Аллаһ тағала бұл туралы Құранда: «Зуннунды есіңе ал. Сол
уақытта ол ашуланып кетіп қалды да, Біздің ешбір тарлық
қылмауымызды ойлады»
1
, – деген.
Яғни Юнус рұқсатсыз шығып кеткені үшін Аллаһ тағала өзіне
таршылық қылмайды, жазаламайды деп ойлады.
Сөйтіп, ол теңізге келді. Сол уақытта Нәйнауада Аллаһтың
азабының алғашқы белгілері көріне бастаған-ды. Олардың
төбесіне үлкен қара бұлт төніп, шақпақ шыға бастады. Мұны
көрген Нәйнауа халқы, Юнустың айтқанындай, өздеріне
Аллаһтың азабы түсетінін білді. Үрейленген көсемдері бас
қосып: «Расында, алдыңғы елдерге келгендей, бұл апат сендерге
де келеді. Адамдарды жинайық», – деседі. Адамдар жиналғанда:
«Юнус рас айтқан екен. Бұл – сол азап. Сендер одан тек Аллаһқа
иман келтіріп, тәубе еткенде ғана құтыла аласыңдар», – деп кеңес
айтады. Сөйтіп, олардың барлығы иман келтірді. Құрым киімдер
киіп, жылап-жалбарынып, Аллаһ тағаладан кешірім тілей
бастады. Төбелерге шығып жылаулары үшін аналар мен
балалардың арасын ажыратып тастады. Сол арқылы өздеріне
Аллаһтың мейірі түседі деп үміттенді. Олар үш күн бойы осылай
жылап-жалбарынып, Аллаһтан кешірім тілеумен болды. Сол
уақытта барып Аллаһ тағаланың оларға рақымшылығы түсіп,
олардан азапты шеттетті. Аллаһ тағала:
«Юнустың қауымынан басқа, (азаптың келгенін көріп)
иман келтірген әрі имандары пайда берген бірде-бір ел
болмаған.
Иман
келтірген
уақытта
оларды
дүние
тіршілігіндегі қор азаптан айықтырдық та, бір мерзімге дейін
пайдаландырдық»
2
, – деген.
Ибн Кәсир осы аяттың түсіндірмесінде: «Алдыңғы
пайғамбарлардың қиссасында түгелдей иман келтірген бір елді
көрдің бе?» – деп айтқан. Әрбір елде кәпір немесе екіжүзді
1
«Әнбия» сүресі, 87-аят.
2
«Юнус» сүресі, 98-аят.
168
Достарыңызбен бөлісу: |