Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


шектен шыққан суайт біреуді тура жолға салмайды. Ей, елім!



Pdf көрінісі
бет167/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

шектен шыққан суайт біреуді тура жолға салмайды. Ей, елім! 
Бүгін патшалық сендердікі. Бұл жерде (Аллаһтан өзгеге) 
үстемсіңдер. Ал егер Аллаһтың апаты келсе, одан бізді кім 
қорғайды?» – деді. Перғауын: «Мен сендерге өз ойымды ғана 
білдіремін. Сондай-ақ сендерді тура жолға бастаймын», – деді. 
Иман келтірген кісі: «Ей, елім! Расында, мен сендерге 
(бұрынғы өткен) топтардың күні сияқты күн (келуі)нен 
қорқамын. Нұх елінің, ад, самуд және олардан кейінгілердің 
ғұрпы сияқты. Аллаһ құлдарына зұлымдық қаламайды. Ей, 
елім! Расында, мен сендерге келер жанұшыру күнінен 
қорқамын. Сол күні арттарыңа бұрылып қашасыңдар. 
Сендерді Аллаһтан қорғаушы болмайды. Аллаһ кімді 
адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ», – деп перғауын мен 
елін ақиқатқа шақырып, Аллаһқа ғибадат етуді, Оның 
пайғамбарларына қарсы келмеуді ескертеді. Бірақ мүлдем шектен 
шыққан «Перғауын: «Ей, Һаман! Маған бір мұнара жаса. 
1
«Ғафыр» сүресі, 26-аят. 


195
 
 
Бәлкім, жолдарға жетермін. Көктердің жолдарына жетіп
Мұсаның тәңірін байқайын. Расында, мен оны өтірікші деп 
ойлаймын», – деді. Осылайша, перғауынға жаман істері 
көркем көрсетіліп, жолдан тосылды. Перғауынның тәсілі тек 
зая болар». Үгітін одан әрі жалғастырған «иман келтірген кісі: 
«Ей, елім! Маған ілесіңдер. Сендерді тура жолға бастаймын. 
Ей, елім! Шын мәнінде, бұл дүние тіршілігі уақытша 
пайдалану ғана. Сөзсіз, Ақырет, ол – тұрақты мекен. Әлдекім 
бір жамандық істесе, соның өзіндей ғана жаза көреді. Ал енді 
қайсыбір ер-әйел мүмін күйде ізгі амал істесе, міне, солар 
жаннатқа кіреді. Сондай-ақ олар онда есепсіз ризыққа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет