адамдар бар. Тек Юнустың елінде ғана жеке-дара имансыздық
болмаған, олардың барлығы түгелдей иман келтірді. Бұл – Аллаһ
тағаланың кереметі мен рақымшылығының көрінісі.
Юнус жайын ішінде Юнус болса қауымының иманға бет бұрғанын білмеді. Ол
теңізге барып, кемеге мінді. Кемеде адам көп болатын. Аллаһ
тағала:
«Сол уақытта ол (адам) толы кемеге қашқан еді» 1 , – дейді.
Теңізге шыққан соң дауыл соғып, кеме суға бата бастады.
Олар жүктерін суға лақтырып едәуір жеңілдеткенмен, кеме әлі де
болса ауыр еді. Сонда кемедегілер ақылдаса келе: «Адам тастау
керек. Жеребе тартамыз. Кімге шықса, соны суға лақтырамыз.
Кеме жеңілдегенге дейін осылай етеміз», – деп шешті. Сөйтіп,
олар жеребе тартқанда, ол Юнуске түсті. Адамдар оны
лақтырғысы келмей, екінші рет салғанда, жеребе тағы да Юнуске
шықты. Сол кезде шешініп, суға түспекке ыңғайланғанда адамдар
оны тоқтатып, үшінші рет тастады. Жеребе тағы да Юнуске
шықты. Аллаһ тағала: «Жеребе тартқанда, ол жеңіліске ұшырады» 2 , – деп айтқан.
Сонда барып адамдар оны теңізге лақтырды. Сол кезде теңіз
тынышталды. «Сөйтіп, оны кит жұтты. Ол (өз-өзін) айыптауда еді» 3 .
Аллаһ тағала балыққа оның етін жеме, сүйегін сындырма деп
уахи етті. Сонда Юнус өз-өзін айыптай бастады. Ал кісінің өзін
айыпты деп біліп, өз-өзін жазғыруы тәубенің алғашқы сатысына
жатады. Балықтың іші оған ғажап бір абақты іспеттес еді. Юнус
1
«Саффат» сүресі, 140-аят.
2
«Саффат» сүресі, 141-аят.
3
«Саффат» сүресі, 142-аят.
169
балықтың қарнында үш не жеті күн немесе қырық күн қалған деп
айтылады. Ол Раббысына дұға қыла бастады. Аллаһ тағала: