198
келсе: «Бұл бізге тиесілі», – деп, ал бір жамандық жетсе, Мұса
және онымен бірге болған кісілерді ырымдайды. Олардың
сәтсіздіктері Аллаһ тарабынан емес пе?»
1
– деп сипаттайды.
Осыдан кейін барып Аллаһтың
мұғжизалары бой көрсете
бастады.
«Оларға ашық мұғжизалар түрінде; топан су,
шегіртке, бит, бақа және қан жібердік»
2
.
Перғауын тәубеге келу үшін Аллаһ тағала тоғыз түрлі мұғжиза
жіберген-ді:
– Асатаяқтың жыланға айналуы;
– Қолдың қойыннан шыққанда аппақ болып жарқырауы;
– Құрғақшылық жылдар;
– Жеміс ағаштарының өнім бермеуі;
Бұл мұғжизаларға, жоғарыдағы «Ағраф» сүресінің 133-
аятында айтылған бес зұлматты – топан су, шегіртке, бит, бақа
және қанды қосқанда барлығы тоғыз болады.
Бірінен соң бірі келген осы соңғы бес мұғжизаның алғашқысы
– топан су. Ніл өзені арнасынан тасып, мысырлықтардың үйін су
алып, сел басады. Ең кереметі селден келген ағын су
исраилдіктердің үйіне, ауласына кірмейді. Мысырлықтар бұл
құбылысқа қатты таңырқайды.
Екіншісі: шегіртке. Мысырлықтардың егіс алқаптарын
шегіртке басып, құртып жібереді. Әйтсе де исраилдіктерге
шегірткелер ешбір зиянын тигізбейді.
Үшіншісі: бит.
Мысырлықтарды бит басып, жаппай
қолайсыздыққа ұшырады. Тіпті бастарында, төсек орындарында
бит өріп жүретін халге жетті. Бірақ мұндай зұлматтан
исраилдіктер дін аман болды.
Төртіншісі: құрбақа. Мысырлықтардың үйін, ауласын,
тіпті
ыдыс-аяқтарына дейін құрбақа басып кетті. Ал Исраил
ұрпақтарын тағы да Аллаһ тағала бұл пәледен аман сақтады.
1
«Ағраф» сүресі, 131-аят.
2
«Ағраф» сүресі, 133-аят.