа қиындықтармен (тұздардың, парафиннің түзілуі, құбыр мен қондырғылардың эрозиялық және коррозиялық тозуы) күресу әдістері мен құралдары олардың тиімділігіне қарай таңдап алынады.

224. Айдау ұңғымаларын пайдалануда қиындықтардың сипаты мен ауырлығы (ұңғыма сыйдырымдылығының төмендеуі, сыйдырымдылық діңінің әртектілігі, кигізбе колонналардың герметикасының бұзылуы) айдау ұңғымаларының жұмыс режимімен де, оның құрылымының айдаланатын агенттің параметрлері мен сипаттамаларымен де анықталады.

225. Қатқа газ айдау кезінде айдау ұңғымаларының құрылымы газ ұңғымаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

226. Қатқа түрлі жылужеткізгіштерді (ыстық су, бу) құйғанда, құбыр-цемент қоршауы жүйесіндегі термикалық қысымды азайту, әсіресе, ұңғыманың қалыпсыз жұмыс режимінде төмендету шаралары қарастырылуы қажет.

227. Ұңғымалардың өнімділігін және сыйымдылығын арттыру, қатқа байланысты гидродинамикалық байланысын жақсарту, олардың игерілуін және пайдалануға берілуін тездету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар ұңғыманың оқпантүп төңірегіндегі аймағы мен қаттың ұңғыма маңы бөлігіне әсер ету әдістері жоспарланып, орындалады (қышқылмен өңдеу, қаттың гидровликалық жарылуы, гидродинамикалық әсер).

228. Нақты әсер ету әдісін таңдауды жер қойнауын пайдаланушы қаттың түпкі аймағы жағдайын, кен мен сұйықтық құрамын зерттеу, сонымен қатар, мердігерлік немесе жөндеу қызметі ұйымдарының ұңғыма мен объектілер бойынша әртүрлі әдістерді жинақтау және зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

229. Ұңғыманы ағымдағы (жерасты) жөндеу кезінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:

ұңғыма құрылғысының тозуына байланысты оны толық немесе жартылай алмастыру (штангінің үзілуі, сорғы плунжерінің сыналуы, өткізгіш сым-электр қозғалтқыш жүйесінде оқшаулау кедергісінің нөлге дейін төмендеуі, сорғы берудің үзілуі және т.б.);

ұңғыма қабырғаларын және оқпантүбін әртүрлі қалдықтардан (құмнан, парафиннен, тұздан, коррозия өнімдерінен) тазалау.

230. Ұңғыманы толық жөндеу кезінде мыналар орындалуы тиіс:



түзету-оқшаулау жұмыстары (қаттың кейбір суланған интервалдарының ауытқуы, цемент сақинасының герметикалық еместігін және кигізу ұстынын жөндеу, қаттың түп аймағындағы нашар цементтелген тау жыныстарын бекіту);

басқа қатқа өту және қаттарды ортақтандыру жұмыстары жүргізіледі;

ұңғымаларды санаттан санатқа қызметі бойынша өткізу;

ұңғыманы іске қосу немесе жөндеу жұмыстары кезінде апат жағдайларын болдырмау (сорғы сығымдау құбырларын, электр орталық құрылғыларды, тереңдік штангалық сорғыларды шығару, ұңғы бойын тазалау және т.б.);

кесіп тастау пакерлерімен, екі қатты қосарлап-бөлек іске қосу, ұңғыманың екінші жиегін шығару жабдықтарымен қамтамасыз етілген ұңғымаларды жөндеу;

қосымша тескілеу жасау және торпедалау;

консервация немесе ұңғыманы жою.

231. Мұнай өндіруді әртараптандыру мақсатында техникалық жағынан жарамды ұңғымаларда қаттың су айрылуын, қаттарды радиальдық ашуды, ағынды болдырмайтын технологияларды, акустикалық оңалтуды, термобарий-химиялық әсерді, электр әсерін, қаттарға толқынды бароциклдық әсерді, химиялық өңдеуді қолдануды, сондай-ақ қаттың өткізгіштігі жоғары учаскесі арқылы өндіруші ұңғымалардың түптік аймағына айдамалаушы ұңғымалардың әрекеті аймағынан судың бұзылуына жол бермеуге бағытталған, қаттардағы жөндеу-оқшаулау жұмыстарын қоса алғанда ұңғымалардың түптік аймағына және қаттың ұңғымалық бөлігіне әсер ету бойынша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.



Ұңғыма түбі аймағына және қаттың ұңғыма маңы бөлігіне әсер ету жұмыстары ұңғыманың күрделі және/немесе ағымдық (жерасты) жөнделуіне жатпайды.

232. Ұңғы сағасы және бойы құрылғылары, жұмыс сұйықтықтарының тығыздығы мұнай-газ шығуын ескертуі қажет.

233. Ұңғыманы жөндеу жұмыстарын бекітілген жоспар бойынша мұнай-газ өндіру өнеркәсібіндегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау талаптарына, сонымен қатар қолданып жатқан құрылғыларды іске қосу ережелері мен нұсқауларына және технологиялық үрдістерді келтіруге сәйкес жүргізу қажет.

234. Жүргізілген жөндеу жұмыстары және оның мазмұны, ұңғыманы және оның құрылғыларын аралық жөндеу кезеңі және жүргізілген жұмыстардың техникалық-экономикалық әсері туралы ақпарат жер қойнауын пайдаланушыда пайдалану объектісінің барлық игеру мерзімі бойында сақталуы қажет.

235. Пайдалану объектілерін игеруді бақылауға алу қабылданған игеру жүйесін бағалау, оны одан әрі жетілдіру бойынша ақпараттар алу мақсатында жүзеге асырылады.

236. Кәсіпшілік зерттеулердің міндетті кешеніне кіретіндер:



тұтас объекті бойынша қатты және ұңғыма түбі қысымдарын және көп қабатты қат объектілерін тереңдік манометрімен және басқа әдістермен өлшеу;

жер бетіндегі ұңғыманың мұнай, газ, сұйық өнімдерін жеке немесе қозғалмалы өлшеуіш қондырғылармен, оған кіретін траппен және сыйымдылығын өлшеуішпен немесе жинау пунктінде, автоматикалық топтық қондырғы «Спутник» көмегімен және тағы басқалармен өлшеу;

жеке қаттардың ұңғыма өнімдерін көп қабатты объектілерде үздіксіз өлшеуді тереңдік аспаптарымен (өнімөлшеуіштерімен) орындау;

пайдалану объектілеріндегі газдың кәсіпшілік факторларын өлшеу;

ұңғыма өнімінің сулануын, сұйықтықтың сынамасын анықтау;

шығарып тастау бағыттарынан алынған айдамалау ұңғымаларының ұңғыма сағасы манометрлерімен және жұмысшы агентті айдау көлемін ұңғымаларда санаушы аспаппен немесе шоғырлық сорап станцияларындағы шығыс есептегіштермен өлшеулер, сонымен қатар көп қабатты объектілердің жеке қаттарының қабылдағыштығын тереңдік шығыс есептегіштерімен немесе басқа тәсілдермен (термограммамен, радиоактивтік изотоп айдаумен және т.б.) өлшеулер;

өндіргіш және айдамалау ұңғымаларды қалыпты және қалыпсыз режимдердегі гидродинамикалық зерттеулер;

ұңғыманың техникалық жағдайын мұнай, газ, суға қанғыштығын анықтаулар және ұңғыманың техникалық күйін кәсіпшіл-геофизикалық зерттеулер;

ұңғыма өнімінің тереңдегі және жер бетіндегі сынамаларын алу және зертханалық зерттеулер;

айдалған судың қалқыма бөлшектері мен тұз құрамының өлшеулері.

237. Аталған жүйелік өлшеулерден басқа, объектінің және айдалатын жұмысшы агентінің температуралық режимін бақылау, таңбаланған заттарды айдаумен қаттардың жұмысын бағалау, қаттардағы парафиннің түсу мүмкіншілігін зерделеу сульфат-редукцияны бақылау, гидроттықтау және т.б. арнайы зерттеулері алға қойылып және жекеленген жоспарлармен жүзеге асырылады.

238. Пайдалану объектілерінің кен көзін игеру жөніндегі бақылау зерттеулері мұнай-газ өндіруші ұйымдарының күшімен немесе олардың тапсырмасымен мамандандырылған ұйымдардың айлық жоспары бойынша орындалады.

239. Пайдалану объектілерінің кен көзін игеру жөніндегі бақылаудың алғашқы мәліметтері жер қойнауын пайдаланушыларда кен орнын барлық пайдалану мерзімінде сақталады.

240. Өлшеу кешенінің ерекшеліктері және олардың кезеңділігі міндетті түрде пайдалану объектілерінің кен көзін игеру, жобалау құжаттарында олардың геология-физикалық және кен көзін игерудің ұсынылған жүйесі ескеріле отырып негізделеді.

241. Кәсіпшіліктік зерттеулердің көлемі мен кезеңділігі кен көзін игерудің әр сатысында, әр пайдалану объектісі бойынша дербес бекітіледі.

242. Пайдалану объектілерінің кен көзін игерудегі бақылау жөніндегі зерттеулер кешені жүйелі және біржолғы өлшемдер жасауды көздейді.

243. Жүйелі зерттеулердің әрбір түрін жүргізудің мынадай мерзімділігін ұстану ұсынылады:



1) қаттық қысымды өлшеулер:

игерудің негізгі кезеңінде (І-II-III игеру сатыларында) - тоқсанында бір рет;

игерудің IV аяқталу сатысында - жарты жылда бір рет орындалады.

Істеп тұрған, өндіруші және айдау ұңғымаларының түп қысымын өлшеу әр тоқсан сайын бір реттен сиретілмей бақыланады.

2) Ұңғымалардың дебитін өлшеулер мынадай мерзімділікпен орындалады:

аз дебиттілер (тәулігіне 5 т. дейін) - 15 күнде бір рет;

орта және көп дебиттілер - 7 күнде бір рет.

Айдау ұңғымаларының қабылдағыштығын өлшеу ай сайын жүргізілуге тиіс.

3) Ұңғымалардың сулануын өлшеу мерзімділігі, олардың сулану жағдайына байланысты жүзеге асырылады:

сусыз ұңғымаларда - ай сайын;

суланып жатқан ұңғымаларда - ай сайын.

244. Газ факторын өлшеу қаттық қысым қанығу қысымынан асқанда жылына бір рет орындалады. Қат қысымы қанығу қысымынан төмендегенде өлшеулер тоқсан сайын немесе ай сайын орындалады.

245. Айтылған өлшеулер кешені әрбір жаңа ұңғыма бойынша бірден, сондай-ақ қандай да бір технологиялық немесе техникалық іс-шаралар жүзеге асырылғанға дейін және одан кейін орындалады (ұңғы түбін өңдеу, сумен жару, оқшаулау жұмыстары және басқалар), ал одан кейін - жоғарыда көрсетілген мерзімділікпен.

246. Гидродинамикалық зерттеулер қысымды (деңгейді) қалпына келтіру әдістерімен және қалыптасқан алулармен әрбір ұңғыма бойынша оны пайдалануға алған соң және одан кейін қажет жағдайларда орындалады.

247. Айдалатын судағы қалқымалы бөлшектерді және мұнай өнімдері және басқа қосындылар мөлшерін өлшеулер күн сайын орындалуға тиіс.

248. Жекелеген (біржолғы) өлшеу бір мерзімде орындалатын зерттеулердің толық кешенін немесе оның қажет бөлігін көздейді және әрбір жаңа бұрғыланған ұңғымада, сондай-ақ қандай да бір технологиялық немесе техникалық іс-шараларды (ұңғы түбі аумағын өңдеу, күрделі жөндеу, жабдықты ауыстыру және т.б.) жүзеге асырылғанға дейін және одан кейін орындалады.

249. Бір жолғыларға мұнайгаз суға қаныққан қаттарды бағалау үшін ұңғымаларда жүргізілетін кәсіпшіліктік-геофизикалық зерттеулер жатады, олар қажет болған жағдайларда орындалады және де олардың көлемі әсіресе ұңғымалар суланғанда көбейе беруі тиіс. Осыған ұңғымалар мен қаттардың өзара қатынасын, шоғырлар қималарын фотоколориметрлік зерделеу жөніндегі гидродинамикалық зерттеулер де жатады және т.б.

250. Игеруді бақылау, сондай-ақ осы мақсаттарда қолданылатын бақылаулық және пьезометриялық ұңғымаларда жүзеге асырылады, олардың саны мен орналастырылуы өнеркәсіптік игеру жобасында белгіленеді.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет